Балалық кезімде мен әр жазды әжемде ауылда өткіздім. Ол жалғыз тұрды (атам соғыста қайтыс болған), ал мен оған көмектескен болған сияқтымын.
Бір уақиға есте қалды.
Бір жолы түнде әжем арбаны жекті де біз егістіктің бір жеріне бардық. «Шөпке», – деп ол маған түсіндірді. Біз егістіктегі үп-үлкен маяларға жеттік, араларды алдық және жапырыла өзімізге биіктігі бір қабатты үй сыйяқты үп-үлкен үймені жинап алдық. Ептеп-септеп оның үстіне отырдық та, үйге қайттық. Жолдан көршілерді кездестірдік. Олар алдымыздан шықты, ең дұрысы, шөптің дәл сол маясына бара жатқан болар. Әжем олармен шаттанып амандасты, біз онан соң үй жаққа кеттік.
Тек анағұрлым кешірек түн ішінде егістікке біз неге барғанымызды мен түсіндім. Біз ұжымшар шөбін ұрладық. Және бұл дағды бойынша болды. Ұжымшардан ұрлау қалыпты болып саналды. Ұрлық кезінде көршілер ұжымшар маяларының қасында кездесіп, күліп-ойнап, бір-біріне көмектескен. Негізінде қылмыс болып табылатын істі олар күндіз осы шөпті жинау бойынша қалыпты жұмыс сияқты жапырыла және іскерше атқарды. Олардың біреуінде ортақ мүлікке жақтасу деген ой пайда болмады. Барлығы ұрлады.
Ал содан кейін ұжымшарлар, барлық Кеңес Одағы сияқты, күйреді.
Қызық, неліктен екен?
Шынымен, американдықтар тырысты ма?
Немесе, мүмкін, барлығы сол бір мая шөптен бастлған болар? Оны бүкіл елдегі миллиондаған маяларға көбейтсек? Және тек қана шөпті емес есептесек? Ал ең маңыздысы, егер менің әжемнің (аса мейірімді жан) «ұжымшарлық, яғни ешкімдікі емес» деп санаған дүние тануын Кеңес Одағындағы барлық ұжымшар мүшелерінің санына көбейтсек, кез келген мемлекетті іштен шайқалтып, құлдыратып жіберетін күш пайда болады. Мұндай жағдайда дұшпандар да қажет емес.
Ал біз кей кезде, кеңседен қағаз ұрлағанда, қызметтік телефоннан туыстарымызға басқа қалаға қоңырау соққанда, қызметтік көліктен бензинді құйып алғанда және т.б., сол ұжымшарлардың мүшелеріне ұқсап кетпейміз бе?
COMMENTS