Облыстық орталықтарда соңғы жылдары мини-футбол, хоккей, баскетбол және т.б. үшін спорт алаңдары белсенді салынып жүр.
Бұл қымбат ғимараттар ең соңғы қазіргі стандарттарға сәйкес салынады.
Әрине, бұл қала тұрғындарын өте қуантады, өйткені одан сайын көп адамдар спортпен шұғылдана бастайды.
Сонымен қатар, бұл мәселе туралы ойланып қалу қажет: жоғарыда көрсетілген спорт объектілері қалалық бюджеттің есебінен немесе демеушілердің қаражаты есебінен салынған. Салынып, пайдалануға берілгеннен кейін олар әдеттегідей «Энергетика мен коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің балансына түседі. Сонымен бірге, менің білуімше, осы мекеменің сметасында спорт объектілерін қамсыздандыру үшін қаражат қарастырылмаған.
Осыған орай жаңа әсем және қымбат құнды спорт ғимартаттары абыл-сабыл, ұйымдаспай пайдаланады. Бұнда кім ертерек келсе, сол ойнайды. Егер ересектеу балалар келсе, олар кішкентайларды құып жібереді және т.б. . Бұл алаңдарды бос уақытта және түнде ешкім күзетпейді. Осының бәрі спорт алаңдарының жағдайының төмендеуіне және олардың бүлінуіне (қоршау тордың сынуына, жарық беретін шамдардың қирауына, көк жабынның жыртылуына және т.б.) апарып соғады.
Осы мәселенің шешімі спорт объектілерін ашық конкурстар арқылы сенімгерлікпен басқарушылыққа берілуде болар.
Сенімгерлік басқарушылар объектілердің жөнделген күйде болуына және күндізгі уақытта балалар алаңдарды ақысыз пайдалануды қамсыздандыру міндетін өздеріне алу қажет.
Сонымен бірге сенімгерлік басқарушылардың кешкі уақытта осы алаңдарды ересек адамдарға жалға беруде ерекше мүдделері болу керек. Ал қалаларда осындай спорт әуесқойлары аз емес. Олардың бәрі де, алаң бос деп үміттеніп бос келмей, жаттығу үшін белгіленген уақыттары болғанды қалайды. Кешкі уақытта алаңдарды жалға беруден түскен табыстар, сөзсіз, сенімгерлік басқарушыларға алаңдарды қамтуға шығындарын өтеуге жеткілікті болар.
Осындай шешімді қабылдағаннан кейін қалалардағы барлық спорт алаңдарында олардың жұмыс қалпын ұзақ уақытқа созатын, онда қоғамдық тәртіпті қамтитын және де олардың жұмысын реттейтін жеке иелері пайда болады.
COMMENTS