Алматыға барған сайын, алматылықтар мен астаналықтардың арасындағы айырмашылықтарды анық сезіне түсемін.
Астана десек, мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік компанияларының қызметкерлері көп тұрады. Бұл жағдай көпшілік орындарының жалпы жағдайына әсерін тигізеді. Астаналықтар демалыста жүрсе де (мейрамханаларда, сауда орталықтарында, кинода), олардың жүргендері қызметте жүргендей болады: тәртібі қатал, түрі жинақты, киімдері ұстамды. Қайда жүрсе де, жан-жақтарына қарап жүреді, оның себебі басшыларын көріп қалған жағдайда, онымен амандасуға асығып тұрады, осы кезде қызметкердің киген киімі, іс-әрекеті, өзін-өзі ұстауы талапқа сай болмауынан құдай сақтасын.
Астаналық мейрамханаларда отырғандардың әңгімелері жиі саясат туралы болады, сондықтан дауыстарын өте шығармай, жан-жағына абайлап байқап отырады. Ел аузындағы тақырыптардың бірі кадрлық өзгертулер мен шиеленістер. Осында кімнің адамы, қай командадан шыққанын бәрі де біледі. Бастық ауыстырылған жағдайды бір компаниялар тойлап жатса, екіншілерінің көңілдеріне қаяу түседі. Сонымен бірге, әр түрлі командаларының қарапайым мүшелері бір-бірімен достасып, бір дастархан басында кездесуі мүмкін. Алайда, бір дастархан басында бейтаныс адам болған кезде, саясат және саясатқа деген ықылас жөнінде бірде-бір сөз айтпау – бұл қатал ереже. Бұл бейтаныс адамның қай лагерьге жататынын кім біледі? Бәлкім, ол «бәсекелес» команданың өкілі. Олай болса, шектен тыс ашықтық ыңғайсыз жағдайға әкеліп соқтырады. Сол себепті, таныс емес компанияларда сұхбаттасып отырғандардың барлық таныстықтары жөнінде белгілі бір мерзімге дейін ашылмайды. Өйткені, сұхбаттасып отырғандардың достықтары олардың қарым-қатынастарына қалай әсер ететіндігін өздері де білмейді. Шенеуніктер барлаушылар сияқты.
Алматылықтар болса, ол мүлдем басқа әнгіме. Олардың ішінде бизнеспен айналысатындар, өз істерінің меншік иелері көп. Олар өз-өздеріне қожа. Олар ешкімнен де қорықпайды. Ешкім де оларды жұмыстан шығара алмайды. Сондықтан, қоғамдық орындарда өздерін бос ұстап және еркін жүреді. Сөйлескенде дауыстарын қатты шығарып, жарқырай күледі. Олар басқаша көрінеді де. Ашық түсті жейделер, жалан аяққа киілген ақшыл аяқ киімдер – бұл нағыз алматылықты жаздың бір кешінде танымал дәмхананың ашық террасасында кездестіресіз. Көбінесе философиялық тақырыптарға жақын әңгімелерді асықпай отырып жүргізеді. Осында жұмыс сұрақтары да талқыланады. «Ертең кездескің келе ме? Кездесейік, бірақ таңата жұмыстарым көп болайын деп тұр: фитнесс, одан кейн автосалонға барып, жаңа көлік қараймын. Түстен кейін кездессек, қайтеді?» – алматылық кәсіпкердің осындай әңгімесін кездейсоқ естіп қалдым. Осылайша асықпай, мүсінділікпен жүргізілетін әңгімелер. Осындай әңгімелерден астаналық шенеуніктер таң қалатын шығар. Өйткені, олардың отырыстан отырысқа, кеңестен кеңеске асығып, қайта-қайта есептемеден қолдары босамайды. Олардың әр қайсысы, демалып, коктейль ішіп отырса да, осы уақытта жұмыстарында поштаның жиналып отырғанын түсінеді, ал ол дегеніміз кешке жақын кеңсеге қайта барып жұмыс шаруаларына кірісу, тағы да ұйықының қанбайтыны деген сөз. Сондықтан, қайдағы жайылып отырған әңгімелер? Бәрін тездету керек. Нақты және жұмыс жөнінде.
Алматының барлық жерлері еркіндік рухына толы. Қала әкімі кешкі асын мейрамханадан ішемін деп келсе, оған ешкім де онша әсер етпейді деп ойлаймын. Оған танымал кісі ретінде қарап, өздерінің қорқорын шегіп отыра береді. Себебі осында отырғандардың ішінен оған тәуелді болған адамдар аз. Мейрамханада сауда желісінің меншік иесі, жеке банктің акционері, автосалон басшысы, оған қоса мейрамхана басқарушысы да тамақтануы мүмкін. Олар үшін әкім деген кім?
Астанада болсақ, қала әкімі қоғамдық жерде тамақтанып отыра алмайды, себебі осы мейрамханада отырған шенеуніктердің көбісі, қала басшысымен қол алысып амандасуға міндетті түрде асығады. Амандасуға барғандарының ойынша осы кездесудің нәтижесі ретінде келесі күні қала әкімі оларды өз кабинетінде құшағын жайып қарсы алатынына сенімді.
Екі әлем, екі рух.
P.S. Бұл менің жеке сезімім. Бәлкім, бұл жағдай жай көзіме көрініп, мен қателесіп отырған шығармын.
COMMENTS