Тәжірибемде инвесторға жалпы стартаптың идеясы және командасы ұнап, бірақ қажет соманы толық қаржыландыруға ақшасы жетпейтін немесе тәуекелді басқа инвесторлармен бөліскісі келетін жағдай жиі кездеседі.

Қайтпек керек?

Осындай жағдайларда шартты жинақты қаржыландыру көмектесе алады.

Бұл не?

Инвестор стартаперге жобаға қажет қаражаттың бір бөлігін салу ниеті туралы хат береді. Ал қалған соманы стартапер өзі табуға міндетті. Осындай ниет туралы хаттармен стартапер инвесторлар жинау үшін нарыққа шығады. Толық соманы жинаған соң ол хатқа қол қойған инвесторларды жинап, ортақ инвестиция салуға шақырады.

Әрине ниет туралы хаттың мерзімі болады (әдетте бірден үш айға дейін). Кей инвестордың басқа біреумен бір пулға біріккісі келмеуі де мүмкін. Алайда стартапер үшін инвестордан құр қол қайтқаннан осы жақсы сияқты.

Сонымен қатар ниет туралы хаттарды жинаудың қосымша әсері де бар.

Әр осындай хат басқа инвесторлар алдында стартаптың беделін арттырады. Инвесторлар да адам ғой, көптің айтқанына құлақ асады. Олардың ойы қандай? Біреу стартапқа қызығып, ақаша салуға келіссе, ол да сырт қалмауы керек.

Бұны инвестиция тартудың жақсы жолы деп санаймын. Стартаптар қолданса болады.

Comments: 0