Уағызшы атеист:

Жерде тіршілік 4 миллиард жыл бұрын пайда болды. Бұған температура, жарық, сонымен қатар оттегі, сутегі және азот сында басқа да газдардың болуы жақсы жағдай жасады. Нәтижесінде миллиардтаған планетаның бірінде тіршілік пайда болды.

Басында бұл бейорганикалық малекулалардың байланысы болды. Кейін бейорганикалық байланыстардан қарапайым бір жасушалы ағзалар пайда болды. Олар миллиондаған жыл бойы дамып, келесі сатыға өтті – көпжасушалы ағзалар.

Эволюцияның әр кезеңінде түрлердің қалыптасуы жүріп жатты. Кейбір түрлер жойылып, басқалары ары қарай дамып, одан әрі жаңа түрлердің бастауы болды. Жердегі эволюция үздіксіз жүріп жатты.

Эволюция барысында бір түрдің дамуы сүтқоректілерге және адамға да жетті. Осылай барлық тірі ағза адамның туысы немесе бабасы болып келеді.

Тыңдарман-агностик:

Ұстаз, ал неге Жерде тіршілік пайда болды? Неге Марста, Шолпанда немесе Күн жүйесіндегі басқа планетада емес?

Уағызшы атеист:

Бұл сұраққа жауап беру үшін Дүниенің уақыт және кеңістік бойынша шегі жоқ екенін түсіну керек. Демек Күн жүйесі сияқты жүйелер, Жер сияқты планеталар шексіз көп болуы мүмкін. Сондықтан тіршілік Жерде ғана бар деп айтуға болмайды. Әртүрлі кезеңдегі тіршілік көптеген планетада да болуы ықтимал, қазір біз бұл туралы білмеуіміз мүмкін. Болашақта біліп қалармыз.

Тыңдарман-атеист:

Ұстаз, Үлкен жарылысқа қалай қарайсыз?

Уағызшы атеист:

Бұл сценарий де әбден ықтимал. Күн жүйесі және біздің Құс жолы галактикамыз да Үлкен жарылыстан кейін пайда болуы мүмкін. Алайда бұл жарылыс барлығына бастау болған жоқ. Мұндай жарылыстар Дүниенің әртүрлі бөлігінде болып жатады. Кей қара құрдымдар энергияны жұтып алып, кейін жарылады да жаңа жұлдыздар, жаңа галактикалар пайда болады. Бір кезде Күн де өшеді, онымен бірге Жер де жойылады, бірақ дәл сол секундта миллиардтаған жаңа жұлдыз, миллиардтаған пленаталарда жаңа тіршілік пайда болып жатады. Бұл үздіксіз үрдіс.

Тыңдарман-атеист:

Ұстаз, адамдар эволюция нәтижесінде емес, өзге планеталықтар Жерге келгеннен кейін пайда болды деген теорияға қалай қарайсыз?

Уағызшы атеист:

Бұл сценарийді де жоққа шығармаймын және ол эволюция теориясына қайшы келмейді. Тек оны басқа пленатаға көшіреді. Олар Жерге келіп, ұрпақ қалдырып, Жердегі эволюция тізбегін бірнеше сатыға секіртеді.

Ал өзге планеталықтар келген планетада да тіршілік эволюциялық жолмен пайда болып, дамыды. Олар Жерге келмесе де, ақыры эволюциялық жолмен адам пайда болар еді.

Comments: 0