Біздің қоғамда мұсылмандар мен басқа азаматтар арасында салқындықтың бары өкінішті.

Көпшілік мұсылмандарды дұғаларын кібірлеуден шаршамайтын тұйық адамдар деп қабылдайды. Әдетте олар ұзын сақалды, шолақ балақты болады немесе қара паранджа киіп жүреді.

Мұсылмандардың бұл бейнесі олардың айналадағылармен қарым-қатынасын қиындатады. Бұл жағдай қоғамдағы төзімділікке де кері әсер етеді.

Мен, атеист болсам да, дінге қатысты көзқарастары әр түрлі адамдар арасында сыйластықтың болғанын қалаймын. Мұсылмандар, христиандар, буддисттер және атеисттер тату болғанын армандаймын.

Бұл жағдайды қалай өзгертуге болады?

Мысалы, мен айналадағылардың пікірін түсіндіру арқылы өзгертуге тырысамын.

Басқа жолды таңдайтындар да бар. Олар өздері әрекетке көшіп, қоғамда қалыптасқан мұсылмандар бейнесін, әсіресе мұсылман әйелдердің бейнесін түбегейлі өзгертуге бел буған.

Бірде олар мына сұрақтарға жауап іздей бастапты: «Неге мұсылман әйелдері төмен қарап жүру керек? Неге олар көңілді, жадырап жүрмейді? Неге олар ардайым сүреңсіз хиджаб немесе қара паранджа киіп жүру керек? Неге олар дін талабын сақтай отырып, әдемі, жарқын, нәзік киімдер кимейді?».

Осылай олар мұсылман әйелдерге арналған заманауи, түстері ашық, ыңғайлы киім туралы ойлана бастайды.

Енді көшеде заманауи мұсылман киімін киген қыз-келіншектерді кездестіруге болады.

Әдемі киінген мұсылман әйелдері қоғамның өздеріне және Исламға деген көзқарасын өзгертеді деп үміттенем.

Ислам – сүреңсіз дін емес!

Comments: 0