Бір мәскеулік таксишімен әңгімелесіп кеткенмін. Бірінші кезекте мәскеулік кептелістерді талқыладық (Мәскеудегі әр әңгіменің міндетті тақырыбы). Одан кейін мен жол жиегінде көлік қоятын орындар қалайша реттелетінін білгім келді. Ол қала әкімшілігі қала ішінде көліктерді қою бойынша бұзушылықтарды белгілеп, оларды МАИ-ға жіберетін жеке меншік компаниялармен келісімшарт жасағаны туралы айтып берді. Қала ішінде көзге түспейтін көліктер мен мотоциклдер жүреді, дұрыс қойылмаған көлікке үн-түнсіз жақындап, оны суретке түсіріп алады, көлікке түбіртек қыстырады да, кетіп қалады. Үнсіз, тыныш, жанжалсыз. Артық ештеңе жоқ тек қана бизнес. Осы компаниялардың табысы тәртіп бұзушыларға салынған айыппұл көлеміне байланысты. Ал олар жағынан заңсыз айыппұлдар үшін жүргізушілерден қуыным алу қорқынышы теріс пайдаланудан ұстап қалады. Міне осылай мемлекеттік қызметте жеке меншік агенттер жұмыс істейді. Оларсыз бүкіл Мәскеуге МАИ қызметкерлерінің дивизиясы де жетпей қалушы еді. Ал мында қарасаң, мемлекеттік аппарат көбеймейді, полицейліктердің саны да сол болып қалады, ал жұмыс болса әжептәуір жылдамырақ және сапалы жүреді. Жеке меншік компаниялар табысқа, яғни, айыппұлдарға құштарлы. Және де мемлекетке қатардағы бақылаушылар жүргізушілермен келісіп қояды дегенді бақылау мүлде қажет емес. Бұл енді жеке меншік компаниялардың басшыларының мәселесі.

     Жалпы, білмеймін, таксиші маған шындықты айтты ма әлде жоқ па (ал мен таксишілерге, мысалы, … Ұлттық Банктің Төрағасынан делік, артық сенемін), бірақ идея маған ұнады.

     Дегенмен, егер таксиші бірдеңеден қателессе де, Алматы қаласының әкімшілігінің орынында болсам, бұл идеяны қолдануға алушы едім.

 
Comments: 0