– Тыңдашы, осы Қырым, Ресей және де Украина туралы жаңадан қайталап неге жаза беретініңді түсіндірші. Не, бізде өзіміздің мәселелеріміз жоқ па? Бұл тақырыптың жарасын ашуға не керек?
– Білесің бе, мен мұны өзімнің азаматтық борышым деп бұрмалаусыз санаймын.
– Азаматтық борышың? Сен осылайша біздің Отанымызды қорғап жүрсің бе?
– Иә. Әрине. Шыныменен түсініксіз бе?
– Түсініксіз. Қазақстанның не қатысы бар?
– Тыңдашы, бұл оп-оңай ғой. Егер қазір барлық әлемдік қоғамдастық Ресейдің іс-әрекеттеріне өзінің ынтымақты мінеушілігін білдірмесе, ертең оның Қазақстанға және де басқа республикаларға осылайша жасауына кедергілергі көріп тұрған емеспін.
– Саған және сен сияқтыларға қанша түсіндіруге болады? Қазақстанмен бұлай болар емес.
– Неге?
– Өйткені Қырымның Ресейге қосылуының басты себебі – орыс адамдарды украиндық фашисттерден қорғау болды.
– Ал, жарайды. Мақсаты игілікті. Ал енді айтшы, өтінемін, қайда және де қашан орыс азаматтары украиндық фашисттерден қыспақ көріпті?
– Қанша керек болса ғой! Соғыстың ардагерлерінен Жеңіс күні ордендері мен георгий ленталарын жұлып алғаннан бастайық. Бендеровшылар Киевтің орталық көшелерінде сап түзіп жүрді.
– Дәл осының бәрін сен Украинада орыстарды қыспақтау, аумақтарды тартып алу үшін жасалған салдар деп атайсың ба? Немесе сенде басқа да деректер бар ма? Әйтпесе, мен оларды іздеп барлық интернетті қопарып, ештеңе таппадым, білсең.
– Бұл тек бастау болды ғой. Жаңа билік Ресейге қарсы ниеттелген болды және де орыстарға қысым көрсете бастайды дегенге бейімделді ғой.
– Яғни, бұл сенің болжамың ғой?
– Неліктен екен? Нақты іс-әрекеттер де бар. Киев орыс тілінен мемлекеттік тіл мәртебесін жойып тастағаны есіңде болар.
– Демек, орыс емес елде орыс тілінің мемлекеттік тілдің мәртебесін алып тастады сен осы елдегі орыстарға қысым көрсету деп санағаның ба?
– Әрине.
– Қазақстанда, халықтың 20 % орыстар болса да, орыс тілінде баяғыдан мемлекеттік тіл мәртебесі жоғын білесің бе? Латвияда халықтың 26 % – орыстар, ал орыс тілінде сөйлетіндер – 34 %, бірақ орыс тілі мемлекеттік тіл емес. Грузияда, Арменияда, Қырғызстанда, Молдовада және де басқа одақтық болған республикаларда орыс тілі мемлекеттік емес. Ода не бар? Бұл елдер Ресейдің жаулары ма? Осы елдерге, орыстарға қысым көрсеткендерге сияқты, Ресей шабуыл жасау керек пе? Канадада орыс диаспорасы жарты миллионнан артық адамнан тұратынын білесің бе? Канадада да орыс тілі мелекеттік тіл мәртебесіне ие емес. Онда не? Ресей Канадаға шабуыл жасауы мүмкін бе?
– Сен атап шыққан елдерде адамдардың бір тобы алаңда билікті тартып алған жоқ және де бүкіл елде өзінің тәртібін орнатқан жоқ.
– Тоқта. Әңгімемізді құрылымдайықшы. Демек, сен нақты және жеткілікті деректерді келтіре алмай, Украинада орыстарға қысым жасалды деген дәлеліңнен бас тартқаның ғой. Енді Ресейдің Украинаға күшпен кіруіне билікті заңсыз тартып алу негіз болды деп отырсың. Мен дұрыс түсініп отырмын ба?
