Көптеген жылдан бері жақында маған біреу ескерту жасады. Тар дәлізден шығып келе жатқан әйел адамды өткізіп жібермей, барып қыстырылыстым. Ол кісі маған қабағын шытып, былай деді: «Қайда жанталасып барасыз? Шығып кетейін де».
Сол сәтте мен де бірден қорғанып, тіпті қарсы шабуылға шыққым келгенін сездім. Басымнан сөз асырмай, кекетіп жауап қайтарғым-ақ келді: «Кім бөгет жасап тұр? Шыға беріңіз!», немесе «Жылдамырақ шығуға болмай ма?», бірақ сабыр сақтап, бірнеше секунд ойланғаннан кейін бұл жағдаға мүлдем басқаша қарай бастадым.
Бұл жағдайға басқа қырдан қарап, әйелдікі жөн екенін түсіндім: дәліз шынымен тар, екі адам сыймайды ол жерге; сәл күте тұрып, оны өткізіп жіберуім керек еді.
Тіпті екінші секундта өзім де сол әйелдің орнында жиі болатыным есіме түсті. Мен де жеке шекарамады бұзғанды ұнатпймын, бірден ескерту жасаймын. Әрине ескерту жасағанда жауап ретінде мынадай сөздерді жиі естимін: «Сен кімсің өзі ескерту жасайтындай?» немесе «Жарайды-жарайды, өте бер, сенен сөз естіп тұрайық енді!».
Мен де солардың кейпін кейіп, орынды ескерту жасаған адамға дөрекі жауап қайтарып отырам ба?
Екі секунд ішінді басыма осындай ойлар сап ете қалды. Үшінші секундта өзімді қолыма алдым да, әйелге жымия қарап, кешірім сұрадым.
Ал орынды ескертулерге сіз қалай жауап қайырасыз?
COMMENTS