Біздің сыныбымызда бір бұзақы және де сотқар бала болғаны есімде. Ол жақсы оқитындарды және белсенділерді ұнатпайтын. Осының салдарынан біз жиі-жиі төбелесетінбіз. Сол кездерде мен ойлайтынмын: «Әй, оны басқа сыныпқа немесе басқа мектепке ауыстырса ғой, қандай тамаша болушы еді». Меніңше, дәп осы менің мәселемді біржолата шешіп тастайтын сияқты болды. Бірақ оны ешқайда ауыстырмады, сондықтан осы мәселемен, өзіме ұнамсыз адамменен қатар өмір сүру амалдарын тауып, тұра бердім.
Кейінірек дәл осындай жағдайлар университете де, әскерде де, мемлекеттік қызметте де қайталана берді. Барлық жерлерде менің ашуымды келтіретін, өзіме ұнамсыз адамдарға тап болып жүрдім. Оларды бір жерге ауыстырғанын, оларды менен әрегірек апарып тастағанын, немесе, блогерлік тілмен айтқандай, «банға» апарып тастағанды қаладым. Бірақ олай бола қоймады, олар да мен сияқты адамдар емес пе. Маған ұнаса да, ұнамаса да, бәрібір олар біздің қоғамымыздың дәл сондай-ақ мүшелері ғой.
Иә, тіпті мен де біреулердің ашуын келтіремін ғой. Біреулер менен де құтылуға асығатын шығар, сірә.
Сондықтан да мен негізінде ешкімді де «банға жібермеймін». Өзіңе ұнамсыздардың бәрін алып тастап, айналаңда тек қана достарыңды қалдырып, оппоненттердің бар екенін мүлде ұмытқан қаншалықты оңай болушы еді. Бірақ өмірде бұлай бола қоймас.
Ақиқат өмірде тұрғаныңды қаласаң, достарыңмен де, тролльдермен де қатар өмір сүруге үйрен.
COMMENTS