Елестетіп көрейік, сізде бес ересек бала бар және олар әртүрлі жұмыспен айналысуға шешім қабылдады. Үлкен ұлыңыз мұнай бизнесін, екіншісі ауыл шаруашылығын, үшінші қызыңыз жеңіл өнеркәсіпті, төртінші қыз мейрамхана бизнесін, бесінші ұлы жиһаз өндірісін таңдады.
Балалардың әрқайсысына сіз бастапқы капиталды бердіңіз делік және олар жұмыс істей бастады.
Басында бәрі бірдей басталды. Бірақ содан кейін барлығы өзгерді. Азық-түлік, жиһаз, киім-кешек өндіруге және мұнай өндіруге бірдей шығындар кеткен кезде мұнай бағасы көтерілгеннен кейін, мұнайдан түсетін кірістер пропорционалды емес болды. Сіздің үлкен ұлыңыз көз алдыңызда бай бола бастады: ол үлкен үй тұрғызып, өзіне және отбасының әрбір мүшесіне көлік сатып алып, жыл сайын экзотикалық елдерде демала бастады.
Ал басқа балалары ше?
Әрине, олар үлкен ағасынан бір нәрсені ақырындап ала бастады. Мұнайшының отбасы төртінші қызының мейрамханаларына үнемі баратын. Осыдан оның табысы да өсе бастайды. Сонымен қатар, бай ұлыңыз киім-кешек, азық-түлік сатып алуға, коммуналдық қызметтерге, үй күтушісіне, бағбанға, күзетшіге, жүргізушіге, спортзал жаттықтырушысына және т.б. ақшасын кетірді. Бұл жұмысқа сіздің басқа төрт балаңыздың балалары келді. Осылайша, мұнай ақшасы мұнайшының саусақтарынан еріксіз ағып, барлық отбасы мүшелерінің қалталарына тарады. Үлкен ұл бай болғандықтан және ақшаны аямағандықтан, оған қызмет ететін барлық адамдар өте жоғары жалақы алды. Мұнайы жоқ көрші отбасыларға қарағанда әлдеқайда жоғарырақ жалақыны, әрине. Сіздің отбасыңыз осындай табысқа үйреніп қалған, енді олардан ешкім осыдан төмен бағаға жұмыс істеуге келіспейді.
Осы уақытта басқа отбасылар көршілес жерде өмір сүруді жалғастырады. Онда мұнай ақшасының ізі де жоқ. Олар сол баяғы бірдей ақыға жұмыс істеуге және тауарлардың бірдей көлемін өндіруге дайын болды (тамақ, жиһаз, киім, автомобильдер). Осыған байланысты олардың өнімдері сіздің балаларыңыз шығарған тауарларға қарағанда салыстырмалы түрде арзан болды. Бір сәтте (дәлірек айтсақ, бірте-бірте және байқалмай) сіздің балаларыңыз кенеттен тер төгіп, отбасы мүшелерінің жұмыс істеп, көп ақша төлегеннен қарағанда, әлдеқайда басқа отбасылардан арзан өнім сатып алу және бір-біріне сату тиімді екенін түсінді. Сондықтан өндірістің орнына сауда орталықтары, дүкендер, автосалондар, мейрамханалар өркендей бастады, жалпы алғанда, бизнесі максималды табыс әкелетін мұнайшыларға қызмет көрсететін барлық табыс көздері. Міне, сіздің үшінші қызыңыз тігін фабрикасын жауып, ғимаратын сауда орталығына айналдырды. Бесінші ұл жиһаз зауытын жауып, оның орнына дүкен ашып, онда басқа отбасылардың жиһаздарын сатады. Екінші ұл ауыл шаруашылығына бірте бірте көшеді. Төртінші қыз ғана мейрамханасымен жақсы өмір сүруін жалғастырады.
Мұндай жағдайды көріп, сіз отбасындағы жағдайға қандай да бір түрде әсер етуге тырысасыз. Балаларды мақтан тұтуға шақырып, оларды өз брендтерімен өз өндірістерін ашуға шақырасыз. Барлық өнімдер сіздің отбасыңызда өндірілгенін және сіз басқа отбасыларға тәуелді болмағанын қалайсыз. Сіз тіпті отбасылық бюджеттен ақша алып, оларды басқа орталықтар үшін қолданып, салтанатты түрде ашылулар ұйымдастырасыз. Бірақ бәрі пайдасыз. Сіз тек осындай патриотизм мен ынта-жігермен алысқа бара алмайсыз. Экономика күштірек. Және ол тиімдірек нәрсені жасауға мәжбүр етеді.
Міне, сіз бірдеңе дұрыс емес екенін түсіндіңіз. Жағдаятты бақылаудан жіберіп алдыңыз, алайда бұрын сізді ақылды адамдар ескерткен болатын.
Мұндай жағдайдың алдын алу үшін не істеу керек еді?
Үлкен ұлыңызға барлық мұнай кірістерін алуға және жұмсауға жол бермеу керек болды. Отбасыдағы әкенің құқығы төңірегінде оған жоғары төлем (салық) белгілеп, отбасынан тыс пайданы жасыруға жол бермеу керек болды (трансферттік бағалар). Ол басқа балаларға қарағанда иеленген жоғары айырмашылықтағы ақшаны өзіне емес, отбасылық қажеттіліктерге бағыттауы керек еді. Мысалы, инфрақұрылымға: жолдар мен коммуникацияларға, жылу, электр және сумен жықтауға, электронды жүйелерге; сондай-ақ адами капиталды дамытуға: балаларыңыз бен немерелеріңіз ең білімді болуы үшін мектептер мен университеттерге көбірек ақша жұмсау. Осодан кейін олар мұнай арқасында емес, дамыған инфрақұрылым мен олардың миының арқасында өздеріне ақша табуды және сіздің отбасыңызды ары қарай дамытатын еді.
Comments: 0
0
0
COMMENTS