– Бұл негізгі дәлел емес, бірақ ол өзі де әсер етті.
– Жарайды, онда саған тағы екі сұрағым бар. Ресей билікке заңсыз түрде келген әрбір елге шабуыл жасауға құқылы деген мәнісі бар ма? Мысалы, Мысырдағы, Тунистегі, Йемендегі, Ливиядағы төңкерістер туралы не айтар едің?
Ал екінші сұрағым мынадай: егер Киевтегі төңкеріс, сен айтқаныңдай, заңсыз болса, шынымды айтқанда, заңды төңкерістер туралы мүлдем естімеппін, одан кейін екі ай өткеннең соң бүкілхалықтық сайлау өткізілегені жайлы хабардар болған шығарсың? Бұл сайлаудың бірінші бөлімінде Петр Порошенко жеңіске жетті. Сондықтан ол Майдандағы адамдардың тобының мүддесін емес, Украинаның барлық халықының өкілі ретіндегі заңды Президенті болып табылады. Сен осы жөнінде хабардар боларсың?
– Әрине, хабардармын. Ал сен бұл президент өзінің халқына қарсы, ТҚО-мен көз бояп, соғыс бастағаны жөнінде хабардарсың ғой?
– Тоқтай тұр. Билікке бағынбау туралы және де басқа мемлекетке кіру ықыластары туралы хабарлаған қарулы адамдарға қарсы әскери іс-қимылдарды сен өзінің халқына қарсы соғыс деп атайсың ба?
– Ал олар адмдар емес пе? Олар өздерінің тағдырларын таңдай алмайды ма?
– Онда саған алма-кезек сұрағым бар: шешен халқы өзінің тағдырын таңдауға құқылы ма? Шешен халқы 1991 жылы, ТМД ыдыраған мезетте, басқа одақтық республикалар сияқты, өзіне дербестік пен тәуелсіздік алғылары келді. Олар мұны тапты ма?
– Шешеннің не қатысы бар? Алыс шытырмандарға кірмей қояйықшы, әйтпесе Солтүстік Ирландияны да, Квебекті де, Техасты да, СҰАӨ-ні де еске алармыз.
– Ал, жарайды. Егер де бұл тақырыпқа тереңдегің келмесе, Ресейдің Украинаға биліктің заңсыздығы себебінен басып кіруі туралы дәлел де ешқандай сын көтермейді.
– Ресей Украинаның Еуропаға кетумен келіспегенінің тағы бір дәлелі– ол НАТО жағынан қауіп-қатер. НАТО Ресейдің шекараларына тіпті тығыз жақындаған сияқты.
– Міне! Дәл осыдан бастау керек еді ғой. Украинада орыстарға еш қысым көрсетілмеді деп мойындашы, ақыры. Украинадағы биліктің ауысуының заңсыздығы да – ол Ресейдің уайымы емес. Бұл бар-жоғы сылтаулар ғана, оның үстіне дүрдараз ғой. Басты себеп болып НАТО алдындағы қорқыныш пен бұрыңғы одақтастың басқа лагерьге кетіп қалғанына реніш табылды. Сонымен қатар Ресейдің иек астында геосаяси оның қатысуынсыз және де оның мүдделеріне қарсы жүріп жатқан өзгерістер болды, ал бұл оған ұнамайды. Ол өзін ұлы мемлекеттеп санайды, сондықтан әлемдегі барлық қозғалыстар оның ырзалығымен жүргізілу керек деп санайды. Олай емес пе екен?
– Ал бұл кімге ұнаушы еді?
– Дұрыс. Ешкімге де. Кейбір менің көршілерімнің де мінез-құлықтары маған ұнамайды. Бірақ мен сол үшін оларды соққыға жығып, олардың пәтерлеріндегі бөлмелерін тартып алмаймын ғой.
– Жарайды. Тек біреудің ұстанымы ғана ұнамады делік. Бірақ сен Ресейге деген НАТО-ның оның шекарасына жақындауынан нақты қауіп-қатер туғаны туралы дауласпайсың ғой?
