Уақыт өте келе авторитарлы көшбасшының айналасы неге жағымпаздар мен қошеметшілерге айналады? Неге олардың саны геометраиялық прогрессиямен көбейеді?
Мұны оп-оңай түсіндіруге болады.
Авторитарлы қоғамда мемлекет басшысы биліктің жалғыз көзі болып табылады. Халық емес, басшының дәл өзі. Ол барлық игіліктерді бақылауында ұстайды: жоғары мемлекеттік лауазымдар, ұлттық компаниялардың қаржысы, елдегі табиғы байлықтар. Сондықтан бұл қоғамда биік дәрежеге жетіп, бай болудың бір ғана жолы бар – басты адамның көңілін табу. Ал бір адамның ғана көзіне түсу керек болғандықтан оның ықыласына ие болып, жағдайын жақсартқысы келетіндердің арасында бәсеке пайда болады.
Басында басшының айналасындағы адамдар және оған жақын болғысы келетіндер сыпайы болады, әдеп сақтайды, демокартия мен теңдік туралы айтады. Сосын бір-бірімен сөз байласпай-ақ олар оның көзіне түсіп, басқалардан жақынырақ болуға тырысады. Ал оның айналасындағы орын бәріне жетпейтіндіктен бір-бірін итеру, ор қазу, аяқтан шалу басталады. Кейде бұл ашық, кейде жасырын жүреді. Басшы тоқтау салмаса, жағдай ушыға түседі. Адамдар әдепті ұмыта бастайды. Басшыға деген ықыласын ашық білдіріп, оған (Отанға емес) шын берілгендіктері туралы ант беріп, оның есімін қалаларға, әуежайларға, ЖОО-дарына, мектепреге беріп, Конституацияға өзгерістер енгізуді ұсынады. Олар көршілерінің, әріптестерінің, достарының үстінен домалақ арыз жазады. Басшыға қарсы сөз айту мемлекетке опасыздық жасаумен тең деп саналады. Өзгеше ойлайтындар қамауға алынады. Біртіндеп оларға орын жетпей, лагерлер салына бастайды. Онда тек «Отанына опасыздық жасағандар» ғана емес, олардың бала-шағасы да жіберіледі. Елде үрей мен табыну жағдайы орнайды.
Бәсеке – кез келген жердегі дамудың қозғалтқыш күші.
Демократиялық мемлекеттерде иедологиялардың, партиялардың, басшылардың бәсекесі халықтың ықыласына ие болу үшін бағытталса, авторитарлы мемлекеттердегі бәсеке бір адамның көңілін табуға ұшталған.
COMMENTS