Қазақстанның дамуында оппозицияның болмауын ең үлкен кемшілік деп санаймын.
Жасырын емес, радикалдық емес, билік қыспақтаған емес, тек шынайы, өркениетті елдерге тән дәстүрлі мағынасындағы.
Оппозицияның жоқ болғаны елдің бүкіл дамуына әсерін тигізеді.
Ел үшін тағдыршешті шешім қабылдаған кезде оппоненттер болмаған жағдайда теріс шешім қабылдаудың қатері көп есе ұлғайып кетеді. Президент қаншалықты данышпан болса да, корпоративтік байланыстармен біріккен, бір-біріне тағайындалулары үшін міндетті қарыз бола тұрған, бір команданың мүшелері болып отырған министрлер қаншалықты ақылды болса да көптеген құбылыстарға деген көзқарастары толық ақиқатты болуы мүмкін емес.
Шеттен көзқарас қажет. Алаламайтын, қысылып-қымтырылылмаған.
Бұл үшін елде оппозиция болу қажет.
Оның қоғамдаға барлық құбылыстарға деген, әр үрдіске деген, әрбір оқиғаға деген өзінің көзқарасы болу қажет. Үкіметтікінен басқа болғаны жақсы. Ол не үшін керек екен? Президент пен халықта нақтылықтың көрінісі болуы үшін. Екінші тарапты тыңдап алмай, әр бағытта қандай күтпеген кедергілір жасырынып тұрғанын, әр іс-әрекет қандай жағымсыз нәтижелерге апарып соғатынын білудің өзі қиын болар.
Мемлекеттік деңгейде әр ірі шешім көпшілік шайқасының майданында жүргізіліп бейімделуі мінсіз болар.
Мысалы, Ұлыбританияның Премьер-министрі Дэвид Кэмерон олардың елі Еурокеңесте қалуы қажет деп санайды, ал оппозиция тарапынан шығу туралы ұрандарды естиді. Сонда Кэмерон мырза демократиялық елдің үкіметінің басшысы ретінде не істейді екен? Ол алады да, осы сұрақ бойынша референдум жариялайды. Ал осының алдында бүкіл елде көпшілік алдында, билеуші және оппозициялық партиялар «жақтау» мен «қарсы» деген дәлелдерімен алмасқан, өздерінің дұрыстығына халықтың көздерін жеткізген, пікірталастар өткізіледі.
Немесе тағы бір мысал. АҚШ Президенті Обама медициналық сақтандыруға реформа жүргізу қажет деп санайды. Демократиялық елдің Президенті ретінде ол не істейді екен? Бүкіл елде ол осы сұрақты көпшілік алдында талқылалайды, тіпті реформаға үгіт жүргізетін жарнамалық роликке де түседі. Халық оны да, оның оппоненттерін де тыңдайды, ал содан соң өздерінің ұнатқанын көрсетеді.
Елімізде Еуразиялық экономикалық кеңеске кіруіміз туралы, жеке меншік зейнетақылық қорларды жою туралы, олимпиадаларды өткізу туралы, биік таулы кешендерді салу туралы және де басқа туралы шешімдер қалай қабылданғаны туралы айтпаймын да. Біз бәріміз де оны өте жақсы білеміз. Тіпті мен бұл шешімдер дұрыс болмады деп сендірмеймін де. Бәлкім, олар дұрыс та шығар. Бірақ мен не біреуінде, не екіншісінде де сенімді емеспін. Өйткені менің көз алдымда осы сұрақтарды ашық талқылануы болмады. Пікірлер айқасы да болмады. Пікірталастардың барысында мен барлық «жақтау» немесе «қолдамау» дегеннің дәлелдерін естімедім.
Елімізде барлығымыз үшін оппозиция қажет.
Ол үшін не істеуге болады екен?
Бірінші кезекте, біздің барлығымызға сана-сезімімізді ауыстыру қажет. Дүние танудағы радикализмнен айырылуымыз қажет. «Кім бізбен бірге болмаса, яғни, сол бізге қарсы» деген ұраннан бұрылып кетуіміз керек. Пікірлері мүлдем басқа адамдар міндетті түрде сатқындар мен «ел жаулары» емес екенін түсіну қажет. Оларды жек көру, абақтыға отырғызу, партияларын тіркеуге рұқсат бермеу, олардың баспаханаларын өртеп жіберу және тағы басқа қажет емес. «Оппозиционер» деген сөз балағат сөздерге жатпау керек. Шенеуніктер оппозиционерлерден, қара обадан сияқты, жалт бұрылмау және де елдің көзінше қол алысып амандасудан қорқпау керек. Олар да дәл біз барлығымыз сияқты азаматтар. Және де олар үкіметтің ресми ұстанымынан өзгеше болған өздерінің пікірлерін де білдіруге құқылы. Олардың дәлелдерінен біз жеңіле қоймаспыз, тек қана ауқаттанамыз. Басқа бір тұрғыдан тағы бір пікірді, тағы бір көзқарасты біліп қаламыз. Бұл бізге және үкіметке де дұрысырақ шешім қабылдауға жәрдем береді.
Оппозицияны қыспақтамау емес те, қолдап, дамыту қажет. Материалдық та және адамгершілік те жағынан.
Мысалы, Ұлыбританияда «министрлердің қалтарыстағы кабинеті» толық Парламенттің мүшелерінен құрылған және де мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржыландыру алып отырады. Францияда оппозициялық партияны осы республиканың бұрыңғы Президенті Николя Саркози басқарып отыр (оны жойған да жоқ және де ол қуғында емес). АҚШ-да оппозиция елдің Парламентінде де бар, Президент Обаманы үнемі сынға салады және оны сотқа береміз деп сестеніп қояды.
Осы барлық оппозиционерлер қауіпсіздікте, құрмет пен қошеметте өмір сүріп жүр, басқа елдерде жасырынбайды, абақтыларда торықпайды, өздерінің пікірлерін жасырмайды.
Бұдан тек олар емес пайда табатын, бүкіл ел, бүкіл ұлтымыз пайда табады, өйткені әр социумды тек қана бәсекелестік соншалықты дамытады. Тек қана бәсекелестік көптеген идеялардан, шешімдерден, көзқарастардан ең жақсысын таңдап, қоғамды алға бастыруға мүмкіндік бере алады.
COMMENTS