Жақында бір танысым Қазақстанның облыс орталықтарының бірі болып саналатын , өзінің туған жеріне барып қайтты. Онда бір туысы баласының 1 сыныпқа баруын атап өтіп жатқан тойға тап болды. Бұл той емес не мерейтой емес. Жай ғана ұлының мектепке баруы. Бірақ қандай керемет шоу болды десеңізші?! Ұзақ уақыттар бойы шетелде тұрып келе жатқан танысым таң қалды ! Мереке үлкен бірнеше жүздеген адам сиятын алтын күмбезді және монументалды бағаналы тойxанада өтті. Үстелдің үсті дәмді тағамдарға толы, тіпті қол қоятын жері жоқ. Баланы залға алтын әскерлер алтын тақпен алып кіріп, үстіне раушан гүлдің жапырақтарын шашып шомылдырды. Оған арнап өлең айтылып және ақша мен қымбат сыйлықтар беріліп жатты. Бұл ұнады ма , әлде ұнамады ма баланың түрінен мұны байқау қиындау болды. Бірақ ол енді осы ойында. Ол осы атмосфераның ішінде. Ол қазірдің өзінде осылай болуы керек деп санайды, неғұрлым жоғары дәрежеде мектепке алып барса, соғұрлым оның сыныптағы статусы жоғары болады.
Мен біз үшін, жалпы қазақ елі үшін қорқамын.
Біз өзіміздің балаларымызға нені үйретудеміз? Қандай құндылықтарға қол жеткіздік?
Күн сайын осында , Facebook та қазақ понтыларының үстінен күлеміз, ал кешке осындай тойларға барып , топтың ортасында қолдап қошеметтейміз, мерекені ұйымдастырушының қалтасына ақша салып, басынан сипап, оны мадақтаймыз. Біз өзіміз болашақ Үсеновтерді білімімен емес машина , айфон , тоймен бәсекелесетін » алтын жастарды» өсірудеміз.
Қазақтың мақтаншақтығы біз оған қатысуды қоймайынша өзінен өзі өтіп кетіп қалмайды
Қазақтың тойлары
- 10 Шілде 2017 - 03:30
- #дәстүрлер #мәдениет #тарих
Comments: 0
0
0
COMMENTS