Жастар менің ашуымды келтіріп, олардың музыкасы маған мағынасыз, киімдері ұсқынсыз, ғұрыптары азған болып көрінетін, бұрын шөп қәзіргіден көгірек, ал су қазіргіден ылғал болды деген ой басыма кіретін сәтті тұла бойымды қорқыныш билеп тосып отырамын.
Менің кейбір құрбыларым сондай күдіктерді айта бастады. Ал менде, неліктен екенін білмеймін, әлі бастала қойған жоқ.
Маған қазіргі R&B бір кезде ұнаған сүйікті «ABBA» және «Boney M», «Мираж» және «Ласковый май»-дан көбірек ұнайды. Жоқ, әрине, мен оларды да сүйсініп тыңдаймын да, өзімнің алғашқы дискотекаларды есіме түсіремін, бірақ 10 минуттан артық емес. Одан кейін болды. Зарығу басталады.
Қазіргі сән маған мектепте және университетте кигенімнен әлдеқайша көп ұнайды. Ескі фотосуреттердегі жас және де аңқаулау шырайлардың өздері маған ұнайды, ал киімдер – жоқ, ұнамайды.
Қазіргі басыбалылықтан босатылған жастар менің жастық шағымдағы пионерлер мен комсомолдардан көбірек шаттандырады. Сол кездердегі істердің отаншылдығы мен сол істерге берілгендікті жылы шырайлылықпен еске аламын. Бірақ қазіргі жастардың да дүниеге деген көзқарастарының тереңдігіне және батылдықтарына тәнті болып қараймын.
Қазіргі дүние маған кешегіден көбірек ұнайды. Бәлкім, мен артыма жалтақтағанды жаратпай, ілгері жүргенді қалағандығымнан шығар. Ал, мүмкін, осы дәл өзі өлшем болар?
Болашаққа жоспарлар құрмай, өткенді сағынып, қайғыра бастаған сәтте сен қартая бастайсың.
Сол мезетте сенің жасың нешеде екені мүлдем маңызды емес.
COMMENTS