Кейбір адамның маска тағу немесе қоғамдық орындарға кірерде температураны өлшеу сынды бүгінгі күннің заңдарына ашуланып, немқұрайлы қарайтынын байқаймын.

Сауда орталықтарының қызметкерлерінен ат тонын ала қашып, температураларын өлшетпес үшін оларды айналып өтуге ұмтылатындарды бірнеше рет көрдім.

Мұндайды әдепсіздік деп санаймын.

Бекітілген ережелерді ашық орындамау қоғамдық мүдделерге деген немқұрайлылықты білдіреді. Осындай адамдар кезексіз өтуге, тротуарда көлікті қойып кетуге, жеңілдікті заңсыз алуға ұмтылып тұрады. Олар өздерін басқалардан биік санайды, ережелерге түкіргені бар.

Comments: 0