«Совок» деген сөздің өзі «советский» (кеңестік) деген сөзден пайда болған, және осы сөзбен бұрыңғы Кеңес Одағының азаматтарына тән өмір салтынының, сонымен қатар ой-пікірлерінің ең жағымсыз жақтарын танытады.

Міне, менің ойымша, «совоктың» негізгі қасиеттері және олардың пайда болуын түсіндіруім.

Таптық жақтырмаушылық.

Таптық жақтырмаушылық, сөзсіз, «кеңестік социалистік» өткен өмірден басын бастаған. Біз 70 жыл мемлекеттік саясаты «еңбек адамдарының» – жұмысшылар мен шаруалардың моральдік басымшылығында негізделген өмір сүрдік, ал жеке меншік иелері (капиталистер) ең басынан табиғи және психологиялық жойылған болатын. 70 жыл бойы біздің мыйымызға бай адамдар жұмысшылардың еңбегін қанап пайдаланатын қанішерлер және жатыпішерлер дегенді құйып отырды. Осы себептен семіз көргенсіз тәкаппар фабриканттың, копестің, кулактың, байдың бейнесі пайда болған. Ал қарама-қарсы – өмір бойы қожайынға бүкшиіп еңбек еткен, оған жұмақ орнатып өздері қайыршылықта өмірін кешкен адал жұмысшының немесе шаруаның бейнесі. Бүкіл зор мемлекеттік насихатшылық машинасы осы бейнелерді суреттеуге тыным көрмей жұмыс істеді.    

Кеңестіктен кейінгі қайта құру («Перестройка») кезеңі де бай адамның бейнесіне еш сүйкімділік қоспады. Өтпелі кезеңнің барлық елдерінде сияқты кеңестік республикалардың сыбайласқан шенеуніктер, қалтарыстағы кәсіпкерлер немесе бұрыңғы қылмыскерлер алғашқы байлар болып шықты.  Құқықтық және моральдік нормалары өзгеруінің сұрпыл кезеңінде басқа болу, бәлкім, мүмкін де болмаған шығар. Бірақ тоғышарларға олар басқалардан ақылдылау, айлалылау, батылдау, авантюралық, ал кей жерлерде майысқақтау болғандарын кешіре алмады. 

Міне қайдан «совоктардың» миллионерлерге, олигархтарға, латифундисттерге және тағы басқа «буржуйларға» деген бүгінгі жаратпаушылықтары тап болған. «Аларман» және «коррупционер» деген таңба барлық ауқатты адамдардың маңдайларында соғылған сияқты «совоктың» көздеріне әлі елестейді. Кезекті олигархтың даңқын әшкерелеу және оны соттаудан басқа ештеңе оны қуантпас. Байдың кінәлілігін дәлелдеп, оны абақтыға отырғызған ел билеушісі ұлттық батыр болып шыға келеді. Осылайша оған көпшілік арасында әйгілілік алу өте оңайға шығады.

Мемлекетке деген қамқоршыл көзқарас (патриархалдық жанұядаға әкенің балаларға жасайтын бақылауына ұқсас, мемлекеттің адамдарға деген қолдаушылығына, қамқорлығына және бақылауына негізделген қарым-қатынастар жүйесі).

Қамқоршыл түйсік «совокқа» көп жылдар бойы дағдыландырылған. Алғашқы революциялық жылдарды есепке алмағанда, Кеңес Одағының бүкіл тарихында билікте саяси номенклатураның шағын шеңбері ғана айналшықтайтын. Ол таңдаулы адамдар тобы болған. Халық таңдады деген мағынада емес, ерекше деген мағынада. Қарапайым адамдар не тікелей, не сайлау арқылы мемлекетті басқара алмайтын. Халық депутаттарын жаппай дауыс беру арқылы сайлау деген шынында жалғандық болатын. Үміткерлер алдын ала партиялық басшылықпен бекітілетін. Билеушілер мен халықтың арасындағы арақашықтық үлкен болатұғын. Жоғары басшылар данышпан және қамқоршы көсемдер деген даңққа бөленген. Сол Ленинің өзіне деген сүйіспеншілдік қатты булығуға және өз басын ұмытуға дейін жеткізетін. Дәл осы кейінірек Сталиннің жеке басына табынуға, ал кейінгіде – коммунистік партияның үстемдігіне және оған табынушылыққа соқты.

