Соңғы кездері біздің сатылым «воронкамызда» ресейлік стартаптардың саны өсті. Бұл түсінкті де. Ресейдің экономикасы дағдарыста, мобилизация қаупі көптеген бизнесмен мен стартаперді елінен кетуге мәжбүр етті, ал оларды арасында адекват, талантты кәсіпкерлер баршылық. Олар тұрақты және агрессия жоқ жерде өз күштерін сынағысы келеді.
Ал қазақстандық венчурлік инвесторлар оларға қалай қарауы керек?
Компаниямызда бұл мәселені талқылап, келесі тезистерді анықтап алдық.
Бірінші. Соғысып жатқан Ресейдің экономикасы құлдырай бермек, ал бұл елге инвестиция салу экономикалық тұрғыдан тиімсіз болады.
Екінші. Украинамен соғысты қаржыландыруға кетіп қалмас үшін біздің қаражатымыз ешқандай жолмен Ресейдің қазынасына түспеуі керек. Ақша бюджетке қызметкерлердің жалақысы ретінде де, стартаптың Ресейден материалдар, тауарлар мен қызметтер сатып алуы арқылы да бюджетке түспеуі керек.
Үшінші. Әр ресейлік және әр орыс импершіл әрі соғысты жақтайды деген сөз емес. Ешкім ұлтына қарай және агрессор-мемлекетте туғаны үшін бойкот пен айыпталуға лайық емес.
Осы тезистерді ескере отырып, келесі шешім шығардық:
Стартап Ресейде орналасып, тек ел ішінде дамуды көздесе, мұндай жобамен біз жұмыс жасамаймыз, мұндай стартап бізден инвестиция алмайды.
Стартап шетелдік нарықтарға шығуды мақсат тұтып, команда басқа елге көшіп кетсе немесе басқа елдің салық резиденті болуға дайындалып жатса, мұндай стартапты қарастыра аламыз және оның бізден инвестиция мен қолдау алуға мүмкіндігі бар.
COMMENTS