Еркектік намыс және әйел абыройы туралы біздің және олардың түсініктеріміз немен ерекшеленетінін сіз білесіз бе?
Біз үшін еркектік намыс ер-жігіттің өзін және өз отбасын сыртқы қауіп-қатерден қорғай алатынымен бағаланады. Мысалы, көшедегі жәбірлеушілерге соққы бере алу, кесіп өткен машинаны қуып жету және арсызды тәртіпке салу, сондай-ақ, оны ақымақ деп атаған адамға мұрнын бұзу.
Өз намысын қорғай алған ер адам бізде нағыз еркек болып саналады.
Сондықтан ерлер арасында жауынгерлік өнер мен әр түрлі жекпе-жектер кеңінен таралған. Қауіп-қатер күнде бізді көшелерден күтуде. Біз мықты, ержүрек, батыл болуымыз керек. Осындай ерлік қасиеттер бізде ерекше бағаланады. Өйткені әрбір күнің – бұл өз намысың үшін күрес болып табылады.
Оларда еркек намысы қалай бағаланады екен?
Олардың қоғамы шектен тыс гуманисті болып келеді, ондағы адамдар тым мейірімді және сыпайы. Сондықтан күрес, күш, ұждансыздықтың дағдылары біртіндеп басылып кеткен.
Олар сыпайы, мейірімді, парасатты ер-жігітті намысы бар ер адам деп санайды. Мұндай ер адам дөрекі адаммен сөздік ұрыс-керісте жеңілуі мүмкін және дөрекі адаммен төбелесу кезінде таяқ жеуі мүмкін. Бірақ бұл жағдай олар үшін ең қауіпті және ең маңызды болып саналмайды. Олар үшін ең маңыздысы әлсізді ренжітпеу, әйелге тіл тигізбеу, жымысқы әрекеттерді жасамау. Олардың түсініктері бойынша осындай ер адамда намыс бар.
Біздің түсінігіміз бойынша әйел абыройы деген не?
Ең алдымен, бұл пәктік. Әйел тұрмысқа пәк қыз болып шығуы керек, қыдырмай, күйеуінің тілін алуы керек және балаларға таңертеңнен кешке дейін қарауы керек. Біздің түсінігіміз бойынша әйел қасиетінде осылар маңызды болады.
Бізге әйелдің білімі, оның саяси көзқарастары, өмірде қандай жетістіктерге жеткені маңызды емес. Ең бастысы, сәтті күйеуге шығып, әйелін және балаларын асырай алатын нағыз ер адамның кең иығының артында болу. Егер әйел осылай тұрмысқа шықса – онда ол жақсы, қадірлі әйел болып саналады.
Оларда болса, бәрі басқаша, мүмкін бұл әйелдің ертеден бастап ер адамның меншігі болып саналмағантындықтан болар. Оларда әйелдің абыройы оның пуритандылығымен және жыныстық тәжірибесімен, нақтырақ айтқанда оның болмауымен анықталмайды. Олар үшін басқасы маңыздырақ: оның тәуелсіздігі, мейірімділігі, өз балаларын жақсы көруі, басқа адамдарға көмектесе білуі, қайырымдылық көмек көрсете алуы.
Осылайша екі мәдениет, екі философия бір-бірімен түйіседі де бір-бірін түсінбей жатады.
P.S. «Біз» және «олар» дей отырып, мен ұлттар мен мемлекеттер мағынасында атамаймын, себебі осы және басқа философияны ұстанатындар барлық елдерде дерлік әр түрлі пропорцияларда тұрады.
COMMENTS