Біздің елімізде қазақ терминологиясы аясында және жеке шетелдік сөздерді қазақ тіліне аударуда біршама бытықы-шытықы жағдай туғанымен көп адамдар келіседі деп ойлаймын. Бұл ресми мемлекеттік органдарға да байланысты. Қазіргі уақытта заңды тұлғаларды тіркеген кезде компанияларды екі тілде жазудың қандай болса да түпнұсқалылық жүйесі мүлдем жоқ. Мысалы, «Ынтымақтастық» ЖШС-ті тіркеген кезде оның жарғысында атауы орыс тілінде «Ынтымактастык» деп жазылуы мүмкін, немесе былай да жазылуы мүмкін: «Интимактастик» әлде «Сотрудничество» немесе «Интеграция» деп. Сонымен қатар, шетелде жұмыс істеуді жоспарлайтын көп компаниялар өздерінің атауларын ағылшын тілінде де тіркейді. Онда жоғарыда көрсетілген ЖШС-тің атауы «Intimaktastik» болуы мүмкін, «Intymacktastyck» болуы мүмкін немесе тіпті «Cooperation». Заңды тұлғаның атауының жазылудың не ол, не бұл нұсқасын компаниялардың иеленушілері өздері таңдайды, оның ішінде осы атаудың басқа тілдерде жазылуын да. Мұны өздерінің ар-ождандарында дәл солай қалдыруға болар еді, егер осындай жүйесіздікте жасырын мәселе болмаса. Әңгіме компьютерлік технологиялардың қазіргі заманында барлық ақпарат электрондық дерекқорларда сақталуында болып тұр. Демек, бір әріптің жазылуындағы айырмашылықтың өзі компьютермен басқа заңды тұлға туралы жазба ретінде қабылданады. Бұл барлық мемлекеттік дерекқорларда ұйқы-тұйқы тудыратынын елестету қиын емес. Қазіргі шақта салық органдарын әрбір заңды тұлғаға БСН берілетіні ғана құтқарады. Бірақ, БСН көрсетілмеген анықтамалықтарда компаниялардың атауларында қателесіп қалуда еш қиындық жоқ.
Бұл жағдайдан шығу жолын мен тіркеу кезінде заңды тұлғаларға атаулар беру айқын ережелерін жетілдіре түсуде көремін. Қысқаша олардың түйіні мынада болады:
- заңды тұлғада әлемдегі тілдердің біреуінде тек жалғыз ресми атауы болуы мүмкін;
- басқа тілдерде оның атауы дұрыс және ұқсас жазылуы үшін ол басқа тілге аударылу қажет емес, тек түпнұсқа тілінде атаудың дыбысталуына максималды жақын транскрипцияда жазылу қажет;
- сонымен бірге заңды тұлғаның атауының қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылуы – міндетті, басқа тілдерде – заңды тұлғаның иеленушілерінің қалауы бойынша.
Тәжірибеде бұл ережелер қалай жұмыс істейді?
Мысалы, әділет басқармасына «Жібек жолы» жауапкершілігі шектелген серіктестікті тіркеу жөнінде арыз түседі. Тіркеуіш орган жарғыда келесі сөздер жазылғанды талап ету қажет: «Компанияның атауы қазақ тілінде: ЖШС «Жібек Жолы», орыс тілінде: ТОО «Жибек Жолы», ағылшын тілінде: LLC «Zhibek Zholy». Егер де «Шелковый путь» жауапкершілігі шектелген серіктестікті тіркеу жөнінде арыз түссе, оның жарғысында бұлай жазылып тұру қажет: «Компанияның атауы қазақ тілінде: ЖШС «Шолковый пут», орыс тілінде: ТОО «Шелковый путь», ағылшын тілінде: LLC «Shyelkovy Put». Үшінші жағдайда «Silk Way» жауапкершілігі шектелген серіктестікті тіркеу жөнінде арыз түсуі мүмкін. Олай болса, оның жарғысында бұлай жазылып тұру қажет: «Компанияның атауы қазақ тілінде: ЖШС «Силк уэй», орыс тілінде: ТОО «Силк уэй», ағылшын тілінде: LLC «Silk Way».
Сонымен бірге атаулардың жазылуы барлық үш тілде жазылуы, сонымен қатар бір тілден басқа тілге транскрипциялардың өзгертілуі сауапты және ғылыми негізделген болу үшін бұл жұмыс Әділіт министрлігімен Мемлекеттік терминологиялық комиссясымен бірлесіп атқарылу қажет. Алғашқы рет әділет органдарында тіркелетін атау бірыңғай өтпелі дерекқорға түсу қажет және де осы сәттен бастап елдің барлық әділет басқармаларында жазылудың дәл осы ғана түрде, әрбір әріпіне шейін, пайдалану қажет.
COMMENTS