Бір күні бір адамның көлігі сынып қалды. Ол шеберді шақырады. Шебер көлікті мұқият қарап болып, қожайынына айтады: «Зілбалғаны ал да мына жерді соқ» деп, саусағымен көрсетті. Қожайын зілбалтаны алады да, көрсеткен жерді ұрып қалады, машина жұмыс істеп кете барады.
Біраз уақыттан кейін көлік тағы сынып қалады. «Мен шеберге не үшін ақша төлеймін екен, ол түкте істеген жоқ қой, тек қайда соғу керегін маған сілтеді», – деп адам ойланып қалады. Кісі зілбалтаны алып, дәл сол жерді тағы ұрып салады. Көлік қосылмай қалады. Онда адам алады да, басқа жерді соғады. Әртүрлі жерлерді ұзақ уақыт және қатты соққылады, бірақ көлік іске қосылмайды. Онда адам шеберге барып, оны шақырып келеді, бірақ жұмыс үшін енді ол оңдаған есе көбірек төлейтін болады.
Бұл парасатты еңбекті дұрыс бағаламайтындар мен қол күші жұмысын асыра бағалайтындар үшін әңгіме.
COMMENTS