Тыңдарман-діндар:

Адам өмірінің мұраты неде? Біз өмірге неге келдік?

Уағызшы атеист:

Бұл екі түрлі мәселе. Оларды ажырата білу керек. Біз дүниеге өз еркімізбен емес, ал ата-анамыздың еркімен келеміз. Сондықтан адамды оның дүниеге келуі тіралы сұрау орынсыз. Ал өмірлік мұратын адам өзі анықтайды.

Тыңдарман-діндар:

Сонда ересек саналы адамның өмірлік мұраты не?

Уағызшы атеист:

Кез келген жануар секілді адамды да екі негізгі түйсік жетелейді: тірі қалу және ұрпақ қалдыру. Адамның жалғыз айырмашылығы санасында. Осының арқасында адам түйсіктерге психолгия, әдеп, сынды дүниелерді қосымшалай алды.

Алайда адамның бар қылығы осы екі негізгі түйсікке бағынады, яғни адам аман қалып, ұрпақ қалдыруға ұмтылады. Жоғарыда аталған қосымша дүниелер ойлап табылған соң, қазіргі қоғамда адам өмірінің мұраты ретінде негізгі түйсіктерді қанағаттандыру деп тура айтыла бермейді. Қоғамға қызмет ету, Құдайға құлшылық ету, жас ұрпақты тәрбиелеу деп бүркемелеу орын алып жатады.

Тыңдарман-діндар:

Сонды бойжеткеннің көңілін табуға жанталасып жүрген бозбала қоян немесе маса сынды түйсіктің жетегінде жүр және оның бойында еш махаббат сезімі жоқ деп санайсыз ба?

Уағызшы атеист:

Мен бұл ұғымдарды жоққа шығармаймын және қарсы да қоймаймын.

Адам ойлап тапқан ізгі сезімдер түйсікке қарсы келмейді. Бойжеткенге ынтық болған бозбала туралы айтқанда оның бойындағы сезімдерді жоққа шығармаймын, бар болғаны екі түйсіктің бірі жетелеп жүргенін нақтылаймын.

Тыңдарман-агностик:

Білмеймін, мені бала кезімнен адам өмірінің мұраты үй салу, ағаш отырғызу, ұл тәрбиелеу деп үйретті.

Уағызшы атеист:

Бұл қоғамда қабылданған жалпы үлгілер.

Тіпті олардың өзінде негізгі түйсіктердің тамырын байқауға болады.

Үй салу – өмір сүруге қауіпсіз орын жасау. Ағаш отырғызу – тіршілікке жайлы орын жасау. Ұл тәрбиелеу – ұрпақ қалдыру.

Тыңдарман-діндар:

Ал мен өмірімнің мәнін Құдайға құлшылық етіп, жұмаққа жету деп білемін.

Уағызшы атеист:

Өз еркіңіз.

Тыңдарман-діндар:

Ал атеистердің өмірлік мұраты неде?

Уағызшы атеист:

Барлық атеист үшін жауап бере алмаймын, бірақ менің мақсатым бақытты ғұмыр кешіп, жақындарым мен айналадағы адамдарға пайдам тисе деймін.

Тыңдарман-діндар:

Ал бұл екі түйсікпен қалай ұштасады?

Уағызшы атеист:

Менің мұратым түйсіктерге ұайшы келмейді, тіпті толық сай келеді десе болады. Мен ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешкім келеді. Осылай бірінші түйсікке бағынамын. Адамдар арасында өмір сүрген соң, оларға пайдалы болғым келеді. Осылай мен өз қауіпсіздігімді және жайлы өмірімді қамтамасыз етемін, яғни тағы да алғашқы түйсікке бағынамын. Мен жақындарыма, ең алдымен балаларыма, қамқор болғым келеді, демек екінші түйсіктің бұйрығын орындаймын.

Comments: 0