Міне қазір де «совок» өзінің тәні бойынша жалтақ адам. Ол ұжымда, «табында» болуға үйреніп кеткен. Оған осылайша өмір сүрген оңайлау, тұрақты болады. Ол өзін басқарғанды, ол үшін біреу шешім қабылдағанын қалайды. Сондықтан «совоктардың» қамқоршыл көңіл күйлері соншалықты мықты. «Совок» «патша-отағасын» ардақтап құрметтейді. Ол билеушінің қалаулылығына шынымен де сенімді. Оның адам күшінен тыс, тіпті құдайға тән, қасиеттеріне. Сондықтан «совок» үшін еліміздің Президенті – мемлекетті басқару үшін қоғам жалдаған бір ғана азамат емес, Құдай ғой.      

«Совок» ылғи да «мейірімді патшаға» және «жауыз мырзаларға» сенімді. Ол елдегі бәлелердің бәріне орта буындағы басшылар кінәлі, ал жоғарғы басшы қасиетті және де пәк деп ойлайды. Ол данышпан, ол көріпкел. Елдің тарихындағы әрбір жалтарысын алдын ала болжап, оған дайын болған. Егер жақсы оқиғалар бола қалса, оны тек көшбасы ойлап тапқан екен. Егер жағымсыз оқиғалар болып жатса, ол өзінің елін «Мұса» алып шығатын тек қана қиыншылық. Тіпті Құдай-әміршіге деген діни сенім сияқты ғой.        

«Совоктың» мемлекетке деген қамқоршы сезімдері экономикаға да көшіп кеткен. «Совок» тек қана мемлекеттік бәріне сенімді. Мемлекеттік мектептер, мемлекеттік ауруханалар, мемлекеттік зауыттар мен фабрикалар, мемлекеттік пойыздар мен ұшақтар. «Совок» тек оларда ғана өзін қауіпсіз сезінеді. Мейлі, онда кір, тығыз, жемқорлық болсын, бірақ оның бәрі мемлекеттік, өзіміздікі, ортақ қой. «Совоктың» түсінушілігі бойынша бұның бәрі қожайынына шағым беруге мүмкіндігі жоқ, оны «жанын суырып алып» жұмыстан шығыарып тастауға мүмкін емес жеке меншік орындардан әлдеқанша жақсырақ болады. «Совок» ылғи да жеке меншік иесінен қуана-қуана бизнесін тартып алып оны мемлекетке табыс етеді, өйткені мемлекет – оның туған әкесі сияқты. Аштан өлгізбейді. Біреу әлі табыс таппаған жағдайыңда да оған бір тілім нан бөліп береді. Әкелік қамқор ретінде болса да.        

Үргедектік (бөтен, бейтаныс, үйреншікті емес бәрінен қорқыныш немесе жек көрушілік).

Үргедектік те біздің кеңес казармалық өткеннен басталған. Кеңес идеологиясы қоғамның адамнан ұлықтылығын жариялаған. Ұжымдық мүдделер оның әр бір жеке мүшелерінің мүддесінен ылғи да жоғары болатын.  «Бірлік – сандырақ, бірлік – нөл» деп коммунистік ұран білдіретін. Ұжымнан бөліну, жалпы көпшіліктен ерекшелену қоғамның ұлықтылығының көрсетілген қағидатына жасалған қастандық деп саналатын. Егер бәрі саппен жүрсе, сен де сапта тұруың қажет. Егер бәрі сұр түсті киім кисе, сен де сұр киім киіп журу керексің. Сен ерекшеленбеуің керек. Мектептерде «Не, сен ерекшесің бе?» деген сөйлемше дауларда ең ықпалды болғаны әлі есімде. Әдетте осыдан кейін дау тоқтап қалатын, тілазар бала сапқа тұратын, өйткені ұжымнан бөлініп кету деген өте қатал үкім болатын.

