Біздің қоғамымызда делдал деп аталатындарға жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Оларды бағалардың жоғарлауы үшін, адам айтқысыз және де ақталмаған табыстар үшін және басқа да күнәлар үшін айыптайды.
Мен оларды жақтап бірнеше сөз айтқым келеді.
Делдал деген кім? Ол өндірушілерден олардың өнімін сатып алатын және де тұтынушыларға оны сататын кәсіпкер. Әдеттегі ауылдық делдал – ол ауылдарды аралап, ауылдықтардан сүт, ет, жүн, тері және т.б. сатып алатын, оны қалаға әкеліп, өндіретін кәсіпорындарға немесе нарық сатушыларға сататын дайындаушы.
Егер кімде-кім бұл табыскерлікті оңай және де көл-көсір ақша әкелетін деп ойласа, мен оның өзін күн сайын таң ата шыжыған ыстықта да, үскірген аяздада тұрып, бірнеше нүктелерді аралап, тауарды қабылдап, әр бір тыйын үшін саудаласып, бұзылып кетеді ме деп үрейленіп, жүкті жүздеген километрге апарып, әр тиын үшін саудаласып, оны сатып көрсін деп шақырамын.
Осылай еңбектеніп көріңіздерші.
Делдалдардың тізегіндегі келесі бөлігі – ол базарлық саудагерлер. Бұлар өздері кім? Күнде құлқын сіріден базардың қақпасының алдында дайындаушыларды тосып алып, олард ауылдардан әкелген тауарларды, бүгін тауарлардың бөлігін сата алмайтынын біле тұра, қауіп-қатерге басын тіге отырып сатып алатын, одан кейін, сатып алушыларға күлімсіреп, тауарды мақтап, кешке дейін сөре артында тұратын, сонымен бірге шорбуынға тап болған және де бүйректеріне еденнен суық тигізгендер болады.
Бұл еңбек оңай және де рақат деп әлдекім ойлады ма?
Осылай еңбектеніп көріңіздерші.
Барлық осы дегдалдар бекер пайда болған жоқ. Оларға деген қажеттілік бар. Шынында бірде-бір ауылдық, өзінің сиырын сойып, облыстық орталыққа оны жүздеген километрге апаруға, онда күні бойы соны сату үшін сөре артында тұруға аңсары аумайды. Және де сатып жіберу әрбірдің қолынан келе қоймас. Сауда жасау үшін малды өсіріуден және бағып күтуден басқа тіпті басқа дағдылар қажет. Сондықтан да шаруа рақаттанып өзінің тауарын дәл қорасынан делдалдарға бере салады. Солайша дайындаушылар да базарда сауда жасағылары келмейді.
Әрқайсы өзінің табыскерлігінің маманы және де онымен кәсіби шұғылданады. Сондықтан да, егер біз шыныменен базардан барлық делдалдарды алып тастасақ, ең басты өндірушілер мен сатып алушылар қиянат көреді. Өндірушілер өздерінің өнімдерін ешкімге тапсыра алмайды, және де бірнеше күннен кейін сатушы сөрелерінде тапшылық пайда болады. Ал тапшылық бағалардың өсуіне апартатындығы даусыз. Ылғи да осылай: бағаның өсуімен күресеміз, ал нәтижесінде бағалардың одан сайын өсуіне тап боламыз.
Барлық қарапайым адал ниетті делдалдарды, керісінше, қолдау қажет. Оларға мал тасымалдайтын, сүт тасымалдайтын көліктерді және басқа да жабдықты сатып алу үшін несиелер беру қажет. Оларға шикізат сатып алу үшін несиелер беру қажет. Олар көбірек болғаны үшін, бір бірімен бәсекелескендері үшін, клиенттер үшін «соғысқандары» үшін оларға барлық жағдай жасауымыз керек. Тек сонда ғана олардың комиссялық сыйақылары төмендйді және де әрбір шаруашылық немес ауылдық үшін тауарларын сату жеңіл іске айналады. Олар қуана-қуана өздерінің өндірістерін өсіріп жетілдіреді, ал тұтынушылар үшін сатушы сөрелерінде ылғи да жаңа, сапалы өнімдер болып тұрады.
Енді адмадардың мүлдем басқа санаты туралы – қара ниетті делдалдар туралы сөйлесейік. Бұлар аулдықтарға басқа дайындаушыларға өзінің тауарын сатуға жол бермейтін және де дайындаушыларға басқа саудагерлерге өзінің тауарын сатуға жол бермейтіндер.
Міне кім біздің нақты жауларымыз. Олармен күресу қажет. Шын мәнінде, басқа біреудің кәсіпкерлік ісіне кедергі жасау заңға қаргы әрекет болып табылады, сондықтан ол заңмен және көпшілік алдында ұялтумен жазалану қажет.
Енді қорытындысында. Әрине, мен жоғары айтып кеткеннің бәрі шаруашылық өнімдерді өндіру бойынша басты қызметті жоймайды: сүт фермаларындағы сүтті, мал жемдейтін алаңдардағы етті, егістіктердегі көкөністерді, бақшалардағы жемістерді және т.б. делдарлардың тек өздері бізді тойындырмайды және де шөлімізді қандырмайды, олар тек қана базарға қатынасушыларды қосатын қантамырлар сияқты.
COMMENTS