Шахмат – өте жақсы ойын. Сонымен қоса, ол оппозиттік ойлауды, яғни қарсыластың атынан ойлауды үйретеді. Жақсы шахматшы ешқашан жай әншейін жүрмейді. Ол өзі үшін және қарсыласы үшін көптеген жүрісті алдын-ала ойлап алады. Ол ойша өзін оппоненттің орнына қояды және өзінің жүрісіне жақсы жауап табуға тырысады. Содан кейін ойша өзінің орнына қайтып келеді және қарсыластың жүрісіне қайтадан ең қолайлы жауапты табуға тырысады. Осылайша әр жүріске бірнеше нұсқалар табылады. Осыдан алдын-ала дайындалған бірнеше жүрістер болады. Бұл өте қиын. Бұл мидың бірнеше есе күшті жұмыс істеуіне түрткі болады. Алайда бұл жүзеге асады.
Ал өмірде ше? Өмірде біз бірнеше жүрісті алдын-ала ойлауды өз мойнымызға жиі аламыз ба?
Кезекте тұрғанда бізді біреу итеріп жіберді. Осыған біздің ең басты реакциямыз келесідей болады: жауап қайтару мақсатында адамды итеру немесе оған сөгіс сөздерін айту. Бірақ бұл көріністі ойша бірнеше жүріске алдын-ала қарастыратын болсақ, онда осы жағдайдың болашағын көре аламыз. Бұл адам бізді одан да қатты итереді, сонда біз төбелесті бастаймыз, мүмкін біз қарсыласымыздан мықты болып шығамыз, бірақ кейіннен бізге осындай орын алған тұрмыстық жағдай үшін ұят болады.
Келесі нұсқа: бұл жағдай төбелеске дейін бармайды, бірақ екеуміз көзбе-көз кездесуден қорқатын, балағатталған және бір-бірін жек көретін күйде тұрамыз. Кезектен ызалы болып шығамыз және бұл ызаны біреуге қайтаруға дайын тұрамыз.
Үшінші нұсқа: бізді итерген адамға күтпеген жерден күлімсіреп қараймыз және одан кешірім сұраймыз. Бұл адам абыржып қалады. Ол өзін кінәлі болып сезініп, өзі кешірім сұрай бастайды. Біз бір-бірімізге күлімсіреп қараймыз да кезектен дос сияқты болып шығамыз.
Шахматшының басында барлық осы нұсқалар жылдам өте шығады. Кейде, бұл жүрістер алдын- ала үйде жасалған дайындама ретінде дайын нәтижелер түрінде болады. Сонда ол ең жақсы нұсқаны таңдап алады.
Ал алдын-ала ойланғысы келмейтін басқа адамдар ше: «Содан кейін не болады? Бұл жағдай немен аяқталады?»
Олар жауап қайтару мақсатында қарсыласын итереді және қайтадан жеңіліп қалады.
COMMENTS