Все статьи из рубрики "Саясат"

Мереке күндері.

7 мамыр күні Қазақстанда Отан қорғаушылар күні атап өтіледі.

Неге дәл 7 мамыр деген сұраққа жауап іздеп көрмедіңіз бе?

Бұл күні қандай оқиға орын алды?

Мүмкін қазақ батырлары жоңғарларға қарсы ұлы жеңіске жеткен шығар? Амангелдінің жасақтары ерлікпен қаза тапқан күн болар? Екінші дүниежүзілік соғыста шешуші шайқас болған күн болар?

Жоқ. Бар болғаны 1992 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің …

Read more
Comments: 0

Қарапайым қазақтан қарапайым ағылшынды бай қылатын 12 айырмашылық.

     Қарапайым қазақтан қарапайым ағылшынды бай қылатын 12 айырмашылық.

  1. Ағылшын шағын пәтерде тұрады. Достарын қонаққа шақыратын болса, кафе немесе ресторанда күтеді. Қазақ кең, көп бөлмелі үй салады. Бұл бөлмелер ары кетсе жылына 3 рет қонақ күту үшін падаланылса, басқа уақытта бос бөлмелерді жылы, таза ұстау келіндердің мойынында.

  2. Ағылшын кез келген жерде өз пайдасын ойлап жүреді. Пәтерінің бос бөлмесін жиі

Read more
Comments: 0

Қадірлі достар!

     Қазақ тілін латынға көшіру қоғамда қызу талқыланып жатыр. Ғаламторда әліпбидің әр түрлі нұсқалары жарияланды. Басты тартыс қазақ тіліне тән бірнеше әріп төңірегінде ғана жүріп жатыр. Ал латынның «a», «b», «d», «p», «r», «s», «t» сынды негізгі әріптеріне қатысты ешқандай дау жоқ.

     Демек латынға көшу қажеттілігін көпшілік мойындайды. Енді пікірталасты қазақ тілінің спецификалық әріптері төңірегінде жүргізіп, әр …

Read more
Comments: 0

Қадірлі достар!

     Қазақ тілінің даму мәселесіне бұрыннан қызығамын. Өзім әр түрлі деңгейде 4 тілді білемін: қазақ, орыс, ағылшын және италия тілдері. Көптілділік осы тілдердегі кейбір заңдылықтар мен мәселелерді байқауға мүмкіндік берді.

     Қазақ латын әліпбиінің өз нұсқамды ортаға салуға тәуекел еттім (төмендегі суретті қараңыз).

     Алдымен біраз анықтама беріп кетейін.

     Диграфты әліпби ғаламтор кеңістігінде қызу пікірталас …

Read more
Comments: 0

Диктаторды биліктен тайдыру

       Диктаторды биліктен қуғанмен, әдетте орынына жаңа диктатор келеді. Бұл жағдай қоғам құлдық санадан арылып, диктатураға төзбейтін деңгейге жетпейінше жалғаса бермек. Сондықтан диктаторларды ауыстырғанша, азаматтық қоғамды дамыту қажет.…

Read more
Comments: 0

Дамыған Қазақстан

            Өткенде таныс италиялықпен  кездесіп, әңгіме мемлекеттік қызметтер тақырыбына ауысып кетті. Оған біздің ХҚКО жүйесі қатты ұнапты. Оларда жағдай басқаша, халық әлі де бірнеше мекеменің табалдырығын тоздыруға мәжбүр екен.

           Италияда қағазға басылған  «Codici fiscale» (біздің бұрынғы СТН) деген құжатты өзіңмен алып жүру қажет болып шықты. Біз мұндай қағаздың болғанын да …

Read more
Comments: 0

Мемлекеттік троллинг

– Ассалаумағалейкүм, Марат аға. Менің атым Азамат. Біз Фейсбукте доспыз. Сізді тұрақты оқып тұрамын.

– Уағалейкүмәссалам, Азамат! Қуаныштымын!

– Сізбен жүздесудің сәті түскені жақсы болды ғой. Сізге айтарым бар еді.

– Жақсы, тыңдап тұрмын.

– Сізден кешірім сұрайын деп едім.

– Кешірім? Не үшін?

– Қазір бәрін айтамын, түсінесіз.

Осыдан екі жыл бұрын ЖОО бітіре салысымен Астанаға келдім. Жарқын болашаққа …

Read more
Comments: 0

Ақпараттық саясат туралы мемлекеттік тапсырыс.

       Үкіметтің екі таңдауы бар: халықтың қалауынан шығу, онда БАҚ үкіметті өзі мақтайтын болады, немесе халықтың қалауымен санаспай, БАҚ ақша төлеп, үкіметтікі дұрыс деп мадақтатып қою.…

Read more
Comments: 0

WADA туралы Кремльдің өсегі

        Кремльдің сойылын соғатын апарат құралдары Әлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) кейбір американдық спортшыларға (мысалы, апалы-сіңілілі Вильямстарға) тиым салынған препараттарды қолдануға рұқсат бергені жөнінде жарыса жазды. Бұл масқараның ашылуына «Fancy Bears» хакерлер тобының сіңрген еңбегі ұшан-теңіз екен.

        Енді мәселенің анық-қанығын барлайық.

        WADA жасырын әрекет етуге бармайтын ұйым. Кей препараттарды …

Read more
Comments: 0

Ресей құрамасын олимпиададан шеттетудің себебі неде?

        Сонымен Ресей ұлттық құрамасын Кореядағы қысқы олимпиадаға қатыстырмауының нақты себебі неде?

        «Гардиан» газетінде  Әлемдік допингке қарсы комиссия (WADA) басшысы Макларен мырзаның Ресейдегі допинг қолдану және жасыру фактілері туралы баяндамасы жарияланды.

        Бұл баяндамада ресейлік спорт министрлігі 2010 жылғы Ванкувер қысқы ойындарындағы сәтсіздіктен соң «жойылатын позитивті методолигия» жоспарын енгізу және …

Read more
Comments: 0