Қоғамға және жүйеге бағыну идеологиясы адам өмірінің салаларының бәріне таралып кеткен: пәлсапалық көзқарастарға, ғылымға, өнерге, сыртқы келбетке. Ашық бәтенке немесе түрлі-түсті жейде кигенде не жамандығы бар сияқты көрінеді. Бірақ олай емес. Бұнда қоғамдық негіздерге қарсы шығу байқалып қалады. «Бүгін джинсы киіп алдың, ал ертең Отаныңды сатып кетерсің!» – деп мектептегі мұғалімдер айтатын (Кеңес Одағында басқаша көзқарасқа деген төзбеушілік ахуалдың үстем болғанын Тодоровскийдің «Стиляги» деген фильмі жақсы көрсетеді).

«Совоктың» үргедектігі бүгін қалай білінеді екен? Әрине, түрлі-түсті жейделер мен қысқа белдемшелер өмір сүру құқығын қорғап алды. Ерік берілгеннің шектері кеңейді. Бірақ «совоктық» үргедектік басқа объектілерге бейімделіп қалып қойған. Енді гомосексуалисттер, кришнаиттер, панктер, «эмолар», жалпы алғанда, адамдардың негізгі көпшілігінен ерекшеленетіндер «шыншыл» ашудың мәні болып қалды. Оларды «совок» масқаралап таңба қояды, қуып шығады. Аса басқыншылық «совоктар» көшедегі «түсініксіздерді» ұрып соғуға дайын. Үргедектік дегеніміз дәп осы.  

Құқықтық бедерсіздік. 

«Совок» заңды құрметтемейді. Ол заң – бір сөз, ал нақты өмір – мүлде басқа нәрсе деп санайды. Түсінімдердің осындай қайшылығы теледидарлық және газет насихаты шындықтан соншалықты айырықша болғандықтан қатарласып өмір сүре бастаған кеңестік жылдарында пайда болған.  Теледидардан ұрлық жасауға болмайды деп айтылатын, ал өмірде – бәрі ұрлайды, аула сыпырушыдан ұжымшардың төрағасына дейін және одан жоғары. Газеттерде бәрі заң алдында тең деп жазылады, ал өмірде партиялық басшылар заңнан жоғары болып тұрады. Осындай жағдайда өзінің құндылықтары бар қылмыстық (ұрылардың) қосалқы мәдениеті пайда болды. Көп жағдайларды дәп осы қосалқы мәдениет әділеттеу болған. Тек қана қылмыстық әлемде емес, сондай-ақ қоғамның барлық топтарында да мәлім «Қалай шешеміз: заң бойынша ма, әділеттік бойынша ма?» деген сөйлемше бекер пайда болмаған шығар. Заң дегеніміз бір нәрсе, ал нақты әділет дегеніміз – мүлде басқа нәрсе.  

Міне сондықтан осы күнге дейін «совок» полицияға шағымдануды ұнатпайды. Оны масқара іс деп санайды. «Адамша» шешуді қалайды. Және сондықтан  «совок» билікке әділеттік іздеп шағынданғандарды ұнатпайды, оларды «сөз тасушы» деп санайды. Заңды биліктің қарсылығы бәр жерде, тіпті біздің бәрімізге үйреншікті жүргізушілердің ынтымақтастығында да байқалады. Тек қана бұрыңғы «кеңес» республикаларында жүргізуші қарсы келе жатқандарды алда жасырынған полицейлер туралы ескертіп қояды. Еуропада, керісінше, азаматтар мемлекетті өзінің әділ қорғаушысы және көмекшісі деп санайды. Сондықтан олар өзінің сүйіспеншілігін білдіріп, бұзушыларды анықтауға немесе ұстап алуға көмек көрсетеді.

Жымысқылық.

«Совокқа» жымысқылық тән. Мінез-құлықтың осы қасиетінің қайнар көзі кеңестік өткен өмірде басталды. Ол жылдары жеке меншік болмаған, бәрі мемлекеттің меншігі болған, яғни, бәрлерінікі, ешкімдікі де емес деген сөз. Мемлекет дегеніміз – меншілік сұрақтарындағы қиялдық енжар түп негізі. Біреу кеңшарлық бір маясынан шөп ұрлап жатса, жеке меншік иесі жақында жоқ болса, көрші мемлекеттік меншікті қорғамайды, өйткені мемлекет алыста, ал шөп міне тұр, жанында, айналадағылар бәрі өзінікі, дәл сондай жымысқылар. Біреулер қызметтік көліктен жанармай құйып алып жатса, қасына тоқтап ешкім оны ұялтып тастамайды, өйткені мемлекет алыста, ал құйып алып жатқан өзінің досың, сен сияқты жүргізуші. Тағысын тағылар, және бәрінде де.   

