Қазақ ұлты мәдени дамуының бүгінгі деңгейіне 18 ғасырдың ортасынан бастап орыс мәдениеті мен орыс тіліне араласуының арқасында жетті деген пікір бар. Қазақ зиялыларының барлық білімді өкілдері, техникалық мамандар, жоғары буындағы басшылар өз табыстарына орыс тілінде оқығандықтан ғана жетті, өйткені орыс тілі оларға орасан зор білім дүниесін танып білуге мүмкіндік берді деп саналады. Шынында, қазақ тіліндегі көркем, арнаулы, техникалық әдебиеттің көлемін орыс тіліндегі сол әдебиеттің көлемімен салыстыруға келмейді, себебі орыс тілі көптеген ұлы шығармалардың түпнұсқа тілі болып табылады және қазіргі заманның барлық таңдаулы дүниежүзілік әдебиеті осы тілге аударылған.
Осыған байланысты орыс тілін жете игерген қазақтар басынан бастап өздерінің кәсіби, мансапты, тіпті рухани дамуында ана тілін ғана білетін қазақтармен салыстырғанда орасан зор артықшылыққа ие болады.
Шынында, әлемдік деңгейдегі адамзат руханиятының мүсіншісі болып табылатын Шекспир, Дюма, Гюго, Золя, Достоевскийді оқымаған адамның рухани дамуы туралы не айтуға болады. Ал ана тілін ғана білетін қазақтың осы данышпандардың туындамаларын оқымаған себебі – олар қазақ тіліне аударылмаған.
Осындайды білімнің басқа да салалары туралы айтуға болады.
Қазақ тілін ғана игерген инженердің білімі неміс, ағылшын, орыс инженерінен біршама төмен болады, себебі технологиялардағы таңдаулы жетістіктер неміс, ағылшын, ал бөлігі орыс тілдерінде жазылған. Дүниежүзілік техникалық әдебиеттің көптеген бөлігі қазақ тіліне осы уақытқа дейін әлі аударылмаған. Қазақ тілін ғана игерген маркетолог америкалық немесе орыс әріптестерімен бәсекелесе алмайды, себебі қазақ тілінде тиісті үйретуші әдебиет жоқ немесе өте аз.
Әрине, жинақталған дүниежүзілік білім түріндегі негізге ие болмастан қазақ ғалымдары, әдебиетшілері, инженерлері, маркетологтары өздерінің әріптестерін басып оза алмайды.
Сонымен, қазақ тілінде ғана сөйлейтін қазақтар оңалыстың артында сүйретіліп, бөгделер білімдерінің түйірін тым кеш алуға мәжбүр болып отыр.
Амал қандай?
Көршілес ірі мемлекеттің – Ресейдің мәдени және рухани серігі ретіндегі бағыт бойынша ілгерілеп, өзіміздің азаматтарға білімнің кең шеңберіне қол жеткізуші құрал ретіндегі орыс тілін үйретуді жалғастыра беруге болар еді. Бірақ бұл егемен мемлекеттің даму жолына жатпайды. 250 жылдың барысында Ресейдің Қазақстан үшін ойнаған рөлін мойындай отырып, Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейін ірі көршісінің көлеңкесінде жүріп, оның ықпалында қала беруі жөнсіз екені анық. Қазақстан дүниежүзілік білімге тікелей, орыс тілі сияқты дәнекерсіз қол жеткізуге тиіс.
Ол үшін толып жатқан көркем, техникалық, арнаулы әдебиетті дүниежүзілік тілдерден қазақ тіліне аудару бойынша орасан зор жұмыс жүргізілуі қажет. Ана тілін ғана білетін қазақтарда орыс тілін игерген қазақтар немесе орыстар, немістер, американдықтармен қатар әдебиеттің дүниежүзілік жауһарларын еркін оқу, соңғы ғылыми зерттемелермен танысу, философия мен эзотериканың тереңдігін ұғу, маркетинг және менеджменттің ежелерін үйрену, ең ақырында, әшейін жеңіл, бой жазу үшін детективтер мен әйелдер романын оқу мүмкіндіктері болуға тиіс.
Бұл мемлекеттік маңызы бар зор мәселе, оны еліміздің Үкіметі шешуге тиіс.
COMMENTS