Миланда болғанымда Италиядағы орыс ұлтты эмигрант әйелмен әңгімелесіп қалдым.
Оның есімі Ирина. 10 жыл бұрын Мәскеуден көшіп келіпті. Итальяндықпен тұрмыс құрыпты, бірақ одан соң ажырасып кеткен екен. Ұлымен бірге тұрып жатыр. Бұрыңғы күйеуімен тамаша достық қарым-қатынаста.
– Ирина, еуропалық өмір туралы өзіңнің алғашқы пікірің туралы айтып берші.
– Білесің бе, алғашқы жылды мен масайрау деп атаушы едем. Мүлде басқа планетаға түскендей болдым ғой. Лас, ылғи да мас, көргенсіздік Ресейден кейін Италия жер жаннаты сияқты көрінді. Сыпайы адамдар, жүздерінен нұр төгіледі, көшелері тап-таза. Жалпы айтқанда, мәдени талықсытпа.
– Ал кейін не болды?
– Одан соң сен осы өмірге үйрене бастайсың. Тазалық пен тәртіп, сыпайылық пен ақ жарқындылық таңғанарлық бірдеңе сияқты көрінбейді. Және біраз уақыттан кейін бірінші сәтте көзге түспеген кемшіліктерді де көре бастайсың. Сыбайлас жемқорлық та Италияда бар (шынында, Ресейде сияқты кең өріс алмаған), мемлекеттік органдарда да бейберекеттік жеткілікті. Жалпы алғанда, менің эмигранттық өмірімнің екінші кезеңін айығу мен түңілу деп атауға болады.
– Ал саған бәрінен көп не ұнамады?
– Сен таңғаларсың. Итальяндықтардың парықсыздықтары мен рухсыздықтары.
– Ол қалай?
– Ұғасың ба, осы барлық сыртқы ақкөңілдік пен игіліктің тереңдігінде парықсыздық жасырылған. Бұнда әрқайсысы өзі үшін, өзінің жанұясы үшін жанын қияды, ал басқа біреулер үшін…Әрине, олар газетте, теледидарда шу шығарулары мүмкін. Ал бастарына іс түскен бөтен адамдар үшін соңғы соқыр тиынын беру – жоқ, олай болмайды. Өзінің жанұясы олар үшін маңыздылау болады.
– Ал рухсыздық дегенің қалай?
– Әрине, дұрысын йтқанда, рухсыздық емес, үстірттік шығар. Түсінесің бе… Саған қалай түсіндірсем екен?.. Айтшы, міне, сенде достарың бар ма?
– Иә. Әрине.
– Сендер жиі кездесіп тұрасыңдар ма?
– Ә, аптасына бір рет, демалыс күндері, делік.
– Ал сендер не туралы әңгімелесесіңдер?
– Бұ дүниедегінің бәрін әңгімелейміз де. Балалар туралы, саясат туралы, инабаттылық туралы, дін туралы, адамның жаратылуы туралы… өмірдің маңызы туралы, тіпті.
– Марат! Мен қаншалықты қызғанғанымды көзіңе елесте де алмайсың ғой! Осындай тақырыптарға әңгімелесетін достарың болғандықтан сен қандай бақыттысың! Ал итальяндықтар не туралы сөйлесетіндерін сен білесің бе? Итальяндық-еркектер, бірінші кезекте, тамақ туралы әңгімелеседі. Олар сағаттар бойы көршілес мейрамханадағы фетучинидің дәм өзгешеліктерін және 10 жыл сақталған шараптың 12 жыл сақталған шараптан айырмашылығын талқыға сала алады. Олардың әңгімелерінде екінші орында – ол футбол мен әйелдер. Бұл туралы да олар сағаттар бойы әңгімелесе береді. Әйелдердің әңгімелерінің екі тақырыбы бар: балалар мен тамақ. Олар сағаттар бойы өздерінің балаларының нұсандарын, олардың мектептегі жетістіктерін, және кеше түскі асқа не дайындағандары туралы сөйлеседі. Мүмкін, сондықтан осында менің жақын достарым жоқ шығар. Олармен ештеңе туралы сөйлесе алмаймын.
