Бұл шетел сөзі, дау-дамайды, у-шуды, қызу пікірталасты, жаппай талқылауды, жанжалды, мазасыз жарнаманы, эмоциялық қозуды және т.б. білдіреді.

       Хайп коммерциялық, әлеуметтік, саяси болады.

       Коммерциялық хайп қандай да бір тауарға, тұлғаға немесе компанияға деген қызығушылықты арттыру үшін көтеріледі. Мысалы, осыдан бір жыл бұрын Қазақстанда «KСell» және «Tele2» компаниялары арасындағы билбордтар соғысы түріндегі әжептәуір хайп ойнатылды. Бұл шу екі компания үшін де сәтті болып, олардың танымалдылығын арттырып, клиенттер санын көбейтті.

       Жағымсыз хайптар да болады. Мысалы ұятты жерлерін пилоткалармен жауып, жартылай жалаңаштанған стюардессалармен жасалған сәтсіз жарнама тапсырыс берушінің беделіне зор нұқсан тигізді.

       Жасанды, ойдан шығарылған хайптар да болады. Мысалы, танымал эстрадалық әншілер кейде өздерінің ажырасуы мен татуласуы, күйеулеріне алып берген тоқалдары және олардың жасаған опасыздықтары туралы оқиғаларды ойдан шығарады. Осындай жанжалдар олардың ел аузында болуын және оларға деген сұранысты қамтамасыз етеді.

       Әлеуметтік хайп қандай да бір мәселеге жұртшылықтың назарын аудару мақсатында жасалады. Мысалы, шетел журналисті қазақстандық банктегі қызметтердің мемлекеттік тілде көрсетіле алмауына байланысты жанжал көтерді. Ол бар әлемге жар салмай, орын алған құқық бұзушылық бойынша сотқа шағымданыуына болушы еді. Алайда оған өзінің құқықтарын қорғау ғана емес, қоғамда серпіліс тудрып, болашақта мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу маңызды болды. Ол өз мақсатына жетті. Айыпты банк жұрт алдында кешірім сұрады, ал басқа банктер осындай оқиғаларды болдырмау мақсатында жедел түрде өздерінің клиенттік саясатын қайта қарай бастады.

       Әлеуметтік хайптың тағы бір мысалы – құрылыс алаңында жас қызды оның жұмыс берушісінің зорлауы туралы оқиға болды. Қыз жәбірлеушісін сотқа берді, бірақ әділеттіліктің орнатылуына қол жеткізе алмаған соң, ол қоғамдық ұйымның көмегімен әлеуметтік желілерде және БАҚ-да жанжал көтерді. Оқиға қоғамның бақылауына ауысқанда құқық қорғау органдары мен сотқа негізсіз шешімдер қабылдау қиынға соқты.

       Ал белсенді азаматтар көтерген хайп президенттің латын әліпбиіннің сөзсіз сәтсіз нұсқасын қабылдаудан бас тартуына түрткі болды. Осындай шу көтерілмегенде, біз қазір апострофпен жазуды үйреніп отырушы едік.

       Саяси хайп жөнінде айтатын болсақ, халық арасында саяси мәселелер бойынша қандай да бір көзқарасты қалыптастыру болып табылады.   Қазақстанда сәтті өткізілген хайптың ең әйгілі мысалы ретінде шетелдерге жерді сатуға қарсы қоғамдық қозғалыс болды. Әлеуметтік желілердегі пікірталастар халықтық митингтерге ұласты және үкіметті осы ойдан бас тартуға мәжбүр етті.

       Хайптарға қалай қарау керек?

       Салқандылықпен.

       Әр хайптың артында біреудің мүддесі тұрғанын түсіну керек. Бұл қалыпты жағдай. Адамдарды өздерінің жеке мүдделері үшін әрекет етеді. Хайппен күресудің қажеті жоқ, керісінше, оны пайдалану керек. Мысалы, мен қыздарды зорлауға болмайтынын, ал жәбірлеушілерді қатаң жазалауды қолдаймын. Сондықтан мен зорланған қыздың атынан шыққан қоғамдық қозғалысты қолдаймын. Кейбіреулер қоғамдық бірлестіктер осылайша өздеріне танымалдылық жинап жатыр деп айтуы мүмкін. Жинай берсін. Біздің мүдделеріміз бір жерден шығып, келеңсіздіктермен күресуге септігін тигізіп жатса, онда неге бізге бір-бірімізді қолдамасқа.

       Тағы да шетел журналисті туралы. Көптеген адамдар оны атаққұмар деп айыптайды. Тамаша! Танымал болғысы келсе, бола берсін. Егер ол өз танымалдылығын қазақстандық қоғамының өзекті мәселелерін әшкерелеу арқылы көтергісі келсе, онда мен оны қолдаймын.

       Біздің өміріміз – тұтас хайп. Хайптың да түрлісі болады. Егер бұл пайдалы хайп болса, оны қолдау керек және оның көмегімен игі мақсаттарға жету керек. Егер бұл зиянды хайп болса, онымен күресудің ең жақсы әдісі – оларды мүлдем елемеу. Хайпқа назар аударылмаса, оның ғұмыры қысқа болады. Себебі хайп нәтижелі болу үшін қоғамның назары мен реакциясы қажеті.

Comments: 0