Титулдық ұлт

Титулдық  ұлт дегеніміз не?

Ол біздің елімізге атау берген ұлт, және де ұлты, тілі мен мәдениеті біздің елімізде басты болып есептелетін, әлемдегі елдердің арасында оның ерекшелігін белгілейтін ұлт болып табылады.

Бірақ, осымен бітті. 

Қазақстанда қазақ ұлтында басқа артықшылықтары жоқ және де болмау керек!

Орыс, украин, неміс, татар, кәріс және де басқа қазақстандықтар бұл елде өздерін қазақтар сияқты толық құқықты азаматтар …

Read more
Comments: 0

Ұлтшылдық – індет пе әлде қасиет пе?

       Бүгінгі Қазақстанда ұлт мәселесі өте өзекті болып тұр.

       Еліміз алуан түрлі ұлт өкілдерінің  мекені болғандықтан, бұл мәселе күн тәртібінен түсе қоймас.

       «Ұлтшылдық» сөзін алатын болсақ, біреулер бұл сөзше жиіркене қараса, басқалар өздерін ұлтшылмын деп атауды мәртебе санайды.

       Кімдікі дұрыс?

       Википедия былай деп жазады:

    …

Read more
Comments: 0

Шет елдің азаматтары.

       Баяғыда Петропавлдағы бір жағдай мені қатты таң қалдырды. Жергілікті жастардың қасында отырдым. Олар футболдан бір халықаралық жарыстың нәтижелерін қызу талқылап жатты. Сосын біреуі маған: «Біздікілер тағы бір ойынды жеңсе, топтан шығамыз!» ,-деді. Мен таңданып «Қалайша? Біз жеңіліп, ешқайда шыққан жоқпыз ғой»,- деп жауап бердім. Ол болса: «Міне! Біз екінші орында тұрмыз ғой!» , -деп телефонындағы Ресейдің тобы …

Read more
Comments: 0

Лотереялар

Ешқандай лотереяларды жақтырмаймын және оларға қатыспаймын да.

Неге?

Өйткені лотерея миға теріс белгі береді: жұмыс істемей, күш салмай, тек қана сандарды дұрыс тауып, тез байып кетуге болады.   

Одан басқа, лотерея – ол есірткі. Әр сайын сәттілікке үміттенесің де билеттерді тағы да, тағы да сатып ала бересің.

Лотеряларды ұйымдастырушылар мен казинолардың қожайындары ағлақтық тұрғыдан есірткі сатушылардан еш жақсырақ емес деп …

Read more
Comments: 0

Полиция қызметкерлерінің түсірілімі.

          Сеулда мемлекет президенті Пак Кын Хе ханымның импичментіне байланысты орын алған жаппай тәртіпсіздіктің еріксіз куәгері болдым.

          Бір маңызды затты байқадым. Шерушілердің полиция қызметкерлерімен ұрыс-керісі кезінде полицейлік киім киген көптеген адамдар әр жанжалды, әр қақтығысты камераға түсіріп отырды. Осыны көру мен үшін үйреншікті емес болды. Негізі біздің полиция қызметкерлеріміз камералардан, жалпы …

Read more
Comments: 0

Жұрттың соттарға ықпал етуі

Кейбір сот үдерістерін соттың шешімі (үкімі) шықпағанша, сонымен қатар одан кейін де талқылауға азаматтардың құқығы бар ма?  

Бар деп санаймын.

Менің ойымша, соттардың әрекеттерін талқылау демократиялық елдің азаматтарының іргелі құқығы болып табылады. Ол жалпы сөз бостандығы ізгі құқығынан туындайды. Еркін қоғамда тыйым салынған тақырыптар болмау керек. Бұл құқық тек қана соттарға тарамайды, сонымен қатар барлық мемлекеттік органдарға да қатысы …

Read more
Comments: 0

Дейл Карнеги «Достарды қалай өзіңе қаратып алуға болады»

Ерте бір кезде осы кітап маған зор әсер еткен. Мен оны әлі күнге дейін кейбір кездерде қайта оқып тұрамын. Кім әлі оқымаған болса, оқып шығуды өте ұсынамын. 

Ал оқуға  уақыты  жоқтары ұшін міне қысқаша мазмұны:

Адамдармен қарым-қатынастардың басты қағидасы:

«Адамдарға ұнағыңыз келсе – оларға ұнайтынды істеңіз!»

Осы мақсатқа жетудің тәсілдері:

1. Сынамаңыздар.

2. Мақтаңыздар (тек қана бүкпесіз және мақтауға тұрарлық …

Read more
Comments: 0

Сын

Сынағанды қабылдамайтын адамдарды ешқашан түсіне алмадым.

Олар өздеріне сынап айтылған әр сөзге ренжиді; сыртынан біреу зәрлі ескерту жасамасын деп барынша ынталанады; қандай болмаса да ұнамсыз сөйленген сөзден жұдырықтары тас түйіледі немесе ол мысқылшыл «Өзіңе қара» деп қайтарып тастайды.

Мен осындай адамдарды аяймын.

Сыннан бет бұру айнаға теріс қарағанға тең.

Айнаға қараудан қашқақтаудан сен сұлуырақ және тазарырақ бола алмайсын, тек өзіңмен …

Read more
Comments: 0

«Патшалар» және «көсемдер»

       Диктаторлардың екі түрі болады.

       Бірінші – бұл «патшалар» немесе «хандар».

       Олар билікте ұзақ отырып, барынша пайдаға кенеліп қалуға тырысады. Олар елдегі ең бай адамдар атанып, ағайын-туысы мен таныс-тамырлары «Forbes» тізімінен ойып тұрып орын алады. Ең қымбат яхталар, ұшақтар мен қайықтар да олардың меншігінде болады.

       Жиған байлығы өзімен қоса …

Read more
Comments: 0

Мінбер мен көлеңке

Мінберге шығып тұрған және ықтырма артында тұрған адамдардың түйсіктерінде және мінез-құлықтарында зор айырмашылық болады. 

Сен көпшіліктің назарында болғаныңда, жүздеген көздің қадағалауында болсаң, сенің миың әуре-сарсаңға түседі. Бұл сенің қимылдарыңа және сөйлеген сөзіңе бұғау салып тастайды.  Сен мелшиіп қаласың, тұтығасың, айтқың келгенді жеткізу үшін сөз таба алмайсың. 

Ал сен артқы планда тұрғаныңда мүлдем басқаша болып еді. Сен  сабырлысың, жинақтысың, көңілің қадалған …

Read more
Comments: 0