Жақын арада өзімнің жиеніммен – бойжеткен қызбен сырластым.
– Сізге қандай қыздар ұнайды, Марат аға? – деп сұрады ол, – Ер адамдардың психологиясын түсінейін деп едім.
– Мен, мүмкін, белгілі типке жататын ер адамдардың өкілі емес шығармын.
– Дегенмен, маған сіздің ойыңызды білу қызық.
– Жақсы. Тыңда. Ер адамдар әйелдердің ішкі рухани әлемі туралы қанша айтса да, қыздарға деген бірінші пікірі оның сыртқы келбетіне негізделе құрылады. Сол себептен әйелдердің сұлулығы бірінші кезекте. Ол ең басты себеп емес, бірақ бірінші себеп. Қарым-қатынастары қыздың бай рухани әлемін зерттеу кезеңіне дейін жетпей қалуы мүмкін. Егер ол көріксіз, өз-өзін күтпейтін, тұрпаты келіссіз болса, оның ер адамның терең қызығушылығын оятуға мүкіндігі болмайды.
– Демек, мен бекер боянып жүрген жоқ екенмін.
– Айта кетейін, косметиканың көп болуы, керісінше, мені олардан алшақтатады. Қыздың бетіндегі косметиканың бар болуын мен тіпті аңғармауым керек.
– Өзін жақсы күтетін қыз дегенді қалай түсінуге болады?
– Ол дегеніміз қыздың сырт келбеті мен киімі таза және ұқыпты болуы керек. Еріндері боялмаса да, мойны таза болуы керек дегендей.
– Түр-тұрпаты келісті деген қандай? Толықша қыздар еркектерге ұнамайды ма?
– Кейбіреулерге ұнайды. Ал маған – жоқ. Менің ойымша қыздар қыпша белді болуы керек. Ал іші мен бүйірі қап сияқты салбырап тұрмауы керек.
– Сіздің талаптарыңызға сай болу өте қиын.
– Байқасаң, қыздың табиғат сыйлаған сырт келбеті жөнінде сөз қозғаған жоқпын. Мен ешқашан мінсіз тұрпатты аяқтары болмағаны, бойының ұзын-қысқалығы, бет әлпетінің көріксіздігі үшін айыптаған емеспін. Бұның бәрін адамға табиғатпен беріледі. Бірақ мен айтып тұрғандардың бәрі қыздың өз қолында. Тек қана ерік күші керек. Қыпша белді болу үшін тұрақты түрде спортпен шұғылдану керек. Бет әлпеті мен дененің сұлулығы күнделікті күтім нәтижесінде ғана пайда болады.
– Қыздардың темекі шеккеніне қалай қарайсыз?
– Жо-жоқ! Егер әйел адам темекі шегіп немесе арақ ішсе, ол мен үшін әйел емес, белдемше киген еркек.
– Жақсы. Әйел арақ ішпейді, темекі шекпейді, күтінген, сымбатты делік. Осымен болды ма? Кез-келген еркек оның аяғына жығыла ма?
– Еркектің оған деген алғашқы қызығушылығы оянады. Енді ол онымен танысқысы келеді. Келесі кезекте әйелдің бай ішкі дүниесі әрекет етеді. Осыған байланысты еркек онымен бір кешті немесе бар өмірін өткізуін шешеді.
– О! Енді қызық! Мен ер адам менімен бар өмірін өткізуді армандауын қалаймын, ал қазір бір немесе бірнеше кешті өткізуді ойлайтындар ғана кездеседі.
– Көпшілік қыздардың басты қателігі осындай қарапайым қызығушылықты байқағанда, еркектен көңілі қалып, кері бұрылып басқаларын іздеуінде. Кейін бұл тағы да қайталанады. Іс жүзінде бұнда ешқандай жамандық пен қорлық жоқ. Бұл табиғи түйсік. Онымен күресу мүмкін емес. Оны қолдана білу керек. Яғни, мен алдында айтқандай, сексуалды құмарлығын ояту үшін сұлулығыңды пайдаланып, одан кейін интеллектуалды және рухани қызығушылықты артасың.
– Интеллектуалды қызығушылық дегеніміз не?
– Түсінесің бе, еркек әйелмен бір кешті өткізіп, төсекпен аяқтауы мүмкін. Ол онымен бір-екі ай, мүмкін бір жыл бірге болуы мүмкін. Бірақ бір құмарлықпен оны ұстай алмайды. Олардың арасында интеллектуалды жақындық керек. Еркек пен әйел бір-біріне қызық болуы керек. Ақылды, табысты еркектің әйелі болғың келсе, оған сәйкес болып, көп оқып, білімді болуың керек. Сол себептен, мен саған әрдайым журналдарды оқығанша, кітап оқы, телехикаяларды көргенше күрделі фильмдерді көр деп айтамын. Еркек журналдарды оқымайды және Леди Гага қандай киім кигенін білмейді. Ол «Сүлеймен Сұлтан» фильмін көрмейді, және ол оның әйелдерінің жанжалдарын сенімен талқыламайды. Оған ол қызықсыз. Әрине, егер ол мен сияқты болса. Ал философия, саясат, дін туралы әңгімелер – мәңгілік тақырыптар.
