Мойыным мен арқама шаншу қадалып, жақында терапевтке бардым. Дәрігер маған көз қарын салды да, ары қарай компьютерінде жұмысын жасап отыра берді.
– «Бәрі түсінікті, – деді ол, – сізде остеохондроз. Мойын мен омыртқадағы бұлшықетіңіз тырысып, қысылады да, шаншу болады».
Мен таң қалдым: – «Қалай біліп қойдыңыз?»
– «Көрініп тұр ғой, – деп басын көтерместен байыппен жауап берді, – жаңа сіз кабинеттің есігін қағып, жайлап кірдіңіз де, орындыққа тік отырдыңыз. Шалбарыңыз бен көйлегіңіз үтіктелген әрі таза, жаңа кофтаңыздың бір қыртысы жоқ. Қолыңызда мұқият байланған папка, бет жағын көрген жоқпын, бірақ онда «Денсаулық» деген сыңайлы жазу болуы керек».
– «Дәл солай, бірақ мұның менің денсаулығымы қандай қытысы бар?» – деп таңдандым. Дәрігер компьютерден басын көтеріп, маған қарап былай деді:
– «Барлығы өзара байланысты. Сіздің перфекционизміңіз диагнозыңыз. Сіз психологиялық және физикалық қысым астында тым көп жүресіз, негізгі бұлшықеттеріңіз тынықпайды да, әрдайым тонуста болып, шаршайды және кей жерлерге қанды өткізбей қояды да, тоқтатып тастайды. Бұлшықеттердегі бұл тырысу қуатыңызды жейді, сондықтан сіз арықсыз және оңалмайсыз. Дұрыс айтамын ба?»
– «Иә, дұрыс айтасыз.» – деп мойындадым. Бірден бала кезімнен мені тәртіп пен ұқыптылыққа ұмтылғаным есіме түсті. Барлық дәптерімді ұқыпты жинап қоятынымын. Тіпті жол және тор көзді дәптерлер бөлек-бөлек, ал кітаптар қатар-қатар тұратын. Қарындаштарым мен қаламдарымды да пеналда бөліп қоятынмын. Тәртіпке деген бұл құмарлық мектептен кейін институтта жалғасты, қазір де ешқайда кеткен жоқ. Барлық заттарымды жинап жүремін. Ноутбугім үстелге параллель тұрады. Ешкім көрмей тұрса, кейде біреудің үстелінде шашылып жатқан заттарды да реттеп қоямын. Бұл перфекционизм жұмыста да байқалады. Мен мінсіз өнім жасауға тырысамын. Кез келген тапсырманы өте жақсы орындауға барымды саламын. Менің компаниям жасаған бағдарламалық өнімдерде қате болмауы керек. Сондықтан бағдарламаны жасауға көп уақыт кетеді де, өнімді уақытында шығаруға үлгермей жатамыз. Перфекционизмнің иесіне әкелер машақаты да көп.
Осылардың бәрі ойға келді. Есімді жинадым да, дәрігерге сұрақ қойдым: – «Енді қайтпек керек? Бұл дерттен қалай айықса болады?»
Дәрігер жымиып былай деді: – «Бұл дерттің дауасы жоқ. Сізге психологияңызды өзгерту керек. Өзгелерден мінсіз болуды тоспаңыз, өзіңіз де мінсіз болуды қойыңыз. Өзіңіздің де, өзгелердің де кемшіліктері мен әлсіздіктеріне кешіріммен қараңыз. Сізге жолыңыздағы заттар тек тура, параллель және перпендикуляр жатпайтынын мойындау қажет. Өмірде тек тік жолдар ғана емес, иірімді мен толқынды жолдар да кездеседі. Осыны қабылдаған кезде өмір сүру де оңай әрі көңілді болмақ. Адамдар да мұны сезіп, сізге тартыла бастайды. Сонда қазіргідей салқын болып көрінбейсіз.»
Мен қалжырап жымидым да: – «Сіз терапевт емес, психолог екенсіз ғой.» – дедім.
Дәрігер де жымиды: – «Қандай дәрігер екенімнің қатысы қанша? Бастысы, сіз диагнозыңызды білдіңіз.»
– «Иә, рақмет, – дедім мен. – «Енді диагнозымды білетін сияқтымын.»
COMMENTS