Қазақстандағы ауылшарушылық жерлерді шетелдіктерге сатуға бола ма және бұл қаншалықты қажет?
Мен қажет және рұқсат ету керек деп ойлаймын.
Неге дейсіз ғой?
Біріншіден, қазір жер шаруаларға меншікке емес, уақытша пайдалануға берілді, яғни мемлекет кез келген уақытта жерді қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдай жерге шаруалардың өз мүлкі ретінде қарап, барынша ұқыпты болуға талпындырмайды. Керісінше, тезірек пайдаға кенелуге итермелейді. Ұзақ инвестициялар салуды жерге деген жеке меншік қана ынталандыра алады.
Екіншіден, жерге деген жеке меншік бұл ресурсты қаржы айналымына толық тартуға мүмкіндік береді. Жеке меншік жерді банктер кепілге алып, шаруаларға несие бере алатын болады. Ұзақ мерзімді жалға алу құқығынан жеке меншікке деген банктердің сенімі жоғары болады да, шаруаларға несие беру көлемі артады.
Үшіншіден, жер нарығының ашылуы Қазақстандағы ауыл шаруашылыққа шетелдік инвесторлардың қызығушылығын арттырады. Нәтижесінде жаңа технологиялар келіп, жер қатынастарының ашық реттелуіне жәрдемдеседі.
Ел азаматтарының басым көпшілігі ауылшаруашылық жерлерді жеке меншікке (әсіресе шетелдіктерге) беруге неге қарсы болуда?
Көбінесе келесі себептер келтіріледі:
1. Ауылшаруашылық жерлерді сататын болсақ, басты ұлттық байлығымыздан айырылып қаламыз.
«Айырылып қаламыз» дегенді қалай түсінуге болады? Шетелдік азамат жерді өзімен алып кете алмайды ғой. Әрине жоқ. Енді не істей алады сонда? Егер шетелдік азамат жерді сатып алу үшін шығындалса, оның жерді белгілі бір мақсатта пайдалану ойы бар деген сөз. Демек сол жерде ол кәсібін дөңгелетіп, бюджетке салығын төлей бастайды, жергілікті халыққа жаңа жұмыс орындары пайда болады. Ал шаруашылықтан түскен таза пайданы өзміздің азамат та сыртқа жұмсауы мүмкін, айталық вилла сатып алуға. Жер ұқыпты өңделіп, ел экономикасына қосымша өнім беріп жатса, меншік иесі ел азаматы ма, шетелдік пе сонша маңызды емес сияқты. Дамыған елдер мұны баяғыда түсініп қойған. Неміс жерінің немесе швайцариялық кантонның кез келген губернаторы жер сатып аламын деген қазақстандық, америкалық, қытайлық кез келген инвесторды құшақ жая қарсы алады. Себебі олар қазынаға түсетін қосымша қаржыдан ешқаан бас тартпайды. Ал біз болсақ ақшасын арқалап келген шетелдіктерді кері қайтарамыз.
2. Сырттан келген инвесторларға жер сататын болсақ, елімізде шетелдіктер қаптап кетеді.
Конечно, такая перспектива меня, как казаха, ни в коем случае не устраивает. Будем называть вещи своими именами, речь идет о китайцах. Действительно, переезда всего лишь одной сотой части населения этой соседней страны достаточно, чтобы ассимилировать весь народ Казахстана.
Шынын айту керек, бұл әуелі қытай азаматтарына қатысты екені даусыз. Менің ойымша, біз экономикаға инвестиция және сырттан жұмыс күшін тарту ұғымдарын ажыратып аулымыз керек. Бұл екі ұғым заң бойынша нақты айқындалып, ара жігі ажыратылған. Қытай инвесторы жер телімін сатып алса, бұл инвестияция деп аталады. Бұл құптарлық жағдай, себебі сырттан келген қаржы еліміздің экономикасына қызмет ете бастайды. Осы қытайлық инвестор сатып алған жеріне қытайлық жұмысшыларды жалдай бастаса, бұл сырттан жүмыс күшін тарту деп аталады. Бұл үрдіс Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 тарауымен, «Халықтың көші-қоны туралы» заңның 6 тарауымен және Қылмыстық, Әкімшілік кодекстердің тиісті ережелерімен реттеледі.