Қазір, капиталистік кезеңде, жеке меншік иелері, әлдері келгенше, болмысынан «совок» қызметкерлердің және тұтынушылардың жымысқылықтарымен күресуде. Бұл қасиеттің түп-тамырын құрту өте ауыр түседі. Терідегі барлық ұсақ тесікшелерге сіңіп кеткен. Қазірдің өзінде кейбіреулер «қожайынды» немесе клиенттерді отырғызып кеткені туралы мақтанышпен айтады: даяшылар тауарды ауыстырып қояды, сатушылар сатып алушыларды ақшадан алдайды, жүргізушілер жанармайды құйып алады, басқарушылар «пара алады», тұтынушылар есептегіштерді кері айналдырып тастайды және т.б. «Совоктар» арасында бұл ерлік болып саналады. Олар ұрлықтағы өздерінің «жетістіктерін» мақтан көреді, сонымен қатар айналадағылармен тәжірибелерімен бөлінісіп кеңес береді.   

Адам өмірін төменсіту.

«Совок» адам өмірін бағаламайды. Жеке тұлғаның өміріне деген осы көзқарасының қайнар көзі қоғам адамнан жоғарырақ, қоғамдық мүдделер жек мүдделерден басым болған «кенестік» өткен өмірден басталған. Жеке тұлға бүкіл қоғаммен салыстырғанда түкке тұрмайтын субъект болып саналатын. Оны елемеуге, тіпті құрбан етуге болатын. Барлығы – үлкен ортақ мақсат үшін. Сондықтан да кеңестік насихаты көпшілік үшін біреулердің құрбан болғанын кеңінен таратқан. Және де бірліктер көпшілік үшін жандарын берген.   

Осындай жантанудың қалыптасуына әсер тигізген айтарлықтай маңызды ықпал болып Кеңес Одағындағы өктемшіл басқарушылық табылды. Бұл елде азаматтар басшы топтың жұмыс және әскери күші болған. Ал АҚШ-да ше, делік, азаматтар сайлаушылар, яғни биліктің қайнар көзі, болып табылады. Мұнда басқарушылар өздерінің азаматтарына тәуелді болады және оларды көңілін қалтыруға қорқақтайды. Сондықтан да АҚШ-да соғысқа қарсы, мысалы, Вьетнамдағы соғыс кезіндегі сияқты, шерулер мен демонстрациялар болу мүмкін, ал Кеңес Одағында Ауғаныстандағы солдаттардың қаза болуына қарсылықтарын білдіру тіпті мүмкін болған емес те.  

Батысқа деген өшпенділік. 

«Совок» Батысты жек көреді. Бұл жеккөрушілікті оған 70 жыл бойы құйған. Оған күнде теледидарда капиталистік әлем қаншалықты ызалы және мейірімсіз екендігін көрсетіп отырған. Пақыр адамдар көшеде қайыр сұрап жүргендерін, қоқысты аударыстырғандарын, ал Кеңес Одағында бұндай құбылыстар мүлде болмаған. Кеңестік адамдарына 70 жыл бойы «жексұрын капиталисттер» кеңестік адамдарының бақытын көре алмай осы бақытты Одақты ішінен араңдатушылық немесе тікелей сыртқы басқыншылық арқасында бүлдіруді қиялдайды деп сендірген. Адамдарға Батыстың істегенінің бәрі Кеңес Одағын талғандау үшін жасалатынына сендірген. Кеңестік азаматтарда олардың қас «жауы» кім екендігінде еш күдіктенбеген. Ол Америка мен Еуропа.    