Сен сене қоймарсың, бірақ жуықта мен «Ағайынды Карамазовтарды» тағы бір оқып шықтым. Достоевскийді мүлде басқа қырынан аштым. Біреуменен осына талқылағым келді. Менің итальяндық таныстарым Достоевскийді оқыды деп ойлайсың ба? Ол кім екенін тіпті білмейтін де шығар деп сескенемін. Мәскеудегі өзімнің ескі ММУ бойынша курстасым- құрбыма қоңырау шалдым, біз екеуміз Карамазовтарды талқылап шаттанып қалдық. Міне осыны мен тереңдік, рухтандырушылық деп атаймын. Біздің кеңестік адамдарында бары және қалғаны дәл осы. Қазіргі итальяндықтарда, мүмкін, барлық еуропалықтарда осының бәрі жоқ. Олардың әрқайсысы өз ісінің шебері. Олар тамаша банкирлер, ғажайып аспазшылар, жоғары класстық инженерлер. Бірақ кештұрым олар бір саптыаяқ сыраны алып өмірдің маңызын емес, футбол мен пиццаны талқылайды.
– Тыңдашы, біз Миландамыз ғой. Айналамызда қанша «ақ жағалылыар» бар. Осы адамдардың бәрі де, сен айтқандай, кемелігі кемдер ме? Шынымен олар шамшыл емес пе, өздерінің ой-өрістерін кеңейтпей ме және жетілмейді ме? Олардың ешкімі де миллионер не президент болуды армандамайды ма? Бізде Қазақстанда, мысалы, осылай.
– Олардың шамшылдықтары қаншалықты алысқа жайылатынын білесің бе? Ең көбі жалақысы жоғары бөлім бастығы болу. Жоғары тұрақты жалақы – міне олардың армандарының ең жоғарғы шегі. Онда олар тыныш өмір сүре алады және кешке таман жолдастарымен футбол туралы сөйлесе алады ғой. Бұнда өмір бойы жастық шақтан зейнетақы жасына дейін қарапайым даяшы болып жұмыс істей берулері мүмкін. Болды, одан басқа ештеңеге ынталанбайды. Оның не керегі бар? Ең бастысы, жалақыны тұрақты төлеп тұрса жетерлік. Осымен болды.
– Ирина, мен саған сене алмаймын. Бүкіл Италия осындай болуы мүмкін емес.
– Әрине, бүкіл Италия емес. Бірақ мен бұнда он жыл өмір сүріп келемін. Қаладан қалаға көшіп жүрдім. Көп итальяндық таныстарым да бар. Сондықтан да мен кейбір жалпылау жүргізе аламын.
– Ирина, білесің бе, мен жаңа ғана ойланып қалдым. Сенің ойыңша, Кеңес Одағында Достоевскийді көп адам оқып шықты ма?
– Ол мектеп бағдарламасында болды ғой.
– Ал бізде көптеген еркектер кештұрым, бір саптыаяқ сыра қолдарына ұстап, достарымен өмірдің маңызы туралы сөйлеседі деп ойлайсың ба?
– Бәрі ғой! Екінші рөмкеден кейін біздің жақта әр жігіт өмірдің маңызын, саясатты және бүкіл әлемнің пайда болуын талқылап шыға келеді.
– Әй, білмеймін… Егер саған біздің жігіттер ұнаса, сен, мүмкін, Ресейге қайта оралуды қалайтын шығарсың?
– Сен, не, ақылыңнан адасып кеттің бе? Ешқашан да! Биыл мен, керісінше, өзімнің ата-анамды үгіттеп, ақырында оларды осы жаққа көшіріп аламын.
– Неге?
– Марат, мен саған суреттеп берген барлық кемшіліктерге қарамастан, еуропалық қызықсыз, ырғақты тіршілікті біздің лас, ішімдікке салынып кеткен, қылмыстық «совокка» ешбір қазыналар үшін де ауыстырмаспын. Осының бәрі де менің өзімде бар жайлылық пен тыныштықтан басым болмас.
– Білесің бе, мен сені тіпті түсіне алмадым. Онда неліктен сен бір сағат бойы осында, Еуропадағы тағдырыңды айтып зарладың?
– Мен тіпті зарланған жоқпын! Мен тек қана олар мен біздің арамыздағы ерекшіліктер мен айырмашылықтарымыз туралы айттым ғой. Бұл жақсы да емес, жаман да емес. Бұл жай ғана нақтылық. Сенің білгеніңді қалап едім. Ал қорытындыларды өзің жасарсың.
COMMENTS