2022 жылдың 5 маусымында елімізде Конституцияға өзгерістер енгізуге байланысты референдум өтеді.
Бұл туралы не айтуға болады?
Өзгертулер жобасын халық талқысына салып, адамдардың ұсыныстары мен ескертулеріне құлақ аспағаны қынжылтады. Нәтижесінде бұл жобадан қоғамдағы халық көксеген өзгерсітер орын таппай отыр.
Референдум туралы жарияланғаннан кейін осылай асығыс өткізіліп жатқаны ұнамайды. 30 күнде ұсынылып жатқан өзгерістердің байыбына жету мүмкін емес. Бұдан билік халықпен кеңесіп, адамдардың ұсынысын тыңдауға мүдделі болмады деген қорытынды жасай аламын. Халықпен диалог құру қарастырылмаған да сияқты.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматы ретінде Конституцияның 35 бабына 65-ке жуық өзгерісті бір пакетпен референдумға шығарып жатқаны жөн емес. Барлығын қолдап немесе қарсы шығып дауыс беру керек. Бұл да биліктің халықпен санаспайтындығының бір белгісі. Жоғарыдан жұрт үшін бәрін шешіп қоятын сол ескі кеңестік әдіс.
Мұндай жағдайда азаматтар не істей алады?
Билікке ерегісіп, дауыс беруге бармай, референдумды өткізбеу керек пе (дауыс берушілердің жартысынан кемі келсе, референдум өтпеген болып саналады)? Әлде қарсы дауыс беру қажет пе (көпшілік қарсы дауыс берсе, түзетулер қабылданбайды)?
Өз басым референдумға қатысып, қолдау керек деп санаймын.
Неге?
Референдумға шығарып жатқан түзетулерді талдап шығып, Конституцияның жаңа редакциясында қазақстандықтардың қазіргі тұрмысын нашарлататын ештеңе жоқ деп айта аламын, тек оң өзгерістер бар. Алайда өзгерістер жартыкеш, жүйесіз көрінгендіктен бұл референдумды «дұрыс бағыттағы жарты қадам» деп атадым.
Тұңғыш президентке, оның ерекше мәртебесі мен артықшылықтары туралы баптарды Конституациядан алып тастау үшін ғана бұл түзетулерді қолдауға болады.
Бұл референдум Нұрсұлтан Назарбаевтің жека басына табынудан және диктатурадан алыстатйтын Қазақстан тарихындағы жаңа бетбұрыс болуы керек.
Ал қайда мойын бұратынымыз, жаңа диктатураға ма, әлде демократияға ма, бұл екінші мәселе, алдымен біріншісін шешіп алу қажет.
Сондықтан бұл түзетулерді қабылдаған соң Қазақстандағы азаматтық қоғам келесі референдумға дайындықты бірден бастап кетуі керек. Міне, сол екінші референдумға дайындық барысында Ата заңымызды жетілдіру жолдарын қоғамда асықпай, байыппен талқылап, дебаттар мен жиындар өткізіп, содан кейін ғана түзетулерді дауыс беруге шығаруымыз қажет.
Шынымен нағыз халықтық, саналы, маңдай термен келген референдум болуы керек.
COMMENTS