Все статьи с тегом "#мемлекет"

Ресей империясының ыдырауы.

Пионер кезімде пропаганда Американы Кеңес Одағын құлатқысы келеді деп айыптайтын. Сэм ағай бауырлас республикалардың бөлек-бөлек кетіп, өзара бәсекелесіп, тіпті жауласқанын армандайды деп сендіретін. Осылай АҚШ басты бәсекелесі КСРО-дан құтылады деген ой болды.

40 жылдан кейін Ресейдің құлағанын Америкадан бетер армандайтынымды кім білген.

Иә, мен Ресей Федерациясының ыдырап, өз үкіметі, бюджеті, әскері бар ондаған тәуелсіз мемлекет пайда болғанын қалаймын.

Бәр әлемге …

Read more
Comments: 0

Әйгілілемеу туралы келісім

Лақаптарды әйгілілемеу үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізіп, мемлекет халықпен қоғамдық келісім жасады. Қазақстанда жалған хабарды тарату үшін қылмыстық жауапкершілік қабылдағанда, мен осы жаңалыққа байсалдықпен қарадым.

Банктің банкротқа ұшырауы туралы лақап ондағы депозиттердің жылыстауын және шұғыл банкротқа ұшырауын туғызатынын өте жақсы түсінемін.  Немесе, Алматыда болатын жер сілкінісі туралы лақап әуежайлар мен вокзалдарда дүрбелең мен кептелу шығаруы мүмкін делік.

Сол сияқты барлық жағдайларда …

Read more
Comments: 0

Полиция қызметкерлерінің түсірілімі.

          Сеулда мемлекет президенті Пак Кын Хе ханымның импичментіне байланысты орын алған жаппай тәртіпсіздіктің еріксіз куәгері болдым.

          Бір маңызды затты байқадым. Шерушілердің полиция қызметкерлерімен ұрыс-керісі кезінде полицейлік киім киген көптеген адамдар әр жанжалды, әр қақтығысты камераға түсіріп отырды. Осыны көру мен үшін үйреншікті емес болды. Негізі біздің полиция қызметкерлеріміз камералардан, жалпы …

Read more
Comments: 0

«Патшалар» және «көсемдер»

       Диктаторлардың екі түрі болады.

       Бірінші – бұл «патшалар» немесе «хандар».

       Олар билікте ұзақ отырып, барынша пайдаға кенеліп қалуға тырысады. Олар елдегі ең бай адамдар атанып, ағайын-туысы мен таныс-тамырлары «Forbes» тізімінен ойып тұрып орын алады. Ең қымбат яхталар, ұшақтар мен қайықтар да олардың меншігінде болады.

       Жиған байлығы өзімен қоса …

Read more
Comments: 0

Таза салықтар

          Таяуда бір кәсіпкермен әңгімелесіп, біраз қызық дүние естідім.

           – Мен мемлекетке барлық салықтардыы төлеуге дайынмын. Біздің салықтар соншалықты жоғары да емес. Бірақ бір шартым бар: салықтарды барлығы төлеу қажет. Мен бұны еліме қатты жаным ашығандықтан емес, қара басымның қамымен айтып отырмын. Мен салықты толық төлеп, ал менің бәсекелестерім төлмесе, осы …

Read more
Comments: 0

Әкімдердің қол жетімсіздігі.

     Бірнеше жыл бұрын мен бір облыстың әкімімен кездесуге бардым. 

     Міне былай, оған барар жолда мен төрт (!) тосқауылды санап шықтым.

     Бірінші тосқауыл мені әкімдіктің ғимаратының кіре берісінде тосып тұрды (айтпақшы, адамдар әкімдікке бүйір жақтағы есіктен кіреді; орталық кіре беріс жабық тұр және тек қана үлкен қонақтарды қарсы алу үшін ашылады). Бұл сол бүйір кіре …

Read more
Comments: 0

Техникалық даму немесе жұмыс орындары ма?

     Бір жолы Үкіметтің қабырғаларында мәжілістердің бірінде өте қызықты пікірталас болды. Салалық министрліктердің біреуі өзінің мақсаттық көрсеткіштеріне жету үшін жаңа технологияларды енгізу жоспары туралы баяндады – еңбек өнімділігін 2 есе арттыру, яғни өнімнің дәл сол көлемі адамдарың екі есе аз санымен өндіріледі.  

     Басқа министрлік, жұмыспен қамтуға жауапты, бұнымен келіспеді, өзінің көрсеткіштеріне – жұмыссыздықты төмендету –  қайшы …

Read more
Comments: 0

Тарихтың өмірлік сабағы.

     Қазақстанда 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін мен 30-і жылдардағы аштық құрбандарын еске алу күні.

     Жазықсыз қаза тапқан және зардап шеккен біздің отандастарымның алдында басымды иемін.

     Осы күн біздің тарихымызға мүлдем басқаша көзқараспен қарау үшін өте маңызды.  

     Сол оқиғалардың негізгі тағлымы деп қоғамға деген тоталитаризмнің зиянды ықпалы деп санаймын.

     Жаппай «мақұлдаймыз-ау» мен …

Read more
Comments: 0

Қазақстанның ұлттық және тілдік моделі.

       Менің пайымдауымдағы Қазақстанның ұлттық және тілдік моделі.

       Қазақстан көпұлтты мемлекет болып қала береді. Ұлты мен нәсіліне қатысты ешкімге қысым көрсетілмейді. Дүние есігін ашарда ұлтын ешкім таңдай алмайды, сондықтан адамның ұлты ешқандай артықшылық та, кемшілік те емес.

       Қазақстанда барлық этностар мойындалып, құрметке ие болады. Диаспоралардың ұлттық-мәдени орталықтары болады, олар этникалық ерекшеліктерін сақтап қала алады, бірақ мемлекет құраушы ұлт …

Read more
Comments: 0

Игі саяси күш.

       Көшбасшылары өз оппоненттерін саяси сахнадан құртуға ұмтылмайтын, хабар тарату құралдарын жабуға тырыспайтын, сынды қабылдай алатын, қарсыластарымен келісімге бара алатын, әріптестікке дайын, «террористтер», «популисттер», «бейшара саясаткерсымақтар», «жалған оппозиция», «бесінші колонна», «шетелдік агенттер», немесе «Ақорданың агенттері» деген ұрандардан аулақ саяси күшке сенім білдіріп, қолдауға дайынмын.                              …

Read more
Comments: 0