Бізде Қазақстанда өзін сыйлайтын әр ағатай (жоғары қызметтегі шенеунік, ірі бизнесмен) әйеліне (қызына, көңілдес әйеліне) қандай болмасын бизнесті сыйға тартуды өзін міндетті көреді (мен бұндай бизнесты «әйелский бизнес» деп атаймын: «әйелдер» деген сөзден емес, «әйелдері» деген сөзден).
Негізінде әйелдер (қыздар, көңілдес әйлдер) өздері жиі кездесіп тұратын салада бизнесті ашады – ол сұлулық салондары, сәнді киімдер бутиктері, мейрамханалар, сән үйлері және т.б. Бизнестің мөлшері ағатайдың капиталына және оның әйелжандылығының деңгейіне байланысты.
Көбінесе бұл жобалардың бизнес-жоспралары да жоқ, яғни, олар экономикалық есептер мен маркетингтік зерттеулердің негізінде емес, тек «Жаным, өтінемін» немесе «Менің Әлиядан немесе Әселден нем кем?», әлде «Жаным, бірдемемен шұғылданшы, тек жұмыстан кейін миымды шірітпеші, мен онсыз да шаршадым» деген сөздерден кейін пайда болады. Бизнес-жоспардың бәрі осы.
Дүкеннің (сұлулық салонының, мейрамхананың) жұмысы әдетте салтанатты және көп үміттендіретіндей басталады. Алғашқы кездерде қожайын өзі реттік пен тәртіпті қадағалайды.
Бірақ, әр жел мінезді кісідегі сияқты, оның бизнеске деген қызығушылығы бірте-бірте басылады. Ол қырағылықтан айырылады. Көрсетілетін қызметтердің деңгейі тиісінше төмендейді, түсім ақша азаяды.
Әйелдер (қыздар, көңілдес әйлдер) алаңдай бастайды да дереу іске іске батады немесе жағдайды заттарды жедел жаппай сатумен, көрсететін қызметтерге шегерімдер мен дисконттармен құтқарады. Олар ақшаны есептемейді ғой, сондықтан тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің бағасын өтелімділігінің шегінен төмен түсіріп жіберулері мүмкін. Бұл бизнес залалды және де әжептәуір ұзақ уақыт жұмыс істей беруі мүмкін, бірде отбасылық «несиелік кеңесте», кешкі тамақ кезінде «Тағы ақша қажет па?! Бұл қаншаға созылады?! Ал табыстар қашан болады?!» сияқты сұрақтар тумағанша. Осыдан кейін инвестор (ағатай), ақыр соңында, бизнестің жағдайын білуді шешеді, көмекшісіне «аудит» өткізуді тапсырады және де бір аптадан кейін жағымсыз тұжырым алады.
Инвесторды ашу кернеп кетеді, ол бизнесті шұғыл өзінің басқаруына алады да біраз косметикалық жөндеуден кейін оны сатып жібереді немесе оны «қайта құрылымдайды» (дүкен мен заттар арзаңға сатылады).
Түптеп келгенде, біздің неміз кетті? Ақша біздікі емес, ағатайдікі ғой!
Дегенмен бұл әйелский бизнесте бір мәселе бар. Әңгіме оларға жақын маңайда ағатайлардың емес, меншікті немесе несиелік ақшаға ашылған басқа дүкендер, салондар мен сәндік үйлері болғанда. Олардың қожайындары қаражатты біртіндеп жинады, бизнесті бастау үшін өздерінің пәтерлерін кепілге салды, енді оларды банктің пайыздары қысып барады. Олар ағатайлардың әйелдері (қыздары, көңілдес әйлдері) сияқты шығынға ұшырап жұмыс істей алмайды және тауарды оның өзіндік құнынан төмен сата алмайды.
Сондықтан, жақын маңайда біреудің әйелский бизнесте жаппай сатылымдар болып жатқанда, барлық клиенттер сонда кеткенде қарапайым бизнесмен әйелдер осындай «бәсекелестіктен» тауарларын сата алмайды, олардың салондары бос қалады, шығындары өседі, одан банкроттыққа да, жұтау да алыс емес.
Сондықтан, құрметті ағатайлар, олардың әйелдері (қыздары, көңілдес әйелдері), әйелский бизнесты ермек еткен кезде осыны естеріңізде сақтаңыздар!
COMMENTS