– Білесің бе, мені ылғи да осы дәлел таңдандырған: НАТО Ресейдің шекарасына жақындап қалды. Ұрыс даласында екі жасақ туралы сөз шыққандай сияқты. Міне бір жасақ екінші жасақ жағына бірнеше қадам басты. Дұрысын айтқанда, НАТО мен Ресей араларында ашық дала жатқан емес қой. Бұл бірқатар елдердің жері: Украинаның, Латвияның, Эстонияның және де т.б. Қай жасаққа кіруін олар өздері ғана шешулері қажет. НАТО тарапынан олар жағына мен ешқандай басқыншылық көріп отырған жоқпын. Ол НАТО емес қой жаңа аймақтарды өзіне қосып алып отырған, ол Ресейдің бұрыңғы одақтастары өздері НАТО-ға кіруге сұранып отыр ғой. Айырмасын түсініп тұрсың ба? Ал Ресей оларды күштеп, аймақтарды қосып алғанға шейін, ұстап қалғысы келеді.
Білесің бе, ойға бір ұқсастық келіп тұр. Қаладан ауылға өнегелі, мәдениетті жас жігіт келеді. Дөрекі маскүнемдерден шаршаған және астанадағы нұрлы сәнді өмірді қиялдаған жергілікті сұлу бикеш оған ғашық болып қалады. Оның соңынан бұрын жүретін ауылдық зор денелі жігіт, төбелесқор, оның көңіліп тауып, өзара сүйіспеншілікке жетудің орнына ішіп мас болып қызды да, келген жігітті де ұрып соғады. Таныс көрініс пе? Өкпешілдік, кекшілдік, дөрекі күш. Осындай қасиеттермен достарды тартуға болады ма?
– Ал мен саған Путин соңғы үлкен баспасөз конференциясында өзінің жауабында нақты көрсеткен деректі келтірем. АҚШ-да дүние жүзінде 26 елдерде 50 әскери базасы бар екенін, ал Ресейде, бұрыңғы одақтас республикаларды есепке алмағанда, тек 2-еу екенін білесің бе?
– Ал сен неліктен бұрыңғы одақтас республикаларды есепке алмайсын? Енді олар бір елдің бөліктері емес қой. Бұл тәуелсіз мемлекеттер.
– Сөздерге ілініспеші. Қазақстандағы, Армениядағы, Белоруссиядағы және тағы басқалар – ол бұрыңғы Кеңес әскерінің мұрасы екенін әйтеуір біз ұғамыз ғой.
– Жақсы. Мұны сенің ар-ожданыңа тастаймын.
Ал АҚШ-тың базаларына қатысты туралы. Біріншіден, АҚШ НАТО-дағы ең өзекті мемлекет болып табылады, және де шынында өзінің бюджетінің есебінен осы ұйымның шығындарының жіліктерінің майлы басын басып отыр, сонымен қатар өзінің шетелдегі базаларын да қамтамасыз етіп отыр. Ал екіншіден, мен тағы да еркінділік бойынша дәлел келтіремін. Бұл елдерді ешкім күшпен басып алған жоқ қой және де сол базаларды зорлап мәжбүрлеген емес. Елдердің өздері ризалық білдірді және де АҚШ-на өздерінің аумақтарын пайдалануға берді. Мысалы, 2009 жылы Қырғызстан өзінің «Манас» әуежайында американдық базасының болуына көңілдері шаппағанда, американдықтар ол жақтан үнсіз, тыныш кетіп қалуға дайын болды, өздері үшін ауғандық бағытта өте маңызды базаны қалдыру үшін күш қолданған жоқ. Тек қана келіссөздер мен жалгерлік ақшаны жоғарлату арқасында олар «Манаста» қалды, онда да тек Транзиттік тасымалдаудың орталығы ретінде.
