Адамның мінез-құлығы негізгі екі түйсікке бағынады: аман қалу және ұрпақ қалдыру. Бұл түйсіктер табиғаттағы барлық тірі ағзаға тән, осының арқасында аман қалып, ары қарай дамыды.
Алайда адам шын ниетін қалай әспеттеп, боямаласа да, негізгі түйсіктер оны алдымен өз қамын, жеке басын, амандығын және ұрпағын ойлауға итермелейді, яғни бірінші орында «эго» тұрады.
Олай болса, мынадай сұрақ туады: онда адамдар неге тілектестік танытады, бір-біріне жаны ашып, көмекке келеді.
Мысалы, кәсіби тілектестік болады, яғни жұмысшылар жеке мүддесін ысырып қойып, ұжымдық талаптарды қорғайды, жұмыстан шығарылған әріптестерін қолдап, ереуілге қатысады және жұмысқа шықпайды.
Тілектестік таныту арқылы да адам өз мүддесін көздеуді жалғастырады, себебі бұрынғы әріптестерін қорғай отыра, кейін бұның қайтарымы болады деп үміттенеді.
Осылай тілектестік те адамның болашақтағы өз қамын жеуінің кейінге қалдырылған және бүркемеленген түрі.
COMMENTS