– Олай деп айта алмаспын! Әйел мен еркек кездесу барысында философия туралы әңгімелескендерін елестете алмаймын.
– Жоқ, әрине алғашқы уақытта ол саған гүлдер мен тәттілерді сыйлап, құлаққа жағымды қошемет сөздерін айтады. Ал кейін? Романтикалық кезеңнің соңы келеді. Ал біз ұзақ мерзімді қарым-қатынас туралы сөйлесіп жатырмыз.
– Рухани қызығушылық дегеніміз не?
– Әйел адам сымбатты және ақылды бола отырып, мейірімсіз, есепшіл, қу және дүниеқор болуы мүмкін. Бұндай әйелмен мен өмірімді ешқашан байланыстырмас едім.
– Сонда әйел адам қандай болу керек? Еркек қолдана алатын қарапайым болуы тиіс пе?
– Жоқ. Не үшін? Өзіңді құрметтей білу керек, бірақ ол құрметті айқай мен жанжал арқылы иемдену дұрыс емес. «Әйелдер, еркектермен дауласпаңдар, бірден жылаңдар» деп босқа айтпаған ғой. Мен үшін өзінің қатаңдығымен өзін қорғай алатын әйелден жаман әйел жоқ. Әйелдерге өзіне сенімді өрескел көкпет әйелдің кейпін әйел адам мінезінің үлгісі ретінде кім ұғындырған? Мүмкін көкпеттер бір-біріне ұнайтын шығар. Бірақ еркектерге емес. Кімге ұнаса да – тек маған емес. Егер әйел өзінің кешігіп қалған жолдасын қолында оқтаумен қарсы алып, жанжал тудырып, қолдарын бүйіріне қойып алып, өте ұнамсыз дүниелерді айтса, мен үшін ондай әйелдің бардан жоғы жақсы. Мен ашулы әйелдің айқайынан, қорғансыз қыздың бәсең даусымен келісер едім. Мен көз алдымда билік үшін күреске дайын айбарлы қарсыласты емес, қамқорлықты қажет ететін нәзік жанды әйелді көргенде менің еркекке тән қорғаушы, жақтаушы, сүйеніш болуға итермелейтін сезімдер оянады. Сол себептен, сырттай қарағанда отбасыда еркектің басымдылығын мойындайтын, бірақ өз дегеніне жайлап жететін сыпайы, тәрбиелі, дана әйел сүйкімдірек. Тәжірибесі бар «етек асты еркек» ретінде мен саған шынымды айтайын, менің жұбайым сөйлегенде аса байқатпағанымен, нені меңзеп тұрғанын мен бұрыннан бері түсінуге үйрендім. Мен бәрін түсінетінімді, ол да түсінетінін білемін. Біз әрқайсысымыз өзіміздің рөлімізді ойнаймыз. Мен – шешім қабылдайтын отағасымын, ал ол – сабырлы кеңес беруші. Көп жағдайда менің қабылдайтын шешімдерім, оның кеңестерімен сәйкес келетіні түсінікті. Алайда, бұндай жағдай екеумізге де қолайлы. Егер де менің әйелім маған әрдайым нұсқама беріп, мен оны тек орындап жүрсем, мен айналамдағылардың көз алдында және өзім үшін кім болар едім?
– Менің ойымша Қазақстанда көпшілік еркектер, керісінше, билік етіп, әйеліне бұйрық бергенді қалайды.
– Иә, ондайлар көп. Бірақ, мен өзім диктатураны саясатта да, отбасыда да, ешқайда болғанын қаламаймын. Сондай-ақ, дана әйел еркекке ақылды кеңес беріп, қалай болса да отбасыда лайықты орынға ие болады. Тіпті патриархаттық отбасы болса да.
– Біз махаббат туралы тым сындарлы ойлаймыз. Қандайда бір аргументтер мен дәлелдер. Махаббат ұшқын сияқты, бірінші көзқараспен тұтанбайды ма? Бір рет және мәңгілікке!
– Тұтанады. Бірақ, мен саған әккі материалист ретінде айтайын, ұшқын оң және теріс зарядталған элементтердің арасында пайда болады. Адамдардың арасындағы қарым-қатынаста ешқандай ертегі жоқ. Барлығын түсіндіруге болады. Ұшқын бірінші көзқараспен қалыпты еркек пен көріксіз, күтінбеген, тәрбиесіз әйел арасында пайда болмайды. Ал егер қыз сұлу бола отырып, барлығын дұрыс айтып және жасап жатса, еркек оны бір көргеннен-ақ жақсы көргеніне сенімді болады. Сонымен қатар, ғашықтық пен махабатты ажырата біл. Ғашықтық – бұл құмарлық, от, ессіздік. Бенгал оттары сияқты. Ал махаббат – тереңдік, толығымен жұтыла білуді қажет ететін саналы қадам. Алауошақтағы от сияқты. Әрине, алауошақтағы от бенгал оттарымен тұтатылғаны жақсы, бірақ ол кейін сені өмір бойы жылытатын тұрақты үлкен алауға айналғаны маңызды.
COMMENTS