Бірде ауылшаруашылық министрінің бір қызметкері журналистер алдында артық сөйлеп қойып, үлкен жанжал шықты. Бұл жағдайды барлық газеттер мен телеарналар іліп әкетті. Әрине жанжалдың бар салмағы министрге түсті. Кейін ол мұндай жағдайлардың алдын алу жолдарын ойластырды. Біреулер қызметкерлердің ақпарат құралдарымен кез келген байланысына тиым салып, хабарламаларды тек баспасөз қызметі арқылы беруді ұсынды. Бірақ министр басқа жолды таңдады. Барлық қызметкерлердің ауызына қақпақ бола алмайтынын түсінген министр, жиналыстарда бөлім басшыларына министрліктің саясатын жан-жақты түсіндіріп, олардан бұл ақпаратттың қатардағы әр қызметкерге жетуін талап етті. Көп ұзамай министрліктің кез келген қызметкеріне өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша баспасөзге сұхбат беруі рұқсат етілді. Мысалы, министрлік қызметкері мал шаруашылығының маманы болса, осы салаға қатысты пікір білдіруге еркі болды, бірақ басқа салаға қатысты ауыз ашпағаны жөн.
Содан бері әр қызметкер жұрт алдында жауапты саласы бойынша ғана сөйлеп келді, яғни әркім министрліктің өз саласы бойынша хабаршысы болды.
Менің ойымша, барлық мемлекеттік органдарда ақпарат құралдарымен қарым-қатынастың осы моделі болу керек сияқты.
COMMENTS