Менің танысымның ұлы Чехиядағы университеттердің бірінде оқиды. Жақында ол оған қонаққа барды. Ұлының курстастарына, негізінен чехтарға, қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынуға шешім қабылдап, жатақханада дастархан жайды. Мереке алдында ұлы кенеттен анасына: «Анашым, сен менің достарымның алдында, «Dior» сөмкең мен соңғы iPhone-ды шығарып көрсетпеші», – дейді. «Неге?»- деп менің танысым таң қалды. «Білесің бе, – деп жауап береді ұлы, – бұл жерде ешкім өзінің байлығын мақтан тұтып,жария етпейді . Бұл жаман әдет деп саналады. Содан кейін олар маған күледі».
Менің танысым қалай аң-таң болғанын елестетіп көріңізші? Ол Қазақстаннан ғой.
COMMENTS