Ал енді не? Кеңес Одағы күйреді («совоктардың» ойынша, осының бәрі тек Батыстың тіміскі әрекеттерінің арқасында). Бұрыңғы Одақтың азаматтарының Батысқа деген көзқарастары қандай екен? «Совоктардың» көбінде ол өзгерген жоқ. Олар бұрыңғыдай оны жек көреді. Не үшін? Кеңес Одағын күйреткені үшін. Оны қайтадан құруға кедергі жасағаны үшін. Республикаларды бір-бірімен араздастыруды қалағандары үшін. Бұрыңғы кеңестік республикаларды тонап алғылары келген үшін. Осы нұсқалар «совоктардың» миына соншалықты нығыз бекітілген, ештеңе оны арылта алмайтындай. Әрине, бұрыңғы кеңес республикалардың басшылықтарына осы нұсқалар белгілі бір жағдайларда өзінің мүддесіне сай келгеннің маңызы бар, дәп сол уақытта Батысқа қарсы есірік жаңа жаққа бет алады.

Соңғы жылдары «совоктық» идеологтар батыстық тұрмыс қалпына (шынында Батыс жақсырақ өмір сүреді ғой)  бас араздыққа қалай иландыруға болатынын білмей, ұтымсыз қарақшыны тауып алды – дәстүрлі емес сексуалды қарым-қатынастар. Міне, еркін әлемді не үшін жек көруге және жақтырмауға болады, тіпті  керек те. Оларда гомосексуалисттер көшеде  еркін жүріп, сүйіседі! Гомосексуалдықтан қорқу «совоктардың» байрағына түсірілген және бір кезде жабық болған Кеңес Одағының бұрыңғы азамтатардың үрейін тудыратын зат болды.  Олардың көбінде шетелге, оның ішінде Еуропаға да, барып келуге мүмкіндіктері болмаған және болмайды да, және де олар гомосексуалисттер ешкіме қысым көрсетпейтіндерін, Брюссель мен Амстердамның көшелерінде адамдары ешкім қуаламайтынын, көпшілік көзінде ешкім сүйіспейтінін, тоғышарларды мүлде мазаламайтындарын біле қоймас. Осының бәрін азаматтардың негізгі көпшілігінің көздері жетпегенше «Гейропаны қаламаймыз!», «Боқкраттар жойылысын!» сияқты ұрандар оларға ойдағыдай әсер етуде.   

Ызаланғандық, бетпақтық, басқыншылық.

«Совок», өркениетті ортаменен салыстырғанда, заһарлы және басқыншыл болып табылады. Мұны оп-онай тұсіндіруге болады. Бүкіл әлем іргетасы бәсекелестік болатын нарықтық заңдар бойынша дамыған.   Бірдеңені сату үшін сатушы тырысу қажет. Сатып алушыға жанына жағып ұнауы қажет. Мұнда ешкім ешкімді тауарды жарлық қағазы бойынша алуды мәжбүр ете алмайды ғой. Сондықтан нарықтық елдерде тұтынушы (сатып алушы) – бұл Құдай. Оған сыйынады, әлпештейді. Егер де ол тауарды сатып алмаса, сатушы ойсырап кедейленіп кетеді. Тұтынушыларға деген осындай көзқарас бүкіл қоғамда өріс алған. Әр адам, кей кездерде өзі сатып алушыға айналса да, жұмысында өзінің тауарларын немесе көрсететін қызметтерін сатушыға айналады ғой. Онда ол қызметшіл болуды үйреніп, сол дағдыдан енді ешқашан айырылып қалмас. Тұтынушыларға, яғни, айналадағы бәрлеріне (өйткені өткен-кеткендердің әрқайсысы – сенің әлеуетті сатып алушың) деген елпектік, құптау жантануы жүре-бара жүздеген жылдар бойы өркениетті ортаның ең негізгі қасиетерін тудырған – әдептілікті, бипаздықты, ізгіниетшілікті.

