Уағызшы атеист:
Негізгі діндердің барлығы Жердегі тіршілікті Құдай жаратты және оның заңдарына бағынады дегенді айтады.
Біз, атеистер, бұл пікірмен келіспейміз. Біз табиғаттағы барлық құбылыс физика, химия, астрономия, билогия және тағы басқа заңдарға бағынатынына сенемін.
Тыңдарман-діндар:
Алайда бұл бір-біріне қайшы келмейді ғой. Діндегі адамдар физика, химия және басқа да заңдарды жоққа шығармайды. Бұл заңдар жоқтан пайда болған жоқ. Құдай тіршілікті жаратып, олардың заңдылықтарын бекітті. Бұл заңдарды кейін адамдар физика, химия және басқа да заңдары деп атады.
Уағызшы атеист:
Біздің басты қайшылығымыз да осы жерде. Біз табиғат заңдары ешкімге немесе ешқандай тылсым күштерге тәуелді емес деп ойлаймыз. Оларды басқаруға, өзгертуге болмайды.
Ал діндегі адамдар бұл заңдылықтарды Құдай жаратты, демек өзгерте алады дегенге сенеді.
Мысалы, теңіздің қақ жарылып, адамдардың арғы жағаға өтуі, яғни белгілі бір адамдар үшін бір тылсым тартылыс күшін жоққа шығарды. Сонымен қатар сіздер әйелдің еркексіз немесе оның ұрығынсыз балалы бола алады дегенге сенесіздер де, биология заңдарын жоққа шығарасыздар.
Осылай кете береді. Барлық дінде заңдарына қайшы дүниелер көп. Дін адамдарды тылсым, жұмбақ, асқақ, табиғаттан биік күштерге сенуге шақырады, әйтпесе дін болмас еді.
Тыңдарман-діндар:
Ғылым дамыған сайын көптеген физика, химия мен басқа да заңдар кейде жұмыс істемей жатқанын көреміз. Мысалы, ғарышта тартылыс күші әсер етпейді немесе медицина жасанды ұрықтандыру көмегімен жүкті болуға көмектеседі. Бұрын мұндайды елестету де мүмкін емес еді. Бұл физика, химия заңдарының мызғымас еместігінің дәлелі емес пе? Тіпті материалистердің өзі де ғылыми жаңалықтардан кейін табиғат заңдары тылсым күш бар-ау деген сезім пайда болмай ма?
Уағызшы атеист:
Жоқ, бұл бөлек дүние.
Ғылыми жаңалықтар ғылымның фундаментал заңдарын жоққ шығармайды. Олар бұған дейінгі ашылған заңдарды толықтырады, кеңейтеді немесе жаңа заңдылықтарды ашады.
Физика заңдарына сене отырып, оларды бұзу туралы Құдайға дұға жасау орынсыз деп санаймыз.
Мысалы, жауын-шашынның қалыптасу заңдылықтарын біле отыра, Құдайдан жауын тілеу орынсыз. Бұл жерде екі жолдың біреуін таңдау қажет: гидрометеорологияны зерттеп, метеостанциялардың санын көбейту, ауа массаларының қозғалысын бақылау немесе ауа-райына қарамастан, Құдайдан жауын тілеу.
Өлген адам қайта тіріледі деген де орынсыз. Адамдар Иса қайта оралады дегенде билогия заңдарын жоққа шығарады.
Адамдар біреудің суды шарапқа айналдыруына сенгенде жүзімнің пісіп-жетілуін, ашуын қажет ететін химия заңдарын жоққа шығарады.
Тыңдарман-діндар:
Біз киелі кітаптарда жазылған оқиғалардың ғылыми дәлелін талап етпейміз. Бұны атеистер түсінбейтін шығар. Біз бар болғаны физика, химия және басқа да жаратылыс заңдарын жаратқан құдайдың барына сенеміз.
Уағызшы атеист:
Біз, атеистер, тылсым күшке сенудің қажеті жоқ. Табиғат заңдары әрдайым және барлық жерде орындалады. Олай болса, бұл ережені бұзатын күштің барына қалай сенуге болады? Бұл сиқыр мен сиқыршыларға сенумен бірдей. Әрине сиқыр адамдарға үміт, қуаныш сыйлауы мүмкін, бірақ ересек адамдар сиқыршыға сенбейді ғой. Балалар өсе келе Аяз атаға сенуді қоятыны сынды адамзаттың дамуымен, ғылымның алға басуымен құдайға сенетіндердің саны азая бермек.
COMMENTS