Біздің елімізде аттардың жазылуымен өте қызық жағдай қалыптасты. Біздің отандастырымыздың едәуір бөлігі бұрмаланған қазақ аттарына ие болғандарын барлығымыз да білеміз. Бұл біздің қоғамымызда орыс тілінің басымдылық жылдары қалыптасқан. Орысша сөйлеуші шенеуніктер заңды құжаттарға естігендерін жазған. Сондықтан қазір бізде Бауржандар мен Бауыржандар, Жулдыз бен Жулдуздар, Еркиндер мен Еркендер, тіпті Еркындер де бар.
Ең реніштісі, қазіргі тәуелсіз Қазақстанда бұл қателер жойылмайды, қайталанады да қалыптасады. Яғни, бұрмаланған қазақ аттарын нәрестеге береді немесе оларды құжатқа қазір де жазады. Бұны Кеңес Одағының орысша сөйлейтін азаматтары емес, біздің отандастарымыз – қазақтар жасайды ғой. Бұдан басқа, істің осы жағдай шетелдіктердің күлкісін келтіреді және түсінбестік туындырады (олар Ресейде Игорь мен Игарь немесе Николай мен Никалай және т.б., ал Ұлыбританияда – John мен Jon, Michael мен Maikl және т.б. деген атты адамдар кездесуін ойларына да түсіре алмайды) және бұл біздің еліміздің беделін түсірмей ғана емес, күнделікті өмірде қарапайым былықпайшылыққа апарады. Өмір жолында әртүрлі құжаттарында аттары әртүрлі жазылған адамдар зейнетақыларын алуда қиыншылықтарға тап болған бірнеше жағдайлары туралы маған мәлім. Бұдан басқа, Қазақстан азаматтарының аттарының әртүрлі ведомстволардың қызметкерлерімен ағылшын тілінде біркелкі емес жазылуы осы азаматтарды шекараны кесіп өткенде және шетел ведомстволарына жүгінгенде қынжыларлық салдарға жеткізуі мүмкін.
Осы жағдайдың шешілуін мен келесіде көремін. Баланың тууылу кезінде АХАЖ органдарында және әділет органдарында жеке куәлік пен төлқұжат берілгенде азаматтардың аттарының жазылуын реттейтін ережелерді қабылдау қажет.
Бұл ережелер келесені бекіту қажет:
· азаматтың тегі, аты, әкесінің аты үш тілде жазылу қажет: қазақ, орыс, ағылшын;
· жазылудың төлнұсқасы ретінде қазақтар үшін қазақ тіліндегі жазылу алынады және басқа тілдер – өзге ұлттардың өкілдері үшін;
· азаматтың тегін, атын және әкесінің атын түпнұсқалық тілде емес жазғанда түпнұсқа тілде естілуіне максималды жақын транскрипцияда жазылады.
Мысалы, Серік Піскенов деген ат ресми құжаттарда осылай ресімделу қажет: қазақ тілде – Серік Піскенов, орыс тілде – Серык Пыскенов, ағылшын тілде – Seryk Pyskenov.
Мәтіннің басқаша оқылмауын болдырмау үшін Әділет министрлігі Мемлекеттік терминологиялық комиссясымен бірлесіп аттардың бірыңғай компьютерлік базасын құрастыру қажет. Жаңа тектердің, аттардың және әкесінің аттарының пайда болу жағдайында (қазақтарда бұндай сирек болады) Мемлекеттік терминологиялық комиссия сөздердің әрқайсысын үш тілде қалай дұрыс жазуды шешеді. Мұнан былай әділет басқармаларының қатардағы қызметкерлері дайын аттарды тек қана дерекқорлардан алады және де өздері аттарды басқаша жазу өкілеттіктері болмайды. Егер де нәрестенің ата-анасы әлдеқандай қазақ атының өздері таңдаған, өзіндік жазылуын орындатпай қоймаса (осындай ақылдысымақтар сөзсіз табылады), оларға бұндай құқықты беру қажет (дегенмен біздің еліміз ерікті ғой). Тек ата-ана баланың атының дұрыс жазылмағандығынан оның өмірде шеккен азаптары үшін барлық жауапкершілікті өздеріне алулары қажет.
COMMENTS