Спортта, әр айрықша жағдайда сияқты, адамдардың түйірі танылады. Адам қандай екенін білгіңіз келсе, оны футбол алаңында немесе хоккей кортында байқап көріңіз.
Егер де ол білдіртпей аяқпен шалып қалса, ережелерді бұзғанын мойындамаса, төрешімен ұзақ дауласса, команда бойынша серіктестерін жасаған қателері үшін кінәласа, онда осындай адаммен бірге барлауға шықпаңыз деп кеңес берер едім. Күнделікті өмірде ол ұсақшыл, өкпешіл және де пиғылды адам шығар.
Егер адам игілікті ойнаса, құлап қалған серіктесіне, тіпті қарсыласына да қол берсе, команда бойынша серіктестерінің намысына тимесе, ол өмірде де аса мейірімді, ашық, адал адам екені сөзсіз. Осындайлармен мен спорт алаңынан тыс жерлерде де достасар едім.
COMMENTS