Біздің кеңестік білім беру жүйесінің американдықтан айырмашылығы баршаға белгілі. Біздің оқушыларымыз бен студенттеріміз бәрі туралы көп білім алған, сондықтан бүкіл әлемге өздерінің жалпы білімдерлігімен және көп оқығандықтарымен әйгілі болған. Кеңестіктің орташа студенті Байронның ерте өлеңдерін де және тангенс пен котангенстерде де, етістіктен жасалған зат есімдер мен салыстырмалылық теориясында да хабары болған. Біркелкі орташа. Немесе үстірт деп айтуға да болады. Бірақ барлығында.
Ал американдық оқушылар болса бүкіл елге картада көршілес Мексиканы, Хорватияны айтпағанда, көрсете алмайтындарымен әйгілі болған. Олардың орташа білімдері біздікінен әлдеқанша төмен болатын (қандай жағдайда болса да, мен, бұрыңғы кеңестік азаматы ретінде, әлі күнге дейін осыған сенімдімін), бірақ … американдық білім беру баланы жас кезінен бастап білімнің бір саласына және оның болашақ қызметіне батырған және оны осы саланың жақсы маманды жасаған. Әрине, сондықтан студент білімдердің басқа салаларындағы көп қызықты, бірақ пайдасызды, танып білу мүмкіндіктен айрылып қалатын.
Міне осылайша біздердің білім беру жүйелеріміз екеуі қақтығысып қалды: «бәрі туралы аздап қана» деген жүйе «біреу, бірақ өте терең» дегенге қарсы.
Жан-жағынан алып қарағанда, біздің жүйеміз жеңіліп қалған сияқты. Қызмет салалардың көбінде ең жақсы мамандар бізде емес, сонда өсіп тәрбиеленген. Ғылыми жаңалықтарды біздер емес, олар көбірек жасады. Өндіріс пен экономика бізде емес, оларда тез дамыған. Ал бізде ше… осы тақырыпқа бір анекдот жарыққа келіп қалды: «Мектепте тригонометрияны беске білдім. Мен жуырда 40 жасқа келемін. Әлі күнге дейін синус пен косинустардың айырмашылығын білгенім қашан керек болатынын тосып жүрмін».
Бұны мен не үшін айтып отырмын?
Соңғы кездері менің айналамда, Қазақстанда өмір сүріп, өздерінің балаларына дамытудың американдық жүйесін пайдаланған бірнеше жанұялар пайда болды.
Бір жанұяда баласы өзінің өмірін шахмат ойынына арнауды және бірінші қазақ – әлем чемпионы болуын шешкен. Сондықтан ол басқа білімді құрбан етіп, мектепте оқуға мүлде уақыт бөлмей, әрең-әрең оқып жүр (тек шығарып тастамаса болды), тәңертеңнен кешке дейін те қана шахматпен шұғылданады.
Кәдімгі кеңестік ата-аналар қалай істеуші еді?
Дұрыс. Ұлын белдікпен сабап тастаушы еді, ол өзі-ақ мектепке жүгіріп кететін еді. Соншалықты ақылы болғандықтан ол үздік оқушы болатын еді. Барлық пәндер бойынша, сурет пен ән-күйді қосқанда.
Ал менің таныстарым, әзер мектепті бітірген Энштейн, сабақты сүйікті ісі үшін тастап кеткен Марк Цукерберг пен Билл Гейтс туралы оқиғаларды оқып алып, өздерінің баласына жағдай жасауды шешті. Олар оны сабақ оқуға, оны өмірдегі ең басты мақсатынан алаң ететінге ресурстарды жұмсауға мәжбүрлемейді. Осылайша үнемделген уақыт пен күштерін ұлы толық шахматқа жұмсайды.
Таныстарыма балының айтқанымен жүруге болмайды, кішкентай баланың ойында не бар екенін кім біліпті деген сөздер айтылды. Бүгін – шахмат, ертең – ғарышкерлік, бүрсігүні – тоқу.
Оған менің таныстарым ұлының құмарлығын бірнеше жыл бойы бақылап, ол жай ғана уақытша емес екеніне сенді. Менің танысым тағы бір дәлел келтірді. Бала кезінен инженер болуды және ұшатын аппараттарды құрастыруды армандағаны туралы, бірақ ата-анасының талабы бойынша беделді заң факультетіне түскені туралы және қазіргі уақытта заңғер болып жұмыс істейтіні туралы айтып берді. Бұл мамандық оған ұнамаған, осы күнге дейін де ұнамай келеді. Өзін ата-анасы махаббатсыз үйлендіріп жіберген жігіт сияқты сезінеді. Енді жұмысқа барғанда азапқа барғандай сезінеді. Ал демалыс күндері ұшақтардың модельдерын құрастырып жүр екен. Сондықтан ұнамсыз іспен шұғылғандықтан өзінің өмірі онша болмағаннан кейін, тым болмаса ұлым өзінің арманына жетсін деп айтады.
Тағы бір менің таныстарым өздерінің қызын тенниспен жанкештілік шұғылданғанын құптады. Бүкіл жанұя болып басқа елге көшуге де барды, ол жақта теннис мектептері ең жақсы болғандықтан, олардың қызы әйгілі бапкерлерден оқып үйреніп шыққаны үшін.
Үшінші менің таныстарым өздерінің ұлының аспазшылыққа құмарлығына басында сенімсіздікпен қараған болатын. Аусарлық, деп ойлады, ол өтіп кетер. Бірақ бұл құмарлығы бірнеше жылдан кейін де кетпеген. Онда оны өзгертуге тырыспай, керісінше, пікірлестер болып кетті. Аспазшылдық бойынша кітаптар сатып алып береді, әйгілі адамдарға мастер-класстарына апарып тұрады, үйлерінің асханасын толық оның талабы бойынша жаңадан жабдықтаған. Жалпы алғанда, кедергі жасамайды, тек қана көмектесіп жүреді.
Сонда бұл жеке жағдайлар емес, беталыс болғаны ма?
Бұл жақсы ма, жаман ба екенін нақты сендіре алмаймын. Өйткені өзім де әлі білмей тұрмын. Тағы да, орта мектептердің мұғалімдері мені қастандықта кінәлайтын шығар. Меніңше, егер Эйнштейнді, сол кездегі оқушылардың бәрін оқытқандай, Қайта өркендеу дәуірінің прозасын жаттауға мәжбүрлесе немесе атпен жүруді үйретсе, әлемдегі барлық маңыздының салыстырмалылығы туралы ойлауға уақыты тіпті жетпейтін еді. Ал Билл Гейтс, оқуын тастап кетпесе, жап-жақсы заңгер болушы еді. Кәдімгі әжептәуір, мықты заңгер. Бірақ данышпан емес және де планетаның ең алпаут адамы емес еді.
Сонымен не дұрыс болады: мықты сенімді заңгерлерді ме немесе данышпандары тәрбиелеп өсіру ме?
COMMENTS