Қолөнерші – өз қолымен құндылық жасайтын адам.
Мысалы, клиенттерінің аяқ киімін жөндеп беретін етікші қолөнерші болып табылады. Өзі код жазатын бағдарламашыны да қолөнерші деуге болады.
Кәсіпкер – құндылықар жасау барысын ұйымдастыратын адам.
Мысалы, кәсібін кеңейткісі келген етікші бірнеше шеберді жұмысқа алса, ғимараттарды жалға алса, шеберханаларды шикізатпен қамтамасыз етсе, жарнама беріп, жұмысты ұйымдастырса, қолөнершіден кәсіпкерге айналады.
Кез келген қолөнершінің қолынан кәсіпкерлік келе бермейді. Бұл үшін өз ісінің шебері болумен қатар нарықты түсіну, келіссөздер жүргізе білу, ұйымдастырышылық қабілет және амбиция керек.
Кәсіпкер атанып жүрсе де, болмысы әлі қолөнерші болып қалған көптеген стартаперді кездестірдім. Олар әрдайым код жазуға немесе клиенттерінің етігін жөндеуге өздері құлшынып тұрады.
Мұның еш сөгеттігі жоқ. Қолөнермен өмір бойы айналысып та бақыт табуға болады.
Ең бастысы, осыны дер кезінде түсініп, сүйікті ісіңмен айналысу.
Ал кәсіпкер болам деп шешсеңіз, өзіңіз код жазуды немесе еткі жөндеуді қою керек. Өніміңізден бас көтеріп, жан-жаққа және болашаққа зер салмасаңыз, нағыз кәсіпкер бола алмайсыз.
COMMENTS