Жеке үнемділік

Еліміздің Президенті ескерткен қиын жағдайлар басталып келеді. Мұнай қымбаттамайды. Ғажапқа деген үміт азайып барады. Тым болмаса, жақын келешекте. Ақшаның жетіспеушілігі анық сезіледі.  

Не істеу қажет?

Бейімдену қажет және жаңа жағдайда өмір сүруге үйрену қажет. Бірдеңені құрбан ету керек, бірдеңеден бас тарту қажет.

Мемлекетке, компанияларға, жанұяға – бәріне.

Әрине, үнемділік туралы ұғымдары әркім үшін  өзінікі.

Мысалы, менің бір жолдасым Жерорта …

Read more
Comments: 0

Делдалдарға қошемет өлең

Біздің қоғамымызда делдал деп аталатындарға жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Оларды бағалардың жоғарлауы үшін, адам айтқысыз және де ақталмаған табыстар үшін және басқа да күнәлар үшін айыптайды.

Мен оларды жақтап бірнеше сөз айтқым келеді. 

Делдал деген кім? Ол өндірушілерден олардың өнімін сатып алатын және де тұтынушыларға оны сататын кәсіпкер. Әдеттегі ауылдық делдал –  ол ауылдарды аралап, ауылдықтардан сүт, ет, жүн, тері және …

Read more
Comments: 0

Дағдылардан тәуелсіздік

Еркіншілікті бәрінен көбірек жақсы көремін және де әлденеге тәуелді болғым келмейді.  

Нашақорлыққа құмар болмау үшін есірткіштерді қолданбаймын. 

Көңіл күйімді көтеру үшін және басыбайлықтан босану үшін ішімдіктерде қажеттілік сезінбеу үшін ішімдіктерді ішпеймін. Онсыз да көңілімді көтере аламын.  

Темекіге тәуелді болмау үшін, осылайша басыбайлықтан босау үшін, мүлдем шылым шекпеймін. Өзімді-өзім иландыруда да темекінің көмегін қажет етпеймін. 

Бірақ жақында құмарлықтың тағы бір …

Read more
Comments: 0

Ырым

Өз басым ешқандай ырымдарға сенбеймін.

Түсінсем бұйырмасын, иығымнан ары қарай түкірілген түкіріктің үш граммы келесі бұрышта менің басыма құлауы тиісті кірпіштің траекториясын қалай өзгерте алады.

Олардың арасында қандай байланыс бар?!

Әлде бос шелектермен келе жатқан әже маған қандай бәле әкелуі мүмкін, егер де мен ол әженің немересі болмасам және менің міндетім құдықтан су алып келу болмаса?

Жалпы, менің ойымша, ырым …

Read more
Comments: 0

Шылым шегу

Мен өзім шылым шекпеймін. Тіпті темекінің түтінін көтермеймін.

Бірақ мен шылымқорларға қарсы емеспін. Мен еркіндік үшінмін.    Егер оларға улану, өзінің өкпелерін ластау, обырға шалығу ұнаса, Құдай үшін. Бұл олардың таңдауы. Бірақ!…

Егер шылымқорлар менің және менің балаларымның қасында шылым шегуге тырысса, мен үзілді-кесілді қарсы шығамын, өйткені біреудің еркіндігін басқан сәтте еркіндік аяқталады. Мені түтінмен уландырып, шылымқор темекіден, яғни иістен, маған …

Read more
Comments: 0

Жаза

  • 6 Қараша 2013 - 01:14
  • Санатталмаған

Жұмыста жазаға тартқанда кейбіреулер басшылықты, әріптестерін, бағыныштыларды кінәлайды.

Мен болсам, барлық бәлелерінде адам өзі кінәлі деп есептеймін.

Егер өте оңды қызметкер болып тұрса, оны жазалаудың мәні қандай?

Егер ынталансаң, жан аямай жұмыс істесең, ал басшылық бағаламаса, өзің кінәлісің. Өзіңнің жұмысыңды көрсете білу қажет.

Егер қастықтың құрбаны болып кетсең, тағы да өзің кінәлісің.  Өмір сүргің келсе – үйіріле біл.

Егер бағыныштылар …

Read more
Comments: 0

Ақша. Даңқ. Билік.

Ақша.

Егер сен қаражат тауып, оны үй, көлік сатып алуға, саяхат жасау үшін еңбек етсең, ең дұрысы сен миллионер болмайсың.  Егер де сен үшін ақша мақсат емес, тек мастандыратын келісімдерді жасайтын, қалалар салатын, жаңа өнім шығарудың және т.б. құрал болса, сен өзіңнің миллионыңа және миллиардыңа апаратын жолдасың.

Даңқ.

Егер сен даңқ туралы армандасаң, егер сен табынушылардың көзқарастарын құмарлана байқасаң, егер …

Read more
Comments: 0

Банктерге деген ұнатпаушылық

Банктерге өздерінің ұнатпаушылықтары туралы мәлімдейтін Фейсбуктегі кейбір достарымды қолдамаймын.

Олардың қарыздары бар банктің сервері жанып кеткенді немесе сынып қалуын армандауға да жетеді.

Мен өзім де ақшаны жиі қарызға беріп, банктің рөлінде болғанмын. Сондықтан саған дос және құтқарушыға сияқты ақша сұрап, көмек сұрап келген, ал соңында, қарызды қайтару кезі келгенде саған қанішерге сияқты қарайтын адамдардың психологиясы мені ылғи да таңғалдыратын.

Бұл …

Read more
Comments: 0

Банктер мен несиелер

Банктерден несиелер алу қажет пе?

Менің ойымша, алу керек.

Неге?

Өйткені несиелерсіз бірде-бір бизнес болуы мүмкін емес.

Жоқ, әрине, алманы сатып алып, оны жуып, қымбатырақ сатып, одан кейін екі алма сатып алып, оларды жуып, сатуға және тағысын тағы жасауға болады. Бірақ бұған бүкіл өмір кетеді. Ал миллиондаған адамдардың бос ақшалары шоғырланған банктердің арқасында орасан жобаларды іске асыруға болады. Осы тұрғыдан …

Read more
Comments: 0

Үнсіз мейірімділік

Біздің айналамызда қанша өте жақсы, мейірімді, адал ниетті адамдар бар!

Бірақ біз бұл түралы ешқашан біле алмаймыз, өйткені олар үндемейді және өздері туралы білдірмейді. 

Олардың балаларының қасында біреулер балағат сөздер айтқанда да үндемейді, 

олардың қасында біреулер әлсіздерге жәбір көрсеткенде де үндемейді, 

олардың көзінше әділетсіздік пен қылмыс жасалғанда да үндемейді. 

Олар үндемейді.

Дегенмен ниеттері мейірімді және инабатты болса керек. Шынында олар …

Read more
Comments: 0