Ал Кеңес Одағында адамдардың арасындағы қарым-қатынастар мүлде басқа жосығымен дамыған. Командалық-әкімшілік жүйесінде барлығын сатып алушы емес, сатушы, жөнінде оны таратушы деп атау керек шығар, шешетін. Тапшы тауарларды таратушы. Сатушыларға сатып алушыларға ұнау мүлде қажет болмаған, өйткені қисапсыз тапшылық пен кезекетер кезінде ол керек емес болған. Керісінше, сатушыдан немесе таратушыдан зәрелері ұшып, олардың алдында құрдай жорғалауға дайын болатын. Тек қана ежелгі шұжықты немесе шетелдік бәтеңкені алса болды. Мұндай ахуалда елде айналадағыларға деген ізгіниетшілік пен инабаттылық емес, тек қана басқыншылдық пайда болады, өйткені айналадағылардың көбі – кезекте, тапшылыққа кептелген кезде сенің әлеуетті бақталасың болып шығуы мүмкін. Шынтақпен өзіңе жол ашып үйренген кезде, кешіріңіздер, ерекше сыпайылық туралы айтпау да керек шығар. Мұнда мүлде басқа қасиеттерге құрмет көрсетіледі: айлакерлікке, жылпостыққа, бетпақтыққа, тегеурінге.   

Міне осының бәрі неге жеткізді. Кеңес елдері көңілсіз және қабақтары ашылмаған. Мұнда адамдар күлімсіремейді, бір-біріне әрі кетсе парықсыз,  ең болмағанда – ашулы қарайды. Енсіз орындарда (кезектерде, лифттарда, баспалдақтарда, өтпе жолдарда) «совоктар» ешкімге жол бермейді, шынтақтарымен итермелесіп, алға ұмтылады. Олар әйел адамды алға жібермесе немесе өзіне тартып алып оған орын бермесе  балаша қуанады. Адамдар арасында «совоктар» жауынгерлік әзірлік жағдайында болады. Олар болымсыз шиеленістен лезде ұрыс-керіс бастауға, ал ер азаматтар төбелесуге де дайын болып тұрады. Сондықтан да кеңестік қалалары өмір үшін өте қауіпті. Әсіресе өздерінің қорғансыздықтарымен ерекшеленетін дамыған елдерден қонақтары үшін.  

Дәл солай «совоктар» Еуропаның көшелерінде де ерекшеленеді. Өзінің үйінде игіліктер үшін кұресуде ер мінезді нығайтып, кенет бұл жақта айналадағылардан басқыншылық көрмей қалады, тіпті белсенді соққы да жемейді. «Совоктар» мұны айналадағылардың әлсіздігі деп қалып, тым еркінсізденіп кетеді. Олар айналадағыларды шошытып қатты сөйлеп күледі. Тек қана олар бүкіл әуежайға «Қымбаттым! Келе қойшы, мен саған дьюти-фриден шұлықдамбал тауып алдым!» деп айқай салуы мүмкін. Тек қана олар тыныш жанұялық отельде ішімдікке тойып алып жиһаз бен ыдысты шағып төбелес шығара алады. Тек қана олар айналадағыларды таңдандырып,  соңында жиіркеншілік туғызып, таксиге кезексіз ыңғайын тауып кіріп кетуі мүмкін. Тек қана олар даяшылар мен сатышуларға менсінбей «сен» деп сөйлеуі мүмкін. Тек қана олар амандаспайды, күлімсіремейді. Осы әдеттері бойынша оларды тану оп-оңай. Сондықтан да оларды өркениетті елдерде жақтырмайды.  

Ұсқынсыз сырт пішіні.

«Совокты» Еуропада ол балағаттасып, арақ ішпегенінше де оп-оңай тануға болады. Сыртқы келбетінен. Қытайлықтарды бірдей «униформалары» (костюмдердің дәлме-дәл етіп пішілуі, тіпті әскери сияқты кительдер) немесе жапондықтарды таңғажайып жәннатты киім-кешектері бойынша таныған сияқты «совокты» да ұсқынсыз сыртқы түрлерінен бірден ажыратуға болады.  Қытайлықтардан айырмасы «совок» көк кителін шешіп тастап қуанғаннан ақылға мүлде тұрмайтын бірдеңені киіп алған. Егер шетелдік сауда орталығында ақ шұлық пен сандалдар киген, сонымен қатар жағажайлық шолақ шалбар киген ер азаматты көрсеңіз, сіздің көз алдыңызда «совок» тұрғанына күмәнданбаңыз. Егер де келіссөздерге делегацияның басшысы кең қоңырлау шалбар және сұр түсті қынала бел клубтық пенжек киген болса, ол, сөзсіз, біздің, «кеңестіктердің», біреуі. Егер Еуропаның көшесінде кутюрлер өндірген ең қымбат, не стиль бойынша, не мақсаты бойынша, не бағасы бойынша бір адамның үстінде мүлде сыйыспайтын киімдерді өзінің үстіне көзі тоймай жапсырып алған адамды көрсеңіздер, ол, сөзсіз, «жаңа қазақ» немесе «жаңа орыс» және т.б. болып шығар.

