Қазақстандық нотариалдық жүйеде қызық жағдайлар орын алуда.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ») «Біріңғай нотариалдық ақпараттық жүйе» («БНАЖ») деп аталатын ақпараттық жүйені құрастырған. БНАЖ елдегі барлық нотариустардың әрекеттері жайлы ақпаратты жинақтайды. Нотариустар басқа нотариустардың әрекеттері және Қазақстанның азаматтары мен ұйымдары жайлы ақпаратты да осы жүйеден алады. Өте ыңғайлы әрі қажет бағдарлама.
Бірақ… БНАЖ жүйесін пайдалану ақылы және барлық нотариустар осы жүйеге қосылуға міндетті. Айлық ақысын төлемесе, Әділет министрлігі нотариустың лицензисын тартып алады. Нәтижесінде мемлекет нотариустарды жеке акционерлік қоғамның қызметін пайдалануға мәжбүрлеп отыр.
Жақсы. Бұл шараны мәліметтерді жинақтау қажеттілігімен түсіндіруге болар еді, бірақ…
Ай сайынғы төлем сомасы 3 600 теңге. Елімізде 4 081 нотариус бар екенін ескерсек, «ҰАТ» АҚ айына 14,7 млн. теңге, жылына – 176,3 млн. теңге, ал жүйе қолданысқа енгізілгеннен бері компания 850 млн. теңге пайда тауып отыр. Бағдарламаны құрастыруға 100-120 млн. теңге кеткенін есепке алсақ, жобаның табыстылығы жаман емес!
Кәсіпкерлер еркін нарықта адал еңбекпен табысқа жетіп жатса, әдетте мен олардың ақшасын санаудан аулақпын. Бірақ бұл жағдай өзгешелеу болып тұр. «ҰАТ» АҚ 100 пайыз мемлекеттік компания болғанмен, акционерлік қоғам деген аты бар. Демек, компанияның табысы тікелей бюджетке түспей, компания иелігінде қалады. Оның қайда жұмсалып жатқанын нақты білмеймін. Мүмкін қымбат офистер, лимузиндер мен бысшылықтың бонустарына жұмсалып жатқан шығар. Бірақ бұл ақшаның ішінде нотариустың қызметіне жүгінген әр азаматтың үлесі бар ғой. Бұл ақша ол жерге біз қалағандықтан емес, нотариустарды мемлекет мәжбүрлегесін ғана түсіп жатыр.
Мұндай жүйе кімге қажет екені түсініксіз.
Шындап келгенде түсінікті, бірақ болжамдарыма ерік беруге асық емеспін.
Меніңше бұл жерде мемлекеттік басқару былайша жүзеге асырылу керек еді: аталған ақпараттық жүйе (жоғарыда жазғандай, негізі жақсы бастама) мемлекетке рас қажет болса, бюджеттен «ҰАТ» қызметін төлеп, жүйені мемлекеттік мекеменің балансына беріп, нотариустардан БНАЖ қызметін қамтамасыз етуге және дамытуға қажет мөлшерде ғана айлық төлем жинап отыру. Немесе мақала авторы ұсынып отырғандай: жүйені өзіндік құны бойынша Нотариалдық палатаға сатып, оны пайдаланудан пайда табуға заңмен тиым салу.
Иә, осылай мемлекет пен жеке бизнестің сырт көзден тасада қалып жатқан жасырын байланыстары, кездейсок сыртқа шығып қалып жатыр.
COMMENTS