Бірнеше жыл бойы демалыста өзім Еуропаның жолдарымен жүріп жүрмін. Ол жақта автобанмен жүру – жұмыс емес, нағыз рақаттылық.
Еуропаның жазықтарында баратындармен осы уақытта алған бірнеше тағылымдармен бөліскім келеді.
1. Дабыл қақпаңдар.
Бұл жақта дабыл қағу жаман мінез кейпі деп саналады. Зуылдаққа тек қана ең аса қажеттілік жағдайда басыңыз, мысалы сізді шынымен көрмей қалып, тиіп кетуі мүмкін болғанда. Бағдаршамның жасыл түсі жанғаннан кейін артта тұрған жүргізушілер сізді тағы 5 секунд, сіз оянғаныңызша, сабырлы тосып тұрады. Сондықтан, Қазақстанда сияқты, жасыл түс жанғаннан кейін секундтің 0,001 ғана бір бөлігі өтсе, қоңырауды шыдырлатуда қажет жоқ.
2. Трассада қашықтықты сақтаңыздар.
Трассада алдыңызда келе жатқан көлікке тым жақындап баруға болмайды. Бұл да әдепсіздік. Алғашқы кезде арамызда қыл өтпейтіндей арттарынан жүріп отырғаным есімде. Бірақ жергілікті жүргізушілер оңға қарай жалт бұрылып, маған орын бергендерін байқап қалдым. Мүмкін, олар бұндай тығыз байланысқа үйренбеген шығар. Еуропалықтар жалпы адам өмірін өте жоғары бағалайды, сондықтан оған деген азғана қауіп пен қатерден қашқақтайды. Әрине, арттан қысып немесе кенеттен басып озып кететін даңғойлар да кездесіп қалады. Бірақ олардың нөмірлері мен жүздеріне қарасаңыздар, көбінде ТМД және Шығыс Еуропадан келген туристтер екенін түсіне қаласыздар.
3. Сол жақ қатарды қажетсіз кіріп алмаңыздар.
Біз трассаларда «Мен ең сол жақ қатарға кіріп алсам, ең пысық боламын» деген қағидат бойынша жүріп дағдыланып кеткенбіз. Оларда «Қажетсіз сол жақ қатарға шықпаймын» деген қағидат бойынша жүреді. Сондықтан сол жақ қатар бос тұрғанның өзінде бәрі орта немесе оң жақ қатарда жүргендері, ал сол жақ қатарға біреуден озып өткенде ғана тұрғаны мені қатты таңдандырған. Сонда да, басып озғаннан кеійн тағы да орта немесе сол жақ қатарға қайта оралады.
4. Басқаларға жол беріңіздер.
Егер сіз дағды бойынша сол жақ қатарда келе жатсаңыз, ал артыңыздан көлік қуып жетсе, алдын ала оң жақ қатарға тұрып, оған жол беріңіз. Ол, әрине, дабыл қақпайды, ең болмағанда сол жақ бұрылысты көрсететін жарықты қосып, сізді озып басқысы келетінін, бірақ олай істей алмағанын, көрсетер. Олар біздің жақта сені біреу басып озғанын жеке қорлауға теңдегенін білмейді ғой, сондықтан өлсек те, жол бермейміз. Еуропалықтардың көзінше сіздер көргенсіз адам болып көрінесіз. Тағы да, егер сіз енсіз ирек жолмен (бұндайлар Италияда өте көп) келе жатсаңыз, ал артыңызда 2-3 машинадан құралған «құйрық» пайда болып қалса, өзімшіл болмаңыз, оң жақтағы ең жақын жердегі «қалташаға» тоқтап, оларға жол беріңіз. Осылай дұрыс болады.
5. Басқаларды қауіп туралы ескертіңіз.
Егер сіз трассада кенет машинаны тежеп қалатын болсаңыздар, лезде «апаттық белгіні» қосыңыздар. Осылай сіздер артыңызда келе жатқандарды олар кенет тежеуге дайындалғандары туралы алдын ала ескертесіздер. Бұнда бәрі де осылай істейді.
P.S. Тек қана бір нәрседе еуропалықтар бізден аррта қалып қойды. Олардың ойларына әлі күнге дейін бір-бірін «апаттық белгіні» қосып алғыс білдіру келмепті. Бұл нағыз біздің тапқан өнеріміз. Еуропаның бір де елінде бұндайды кездестірмедім. Әбден, өкінішті-ақ. Біреу саған жол бергенде кейде «рақмет» деп айтқың келіп тұрады.
COMMENTS