Бұндай ұсқынсыздықтың қайнар көзі тағы да сол баяға кеңестік өткінімізден басталған. Бірдей униформа киіп алған жер қайыстырған түссіз көпшіліктің талғамы қандай болуы мүмкін? Мектепте – униформа, жұмыста – униформа. Сөз тіпті бірдей костюмдер туралы емес те, ең басты қағидасы «Басқалардан ерекшеленбе!» деген ұраны болған көпшіліктің бірдей талғамы туралы ғой. Сондықтан кеңес Одағында тігін фабрикалы тапсырыстар бойынша біркелкі сұр, өңсіз киімдер тігіп шығаратын. Кеңестік дизайнерлердің әрбір өнімдеріне «Ерекшеленбе!» деген ұранды соғып қоюға болады. Киген киім – ол адамның ішкі әлемінің бейнеленуі. Әдеттегі кеңестік адамы кеңес кезіндегі киімдері сияқты қарапайым және біркелкі көрінеді. Ал енді, қайта құрылыстан кейін, «құлдық шынжыры» үзілді, бірақ талғам бұрыңғыдай болып қалып қойған, немесе, керісінше, бостандықтан есеңгіреп, қиқарланған ашық түсті, көзге түсерлік және өрескел болып кеткен.  

Жанұялық қарым-қатынастардағы ызаланғандық.

«Кеңестік» жанұялардағы қарым-қатынастар мүлде жеркенішті. Бұнда балаларға жаман көзбен қарайды. Аналары балаларын үйде де, кісі көзінше де ұрып соғып жатады. Бірақ айналадағы «совоктардың» бәрі де осыны дұрыс деп санайды. «Кеңестік» емес әлемнен айырмашылық халық көп жиналатын жерлерде тіпті бір адам сіздің балаңызды бетінен не басын сипаймай өтпейтін Сингапур мен Оңтүстік Кореяда анық көзге түседі. Ал «совоктық» қоғамда болса, айналадағылар «совоктық» ата-аналарды құптап жылап тұрған балаға, оны жұбатқанның орнына, тіпті саусағын безеп қорқытуды өзінің міндеті деп санайды. Егер шетелде бола тұра баланың жылаған дауысын және ата-аналардың қатты зекуін, тіпті сартылдату мен шапалақтарды естіп қалсаңыздар, бұл еуропалықтар емес екеніне, сингапурлықтар емес екеніне және американдықтар емес екеніне, бұл «совоктық» жанұя екеніне сеніңіз.

Жанұядағы осындай жиренішті қарым-қатынастыр одан кейін де жалғаса береді. Ата-аналар бір-бірімен ұрсысады, балалары ата-аналарымен ұрсысып жатады. Қарым-қатынастардағы былапыт сөздер «совоктық» жанұяда қалыптасып кеткен. Сондықтан да «совоктар» көшеде де  балағат сөз айтпайды, олар солай сөйлеседі.

P.S. Кеңестік тұрмыс қалпына тән жоғарыда суреттелген жағымсыз қасиеттермен қатар, қаншалықты парадоксалды болса да, оларға мүлде қарама-қарсы ынтымақтастық, өзара көмек, жанкештілік, үлкендерді құрметтеу, отаншылдық және т.б. қасиеттер болғанын мойындау керек.   Бәлкім, сол заңдылық та шығар. Әр қоғамның, әр адамда сияқты, жағымды да жағымсыз да қасиеттерді болады (алайда жағымды мен жағымсызға бөлудің өзі де – салыстырмалы шама ғой).  

P.P.S. Жоғарыда суреттелген қасиеттер Кеңес Одағының барлық азаматтарына тән болмаған. Және бүгін де қырық жастан асқан адамның түгелімен «совок» емес қой. 

Comments: 0