Аздап ақымақ ырымдар жайлы.
Біздің қазақша «көз тиеді» немесе орыс тілінде-жаман көз деген сеніміміз бәріне мәлім.
Қазіргі жоғары білімі бар адамдар әлі күнге дейін бұл мағынасыздыққа сенеді: олар жаңа туған нәрестелерін бөтен адамдардың көздерінен 40 күнге дейін жасырады, балалардың маңдайына дақтар жағады, киімдеріне түйреуіш ұстайды, тартымды балаларына тура мағынада айтқанда түкіреді және сайып келгенде, бұл мағынасыздықтың заманауи түрі – әлеуметтік желілердегі балаларының суреттерін жануарлардың беттерімен жабу болып табылады. Бұл ортағасырлық қараңғылықтың заманауи технологиялармен айқын қиылысы!
Білесіз бе. Егер бұл көз тию немесе жаман көз деген нонсенс шынымен жұмыс істесе, онда Еуропада балалар өлімі ең жоғары болар еді. Мүмкін, оларда бала өмірі бір жылға дейін жетпес еді. Себебі туылғаннан кейінгі алғашқы күннен бастап олар баласын көпшілік назарына алып, онымен бірге көшеде серуендеп, достарына, таныстарына және көршілеріне мақтанышпен көрсетеді. Бұл ретте олар баланы «У, Жаман бала !» деп ұрыспайды, керісінше, олар жанашырлық танытады, қуанады, мақтау сөздер айтады. Біздің түсінігіміз бойынша, бәрі бітті. Бұл ақыр соңы! Егер шұғыл түрде әжеге барып баланың басынынң үстінен адыраспан жағылмаса, онда ол ауырып қалады немесе, ең болмағанда, ұйқысы мен тәбетін жоғалтады.
Жоқ. Сіз мұның бәріне шын мәнінде сенесіз бе? Екі жоғары білімі бар, әр екінші адамның екі дипломының бірі медициналық бола тура, сіз шынымен өзімен өзі еш нәрсе ойламай отырған балаға қараған бір ғана көзқарас оның ұйқысы мен тәбетін жоғалтуына әсер етеді деп ойлайсыз ба?
Кейде мен біз дұрыс бағытта келе жатырмыз ба деп ойланамын? Біздің медицинамызды дамытып, үлкен медициналық кластерлер салып, қымбат жабдықтар сатып алып, әлемдік әйгілі мамандарды шақыруымыз қажет пе? Егер мұнда бас маман ретінде қолында адыраспаны бар әжей болса, оның барлығы не үшін?
Мүмкін, миларымызды тазартудан бастауымыз жөн болар?
COMMENTS