Жақында итальян әйелінен таң қаларлық бір оқиғаны естідім.
Ол 43 жаста. Миланның тұрғылықты тұрғыны. Өзі белсенді, көпшіл адам екен, дүкеннің сатушысы болып жұмыс істейді. Бірнеше тіл біледі. Қандай да бір себептермен тұрмыс құрмады, алайда дидарлы және адекватты әйел. Балалары жоқ. Дұрысырақ айтқанда, балалары болмаған.
Бірнеше жыл бұрын, өзін кәдімгі саналы еуропалықпын деп санап, босқындарға қайырылымдылық көмек көрсете бастады және ерікті ретінде олардың үйлеріне барып жүрді. Сөйтіп ол Сомалиден келген эмигрант отбасымен танысты. Олар нан және сумен ғана тамақтанып, өлмешінің күнін көрді. Сегіз жыл бұрын оларда ұл бала дүниеге келді. Менің танысым, отбасының жағдайы қиын екенін көріп және ұл баланың болашағы күмәнді екенін түсініп, оны асырап алуды ұсынды. Ата-аналары келісімдерін берді. Сонымен ақ нәсілді итальян әйелі өзіне ұлы ретінде үш айлық қара нәсілдік баланы алды.
Еуропада бұл фактпен ешкімді таң қалдыруға болмайтынын айтып өту керек. Мен көшелерде балаларының нәсілдері басқа болатын отбасыларды жиі кездестіремін. Ақ нәсілді ата-аналарды азиялық немесе қара нәсілді балалармен, ал кейде – өзінің балаларымен қоса, басқа ұлт өкілінің балаларын асырап алған отбасыларды көремін. Осыған байланысты Еуропада, әсіресе оның солтүстік және батыс бөлігінде өте либералдық көзқарастар орын алған.
Бұл оқиғада мені басқа нәрсе таң қалдырды. Менің танысым баланы асырап алған күннен бастап, одан оның шынайы ата-анасын жасырмады. Қазір ол сегіз жасында және әр демалыс күндерін ата-аналарының үйінде өткізеді. Сондай-ақ, олар көршілес көшеде тұрады.
– Қалайша өз баласын басқа біреумен бөлісуге болады? – деп, таң қалдым мен.
– Ол зат па, әлде менің меншігім ба? – деп менің танысым да осындай сұрағыма таң қалып жауап берді. – Ол ең алдымен тұлға. Оның өзі туралы барлығын білуге және өз өмірін жасауға құқығы бар. Ер жеткенде, ол барлығын да түсінеді. Қазірдің өзінде, сегіз жасында ол барлығын түсініп жатыр және осындай жағдайға дұрыс қарайды.
–Кімді ол сонда анасы деп атайды?
–Мені – деп мақтанышпен жауап берді, ал оның көздері қуанышқа толы болды.
Мені жеке бұл оқиға қатты таң қалдырды. Біздегі асырап алу тәжірибесін еске түсірсем, жетім балалардың шынайы ата-аналары туралы мәліметтерді қатаң түрде құпияда сақтауы; баланың өзін асыранды екенін білгенде, қасіреттің туындауы, асырап алған балалар үшін шынайы және асырап алған ата-аналардың арасында ұрыс-керістердің болуы сияқты жағдайлар орын алады.
Өзінің асыранды баласын жоғалтып алмау үшін, оның сезімдеріне сенім артып, оған барлығын білуге рұқсат ету үшін бұл адамда бостандықтың және сараңдық еместік сезімнің дәрежесі қандай болуы керек.
Осындай әрекетке бара алатыныма өзім де сенімді емеспін.
COMMENTS