Мемлекеттік мекемелер маңдайшадағы жазуларын жаңа латынға ауыстырып жатқанда, бір түн ішінде кітаптар басылып жатқанда халық апострофтардан аман қалатынына үміттеніп отыр. Мен WhatsApp және Messenger арқылы латынға көшу мәселесін талқылауға үшін бірнеше топқа қосылдым. Бұл топтарда қарапайым адамдар да, белгілі ғалымдар да бар.
Латынға көшуді қолдайтындар арасында үш топ қалыптасқанын байқаймын.
Бірінші топ (мен оларды «ағылшындар» деп атаймын) қазақ тілін ағылшын әліпбиінің 26 әрпіне сыйғызғысы келеді. Өз ішінен бұл топ «диграфисттер» (қазақ тілінің спецификалық дыбыстарын қос әріптер арқылы таңбалауды қалайды, мысалы, «saebiz») және «апострофисттер» (қазақ тілінің спецификалық дыбыстарын апострофтар арқылы таңбалауды қалайтындар, мысалы, «s’yg’s») болып бөлінеді.
Бұл топтың өз дәлелдері бар. Ең бастысы – қазақстандықтарға компьютерлер, нотбуктер мен планшеттерде клавиатура ауыстыру және графикаларға жаңа қаріптер жасау қажет болмайды. Әрине бұл интернет қолданушылары үшін жақсы жаңалық. Шетелдіктер үшін де қазақ тілін үйрену айтарлықтай жеңілдейді.
Дегенмен «ағылшын» нұсқасының кемшіліктері де бар. Диграфтар Ағылшын тіліндегі диграфтарды оқылуын қазақ тілімен салыстыруға келмейді. Мысалы, «oenology», «oedema» сөздерііндегі «oe» «и» немесе «ай»; «ghost», «ghetto» сөздерііндегі «gh» «г» деп айтылады. Бұл нұсқа алдымен қазақтілді азаматтар үшін өте қиын болмақ. Соның жарқын мысалы, көп шу шығарған «saebiz» сөзі.
Апострофтарға ғаламторда бірден қарсылыққа тап болды. Біріншіден, апострофтар диакритикалық белгі ретінде қолдануға келмейді. Мысалы, италия тілінің «l’opera» және француз тіліндегі «d’Artagnan» сөздерінде апостроф артикль мен негізгі сөздің арасын ажыратушы белгі ретінде қолданылып тұр. Екіншіден, апострофтар ағылшын тілді оқырмандар үшін қазақ тілін тіпті қиындатып жібереді. Олар қаптаған апострофтарға мүдіре беретін болады. Үшіншіден, апострофтар қазақ тілінің ғаламтор кеңістігінде қоландылуын шектейтін болады. Себебі кқптеген бағдарламалау тілдерінде апостроф тыныс белгісі ретінде, яғни сөз арасын ажырататын белгі ретінде қолданылады. Демег қаза тілі хэштегтер жазуға жарамай қалады. Төртіншіден, смартфондарда мәтін теру үшін қайта-қайта клафиатураны ауыстырып отыруға тура келеді. Нәтижесінде қазақ тілінде мәтін жазу уақыты үш есеге дейін ұзарады.
Әлеуметтік желілерде апострофтардың жоғарыда келтірілген және басқа да кемшліктері қызу талқылануда.
Екінші топ спецификалық әріптерді белгілеуде бауырлас, түркі тілдес елдердің тәжірибесіне негізге алуды қолдайды. Мысалы, «Ғғ» әрпін түрік, әзірбайжан, татар, қрым татарлары сынды «Ğğ» арқылы, ал «Шш» әрпін түрік, әзірбайжан, түркімендер сынды «Şş» арқылы таңбалаған дұрыс.
Бұл нұсқаның бірнеше артықшылықтары бар. Біріншіден «бір әріп-бір дыбыс» қағидасы орындалады. Бұл – көптеген филологтар мен қарапайым адамдардың арманы. Екіншіден, түркі тілдес елдер түсінетін әліпбиді қолдану осы кеңістікте тұрып жатқан 170 миллионға жуық халықпен ынтымақтастығымызды нығайтады. Үшіншіден, Түркия сынды дамыған елмен бірдей әліпби қолдану әртүрлі қаріптерді қазақ тіліне техникалық икемдеу сияқты бірқатар мәселелерді жеңілдетеді.
Бұл нұсқаның кемшілігі: қосымша символдарды енгізу қазақ әліпбиін ағылшын тілді азаматтар үшін түсінікті қылу мақсатынан алыстатады. Барлық американдықтар, португалдар, испандар түрік әріптерін түсіне қоймайды. Сонымен қатар қазақтар үшін де бұл нұсқаны игеру біраз уақытты талап етеді.
Үшінші топ (оларды «аутентисттер» деп атаймын) қазақ әліпбиінде спецификалық әріптердің ескі жазылуын сақтап қалуды қолдайды, яғни «Әә», «Өө», «Үү», «Ұұ», «Ққ» әріптері өзгеріссіз қалады деген сөз. Олардың логикасы түсінікті: арнай белгілерді бәрібір енгізу керек болса, неге үйреншікті әріптерді сақтап қалмасқа?
Бұл нұсқаның артықшылығы қолданыстағы әріптер мен қазақы жазба ерекшелігінің сақталуында.
Сонымен қатар бірнеше кемшіліктері бар. Біріншіден, ағылшын тілді оқырмандармен қатар басқа түркітілдес елдердегі 170 миллион оқырманнан да айырыламыз. Екіншіден, әлемдегі жүздеген дайын қаріптерге біздің әріптерімізді қосу мәселесі. Үшіншіден, барлық спецификалық әріптерді сақтап қала алмаймыз. Себебі «Ғғ» мен «Ff», «Ңң» мен «Hh» әріптері өте ұқсас.
Сонымен әр нұсқаның артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Дұрыс шешім қабылдау үшін пікірталасты жалғастыруымыз қажет. Егер келтірілген дәлелдерге қосарларыңыз болса, міндетті түрде жазыңыз.
P.S. Төртінші нұсқа да бар – әр түрлі әліпбилерден алынған әріптер жиынтығы. Бұл жерде мен негізгі үш нұсқаны келтіргенді қаладым. Бұл нұсқаларды талқылау тоқтаму керек.
P.P.S. Пікірталас жалғасуы қажет. Ақыры жақсы нәтиже шығатынына сенемін.
COMMENTS