Жалпы айтқанда, халықаралық сұрақтарды, оның ішінде аумақтықты да, өркениетті шешілуінің көптеген мысалдарын келтіре аламын.
Мысалы, 1867 жылы Америка Ресейден Алясканы сатып алды. Ақшаға. 7 миллион доллар алтын ақшамен айырысқанда. Басқыншылықсыз және шабуылсыз. Немесе, Жапония Курил аралдарына көптен таласып келеді, бірақ оны күшпен басып алмайды ғой. Ол көпжылдық келіссөздерді жүргізіп отыр. Сондықтан да дүниежүзілік жұртшылық талықсытпаны бастан кешірді. Бәрі бөтен жерлерді басып алу кезі Атилла, Шыңғысқан және рим империясымен тоқтады деп ойлады. Осындай көршіміздің қасында біз қалайша өзімізді тыныш сезінеміз?
– Бірақ Қазақстан НАТО-ға кіруге әзірленбейді ғой.
– Бұл дәлел де мені абыржытады. Демек, Ресей бізге ешқандай наразылық білдірмейді біз оған шырайлы көзқараспен қарағанша ма? Оның қалауынсыз бір қандай болмасын одақтарға кірсек, біз сол сәтте украиндық сценарийге тап боламыз ба? Сенің өзіңе осы тезис жан түргішерлік сияқты көрінбей ме? Ал оны шындап көптеген ресейлік және қазақстандық сарапшылар қайталап жүр! Осындай қарым-қатынастарды достық деп айтуға бола ма? Өзіме бұл қолында балтасы бар бетпақ алпамсамен «достықты» ұқсайтын сияқты. «Біз екеуміз доспыз, – дейді ол, – бірақ басқамен достасып кетсең, мен сенің қолыңды шауып тастаймын. Әншейін осыны есіңе сақтап жүр».
Ал енді керісінше жағдайды елестейік: Ресей НАТО-ға кіруі туралы жариялайды, ал Қазақстан өш алу үшін одан Орынбор облысын тартып алады. Орынбор облысына Қазақстанның, көптеген қазақстандықтардың ойынша, құқығы соншалықты, қаншалықты Ресейдің Қырымға деген құқығы болса.
– Ойбой, кішкентай Қазақстанды орасан Ресеймен салыстырмасаңшы.
– Ә, әңгіме мында екен ғой? Дегенмен, мөлшердің маңызы бар болып шықты ма? Демек, үлкен және де мықты елдерге біреудің жерлерін тартып алуға болады, ал кішкентайларға – болмайды ма? Ал онда ғасырлар бойы қалыптасқан барлық халықаралық құқықты жойып тастайық та, Шыңғысқан кездеріндегі күшке ғана сүйенген ойынның үңгір ережелеріне қайтып оралайық та. Олай болса, жоңғарлардан аман қалу үшін Қазақстан Ресей құрамына кіргендей, қазақстандықтардың көбі, Ресейден құтылғылары келіп, өркениетті елге, мысалы, Ұлыбританияға қосылуды қаласа ше. Ал бұл нұсқа емес пе? Оның әлем бойынша көптеген аумақтары бар. Канада сияқты, корольдіктің бір бөлігі бола саламыз. Есесіне, қандай болса сондай басқыншылықтан қорғау қамсызданады.
– Шынымен, сен үшін ағылшын-сакстер ежелгі көршілеріміз және бауырлас орыс халқынан жақын болғандары ма?
– Білесің бе, мен біздің ортақ тарихымызды және тығыс байланысымызды өте жоғары бағалаймын. Және де мен орыс халқына еш наразылығым жоқ. Шынында мен Ресейдің қазіргі басшылығы көршілес елдерге керіс саясат жүргізеді деп санаймыз. Бұл әрекеттердің тоқтатылуын қалаймын. Ресейдің қазіргі бағыты ауысқаннан кейін біздің екі еліміз қайтадан бейбітшілік пен достықта, бір-бірімізге еш қорқақтықсыз, өмір сүреміз. Маған сенші…
COMMENTS