Демек, шетелдік инвестор жер сатып алса, жерлестерін қаптатып жұмысқа алуына болады сөз емес. Әр шетелдік азаматты жұмысқа алу үшін жергілікті көші-қон комиссиясына өтініш жазып, рұқсат алу қажет. Ал шетелдіктердің қаптап кетпеуін қадағалау біздің мемлекеттік органдарға байланысты.
Мысалы, Қазақстанда 700 жуық қытайлық тіркелген, ал тәуелсіздік алғаннан бері елімізге қоныс аударған ханьдықтар саны 2000 адам шамасында. Қалған 400 000 жуық Қытайдан келген мигранттар – этникалық қазақтар, дүнгендер мен ұйғырлар. Шынымен қытайлардың миграция бойынша жасырын саясаты болса, жердің сатылуын күтпей, оның белгілері баяғыда байқалар еді.
Жердің сатылу не сатылмауына қарамастан, көші-қонды бақылауда ұстау Қазақстан үшін өте маңызды мәселе. Бірақ бұл жер дауымен қабаттаспауға тиіс қатысы жоқ бөлек тақырып.
3. Ауылшаруашылық өнімдері сыртқа нарыққа ғана шығарылатын болады.
Кейбір азаматтар шетелдік жер иесі бар ауылшаруашылық өнімін сыртқа сатып, елде тапшылық пайда болып, бағалар шарықтап кетуі мүмкін деген пікір айтады. Бұған ешқандай экономикалық негіз жоқ деп санаймын. Сыртта астық бағасы 140 доллар, Қазақстанда 150 болып тұрса, ешқандай шетелдік бизнесмен астығын сыртқа сатпайды. Әрине Қазақстанда жоғары бағаға сатады. Немесе қазақстандық бизнесмен сыртқы нарықта баға жоғары болса, Қазақстандағы арзан бағаға астығын сатпайды. Біздің шекара ашық, кез келген ауылшаруашылық өнімін шекарадан өткізіп, тиімді бағаға саудалауға болады. Сондықтан шетелдіктер ауылшаруашылық өнімдерін тек сыртқы нарыққа сатады деген пікірлер негізсіз.
Сонымен қатар тауарларды сыртқа экспорттау елдің төлем балансына, яғни жалпы экономикаға оң әсер ететін фактор болып табылады. Соңғы жылдары ешқандай өндірісті дамтыпай, мұнай бағасына деген тәуелділіктен құтыла алмадық емес пе. Ең болмағанда ауыршаруашылық өнімдерін көптеп шетелге шығаратын болсақ, елімізге қосымша валюта келіп, теңге құына мен жалпы экономикамызды тұрақтандыруға септігін тигізер еді.
4. Шетелдіктер жергілікті халыққа қысым көрсететін болады.
Ауыл маңындағы жерлерді сатып алған шетелдіктер жергілікті халықты оқ бойы аяқ басқызбай қояды деген пікірлерді естідім. Бұл ешқандай дәлелсіз қызбалыққа салынып айтылған ойлар деп санаймын.
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес кез келген меншік иесінің (қазақстандық болсын, шетелдік болсын) жеріне қатысты сервитут қолданылуы мүмкін, яғни бұл жер телімін жяу не көлікпен жүріп өту, мал айдап өту, коммуникациялар салу мақсатында басқа тұлғалардың пайдалану құқығы бар. Сервитутты қамтамасыз ету жайғдайлары Кодекстің 69 бабында нақты көрсетілген және шетелдіктер үшін ешқандай ерекшеліктер қарастырылмаған. Мал айдап өтуге шетелдік қарсы болады да, қазақстандық меншік иесі қарсы болмайды деп санаймыз? Меніңше, бұл жерде тағы нақты дәлел мен негіз жоқ.
Қорыта келгенде, Қазақстанда ауылшаруашылық жерлерін шетелдіктерге сатуға рұқсат беру қажет деп санаймын.
COMMENTS