Адамның мінез-құлығы негізгі екі түйсікке бағынады: аман қалу және ұрпақ қалдыру. Бұл түйсіктер табиғаттағы барлық тірі ағзаға тән, осының арқасында аман қалып, ары қарай дамыды.
Алайда адам шын ниетін қалай әспеттеп, боямаласа да, негізгі түйсіктер оны алдымен өз қамын, жеке басын, амандығын және ұрпағын ойлауға итермелейді, яғни бірінші орында «эго» тұрады.
Олай болса, мынадай сұрақ туады: адамзат қоғамында достық сынды құбылыс неге пайда болды? Өз мүддесіне қайшы келсе де, адам не үшін дос болады, неге басқа біреуге қолда барын береді, көмекке келеді.
Алайда ойланып көрсек, достық адамның өз мүдесіне қызмет етеді және «эгосын» қанағаттандырады.
Әуелде достық ортақ мақсатқа жету үшін бірігуден пайда болды. Мыңдаған жыл бұрын ата-бабаларымыз бірігіп аң аулап, жаудан қорғана бастады. Себебі жалғыз адам үшір тірі қалу өте қиын еді, адамдар сондықтан ру-тайпаларға біріге бастады. Бұл адамдар өзара қарым-қатынас орнатып, бірге тіршілік етуді үйренді. Мысалы, біреудің аңға шыққысы келеді, ал басқа біреу демалғанды қалайды. Осындай жағдайда олар бір-бірінің айтқанын тыңдап, ортақ шешімге келеді. Себебі бүгін біреудің қалауы орындалса, келесіде басқаның айтқаны болатынын олар біледі. Осында өзара араласудың арқасында әр адам жеке өмір сүргеннен әледқайда көп пайда табады. Жаумен жалғыз алысқаннан гөрі жұмыла жеңген жеңіл.
Мыңдаған жыл бойы бұл модель жетіліп, шыңдалып, әбден сіңіп кетті.
Бүгін адамзат қоғамында достық деп аталатын мінез-құлық моделі қалыптасып үлгерді. Мысалы, адам өз уақытын бөліп, біреумен киноға баруға келіседі. Киноға бару арқылы ол басқа адамға пайдасын тигізеді. Ал келесіде бұл қылығының қайтарымы болатынын біледі. Бірге жүрген екі адамның әңгімесі жарасып жатса, олардың эгосына қарамастан, достық ұзақ болады.
COMMENTS